Ашық оқу қызметі "Ү дыбысы" мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық оқу қызметі "Ү дыбысы" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық топтарына арналған сауаташудан ашық оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ү дыбысы және әріпі.

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу қызмет: Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: Ү дыбысы және әріпі.

Мақсаты: ү дыбысы мен әрпін таныту. Сөзге буындық ,дыбыстық талдау жасату.Үдыбысына қатысты жаңа сөздер ойлап тапқызу арқылы балалардың ой- өрісін, тілін дамыту. Ү дыбысының әріп элементтерін, ү әрпін дұрыс жазуға,есте сақтауға үйрету.Сауаттылыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын.

Көрнекілігі:тірек сызба, кеспе әріптер, суреттер.

Сөздік.: үзеңгі,үтік

Билингвалді компонент: үйрек-утка, үкі-филин,үй-дом,түлкі-лиса.

Сабақ барысы.:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Үлкендерден үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Ой қозғау:

-Балалар, дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс дегеніміз не?

-Дауысты дыбысты қандай текшемен бояймыз?

-Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

-Дауыссыз дыбысты қандай текшемен бояймыз?

-Өткен оқу қызметінде қандай әріппен таныстық?

-Ө дыбысы қандай дыбыс екен?

-Жіңішке дауысты дыбыс екен.Ө дыбысынан басталатын сөздерге мысал ойлап табыңдаршы

-Ал ендеше балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын,мұқият тыңдап, шешуін табыңдар:

«Үйрек» десе-- бірінші,

«Бүйрек» десе,-- екінші.

Бұл қай дыбыс екенін,

Біреу айтып берсінші?

Кім тапқыр?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл «Ү»дыбысы.біз бүгін ү дыбысымен және әріпімен танысамыз.

Ү дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Ү дауысты дыбыс.Үдыбысы айтылғанда ерін алға созылып,тіл астыңғы тістің артнда тұрады да, дыбыс кедергісіз,созылып айтылады.жіңішке дауысты дыбыс.Үдыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.Сөздің соңында кездеспейді.Ү дыбысы өз алдына жеке дара буын бола алады.Мысалы; ү-кі,Ү-міт,ү-зең-гі.

- Балаларға ү дыбысынан басталатын және ү дыбысы кездесетін сөздерді ойлап тапқызу. Көрнекіліктерді қолдана отырып ү дыбысына мысал келтіру.Келтірген мысалдарын буынға бөлдіру.

Қыз бала мен ұл баланың суретін тақтаға іліп ,оларға ү дыбысынан басталатын есім ойлап тақызу.

Тіл ұстарту:

Үн-үн-үн, ысттық күн.

Үз-үз-үз, жаңбырлы күз.

Гү –гү ,гүлім, гү—гү, гүріл

Ү-ү-ү, үкі, тү—тү—тү,түлкі.

Сергіту сәті:

Жел улейді—у-у-у

Құйын келіп билейді: зу-зу-зу

Қатты-қатты жел соқты:гу-гу-гу

Жапырақтар қол соқты.ду-ду-ду

Шыдай алмай жапырақ:ах-ах-ах

Билей кетті қалтырап:пах+пах+пах

-Ал енді балалар,мен сендерге ішінде бір дыбыс жасырынған жұмбақ айтайын,қане,мұқият тыңдап,қандай дыбыс жасырынып тұрғанын табыңдар:

Күнде бар,

Айда жоқ.

Түнде бар,

Таңда жоқ.

-Жарайсыңдар,бұл ү дыбысы екен.Ал тағы бір жұмбақ жасырайын:

Айдыннан шалқыған,

Телпек көрдім қалқыған.(үйрек)

-Дұрыс,бұл үйрек.Енді осы үйрек деген сөзге дыбыстық талдау жасайық.Ү-жіңішке дауысты дыбыс,й-дауыссыз дыбыс,р-дауыссыз дыбыс,е-дауысты дыбыс,к-дауыссыз дыбыс.Тағы бірнеше үш және төрт дыбыстан тұратын сөзге дыбыстық талдау жасату.

Ойын:»Атауында ү дыбысы кездесетін жануарларды ата»

Шарты:берілген суреттерден атауында ү дыбысы кездесетін затты атау.

Ойын:»Кім тапқыр»

Шарты:берілген кеспе суреттерден ү дыбысы кездесетін суреттерді тауып тақтаға ілу.

Тақтадағы ілінген суреттердің атауындағы сөзді қатыстырып сөйлем құрастырғызу.

-балалар,кеспе суреттердің ішінде әдемі үйдің суреті бар екен.Біз өзіміз тұратын әдемі үйіміз туралы тамаша тақпақ жаттап алайық:

«Ү» деген ол үйіміз,

Баспанамыз,біліңіз.

Асығамыз жеткенше,

Үйсіз болмас күйіміз.

Ү ү дыбысының әріп таңбасымен таныстыру.Ауаға ,құмға жазу,қолдарымен ү дыбысын жасап көрсету.

Дәптермен жұмыс:

-Бүгін біз Ү дыбысымен таныстық, енді дәптерімізге Үдыбысын таңбалап жазайық.

Ү дыбысының үзік сызықпен жазылған үлгісін бастырып жазу.

Дәпермен жұмыс барысында балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Қорытындылау.:

--Балалар,біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Үдыбысы қандай дыбыс екен?

-Балалар, бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.Сендерге үлкен рахмет!

Балаларды мадақтап бесжұлдыздар таратып беру.Белсенді қатысқан балаларды атап өту.







Өткізген:----------О.Қалбабаева

Тексерген:----------А.Досжан

Өтілген күні.:28.04.2021ж









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2021
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі