Материалдар / Ашық оқу қызметі "Торғай" балабақша, ортаңғы топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық оқу қызметі "Торғай" балабақша, ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық оқу қызметі флипчарт сабақ түрінде ұйымдастырылған. Лэпбук тапсырмалары арқылы оқу қызметінің барысы айқындалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2019
3839
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Балдырған» бөбекжай-бақшасы









Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Торғай»

Тобы: «Күншуақ» ортаңғы тобы






Музыка жетекшісі: Т.Мантекова














Сарқан қаласы, 2019 жыл

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары


Күні: 13.02.2019 жыл Тобы: «Күншуақ» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Торғай»

Мақсаты: Тыңдауды қимыл көрсету арқылы сүйемелдей отырып, музыкалық бейне мен қимыл тәжірибесінің арақатынасын анықтауды үйрету. Музыканың сипатына сәйкес қимылдарды өздігінен ауыстыра отырып орындау, жуан және жіңішке дыбыстарды ажырату дағдыларын қалыптастыру. Құстардың қимылдарын сала, дауыстарынан ажырата білу қабілеттерін дамыту. Қамқоршылыққа тәрбиелеу.

Үштұғырлы компанент: торғай-воробей - sparrow, мысық-кошка -cat, құстар-птицы - birds

Қолданилатын көрнекі құралдар мен материалдар: интербелсенді тақта, музыкалық аспаптар мен орталық, «Құстар тапсырмалары» лэпбугі


БАРЫСЫ:


ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:

Балалар залға әдемі әуенмен кіреді, үш тілде амандасады.

Амандасу әні.


Тақтадан шиқылдаған құстардың дауысы естіледі.

  • Балалар ненің даусы естиікші.

  • Құстардың.

  • Қазір жылдың қай мезгілі? Ауа райы қандай?

  • Қыс мезгілінде қандай құстар қалыпты екен?

  • Суыққа шыдамды құстар қалыпты. (қыстап қалатын құстар суреттері)

  • Ал, қалған құстар қайда?

  • Дұрыс айтасыңдар, олар жылы жаққа ұшып кетті. Оларды “Жыл құстары” деп атаймыз.


  • Біздің компазиторлар осы құстарға да арнап көптеген әндер жазған Солардың бірі торғайға арнап жазған ән Бота Бейсенованың әні «Торғай»

  • Ендеше Әли мен Айяның орындауындағы «Торғай» әнін тыңдайық.


МАТИВАЦИЯЛЫҚ- ҚОЗҒАУШЫЛЫҚ:

Ән тыңдау: «Торғай» әні: Бота Бейсенова

Әнді сұрақ-жауап арқылы талдау:

  • Әнде не туралы айтылған ?

  • Әннің көңіл-күйі қандай?

  • Әннің екпіні қандай?


Тосын сәт: Тақтадан торғайдың сөйлеп тұрған суреті шығады.

  • Балалар, мынау қай құс ? /торғай

  • Балалар, торғай бізге бірдеңе айтқысы келіп тұр екен. Хаты да бар екен өзінің.

Торғайдың дауысы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен туралы әнді естіп осы жаққа келдім, оны кім айтып жатыр екен ?

Балалар: Әли мен Ая

Торғайдың дауысы: Оларға көп рахмет. Ал сендер маған арнап ән айтып бере аласыңдар ма?/Иә

  • Балалар, біз Торғайжанға арнап ән үйренейік те орындап берейік. Мүмкін торғай бізге рахметін айтып сыйлық берер.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ – ІЗДЕНІСТІК:


Ән үйрену: «Торғай» Әні: Әліби Әбдінұров / мнемосхема арқылы

1.Болар деп ол қыс қатты

Жылы жаққа ұшпапты

Бәлкім жылы ұясын

Жерұйыққа ұқсатты.


2.Ұшып –қонып жүреді,

Туған жерін сүйеді.

Өзі титтей болғанмен

Үлкен екен жүрегі.

Тақтадан тағы да торғайдың шиқылдаған дауысы шығады.

Балалар, бізге Торғайжанның досы кеп қалыпты. Өзі бізге хат әкеліпті.

Хатты ашып оқу:

«Сәлеметсіңдер ме! Біз Торғайжанның достарымыз, біздің ұямызды мысық бұзайын деп жатыр, өздеріңнен көмек сұрап осы хатты жіберіп отырмыз. Мысықтың көңілін аулап, беріңдерші. Ол сиқырлы кітапша тауып алып соның ішіндегі тапсырмаларды орындай алмағандықтан бізге ашуын шығарып жатыр. Кітапшасының тапсырмаларын орындап бере аласыңдар ма?».


  • Балалар, Торғайжанның досына көмектесеміз бе? /Ия

  • Мысықтың орындай алмай жатқан тапсырмаларын орындап берейік ендеше.


Музыкалық-дидактикалық ойын: «Жуан және жіңішке дыбыстар»


Тақтадан мысықтың торғайларға тиісіп жатқан суреті көрінеді.

  • Балалар, мысық әлі Торғайжанның достарына тиісіп жатыр екен. Мүмкін оған ойнайтын дос керек шығар. Бәріміз мысықпен дос болып бірге билейікші.

Ырғақты қимыл-қозғалыс: «Мысық»


Тақтадан Торғайжанның достарымен бірге ойнап жем жеп жүрген суреті шығады.

  • Балалар, Торғайжан бізге не айтқысы келіп тұр екен, қане тыңдайық!

Торғайжанның дауысы: Балалар, сендерге көп рахмет, маған арнап керемет ән орындап бердіңдер, және достарымды мысықтан құтқардыңдар. Енді мен достарыммен ойнайын. Сендерге сыйлығымды беріп жіберемін, соны алып ойнайсыңдар! Сау болыңдар!


ҚОРЫТЫНДЫ:

  • Үштұғырлы компанент: торғай-воробей - sparrow, мысық-кошка -cat, құстар-птицы – birds

Тақтадан есікті тоқылдатқан дыбыс шығады.

  • Балалар, кім келіп тұр екен көрейікші. (есіктен тасымалдаушы келеді, қорапша әкеп беріп шығып кетеді)

  • Балалар Торғайжанға рахмет айтайық, ол бізге сыйлық тастап кетіпті. Ішінде не бар екенін көрейік. (ұрмалы аспаптар)

  • Торғайға арнап үйренген әнімізді аспаптармен сүйемелдеп айтайық.

Ән айту: «Торғай» әні: Әліби Әбдінұров

  • Балалар, бүгін бізге нелер қонаққа келді?

  • Оларды үш тілде атайықшы


Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа! - деп, бүгінгі оқу қызметін аяқтаймыз.

Қоштасу әні

Балалар қоштасып топиарына құс болып ұшып қайтады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!