Авторы: Түйдекен Дана Талғатқызы
Абай облысы.Аягөз каласының «А.Шах»ЖШС- не қарасты
«Айым жеке меншік мектеп- балабақшасы»
Ғарыш әлемінде
Тәрбиеші:- Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?
Балалар:-Жер - біздің
тұрып жатқан мекеніміз, ортақ үйіміз.
Тәрбиеші:Ал жоғарыда
біздің үстімізде не бар?
- Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер
ме?
- Сендерге ұнай ма?
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші:Маған да ұнайды.Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты. Қалай ойлайсыңдар жұлдыз деген не? Олар неге ұқсайды? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар, біз жұлдыздарға қарағанда олар кішкентай ұсақ болып көрінеді. Өйткені олар өте биік жоғарыда орналасқан. Жарайсыңдар!
(Есік қағылып, хат
тасушы хат әкеліп береді)
Жұмбақтар:
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (Зымыран)
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар
балалар!Олай болса балалар зымыран, күн, жұлдыз, ай барлығы қайда
орналасқан?
Балалар:Аспан
әлемінде.
Тәрбиеші: Балалар.бүгінгі
біздің сабағымыз өте қызықты болмақ,өйткені біз аспан әлемі,ғарыш
туралы әңгімелесетін боламыз. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Ғарыш
деп аталады екен, Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен
зерттеп болған жоқ. Ғарыш әлемінде көптеген ғаламшарлар бар.
Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран,
Нептун, Плутон. (суреттері
көрсетіледі)
-Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар да бар. Мына жұлдыз — Жетіқарақшы деп аталады. Ал мына жұлдыз-Темірқазық.Ал ең улкен жұлдыз-Күн.Күн- ғарыштың жүрегі,біздің планетамыздың жылу көзі.
(суреттрі көрсетіледі)
Тәрбиеші:Ал ғарышқа кімдер ұшады?
Балалар:Ғарышкер
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, балалар!Ғарыш әлеміне ұшатын, оны зерттейтін адамдарды ғарышкер дейміз. Мына суретте ең алғаш ғарышқа ұшқан адам. Ол Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин.Ол 1961 жылы 12 сәуірде алғаш ғарышқа ұшты. Сол күннен бастап 12 сәуір «Ғарышкерлер күні» деп аталады. Осы ұзақ уақыт ішінде ғарышкерлер ғарышқа ұшып, көптеген зерттеулер жасады. Солардың ішінде біздің қазақ еліміздің ғарышкерлері де бар.Ғарышқа ұшқан қазақ батыр ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев.Біздің Талдықорған қаласының,Өтенай ауылының тұрғыны,жерлесіміз Айдын Айымбетов ағамыз да Қазақстан ғарышкері,халық қаһарманы.
(суреттері көрсетіледі)
-Балалар,қане осы ғарышкер ағаларымыз туралы қандай тақпақтар білеміз?
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар!Ғарышкер болу үшін қандай болу
керек?
Балалар:Денсаулығы
мықты,өзі батыл, әрі білімді болуы керек.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,балалар!
«Ұшты-ұшты»ойыны
Тәрбиеші:Балалар,ғарышқа ұшу үшін қандай көлік керек?
Балалар:Зымыран
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, «зымыран» қажет.Зымыран
ұшатын жерді «ғарыш айлағы» деп атайды. Ғарыш айлағы біздің
Қазақстанда Байқоңыр қаласында орналасқан. Барлық зымырандар осы
қалада орналасқан ғарыш айлағынан
ұшады.Балалар сендер қалай ойлайсыңдар,
ғарышкер ғарышта жүргенде зымыран ішінен шығады ма?(балалардың
жауабы)
Тәрбиеші:-Иә шығады,
өйткені олар жұмыстарын жасайды, зерттейді, әр түрлі планетаны
зерттеп ашық аспанда жүреді.Бірақ балалар аспанда ауа жоқ, өте
ыстық, ал ғарышкерлерге скафандр деген киім көмектеседі, арнайы
ауасы бар, ыстықтан қорғайтын киім.Мына суретте ғарыштағы адам,ол
үстіне арнайы киім скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа
жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай
арнайы киіммен ғана жүруге болады. (суреті
көрсетіледі)
-Балалар
ғарышкерлер ғарышта ұзақ жүреді, ал олар қалай тамақтанады, не
жейді, от жағып пісіре ме?(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Ғарышкерлерге әдейі арналған зымыранмен
тамақ әкелінеді, тамақ оларға жабық түрде, езілген түрде, тіс
пастасының қорабы сияқты қорапта беріледі, шай, суда солай
әкелінеді, соны сығып жейді.
Дидактикалық ойын: «Жұлдызды аспан әлемі»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанда болатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Шығармашылық жұмыс.Балалар майшам мен субояқты қолдану арқылы ғарыш әлемін салу.
Қорытындылау.
Сұрақ-жауап арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін пысықтау.
-Ғарышкер деген кім?
-Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
-Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
-Қазақ елінен ұшқан ғарышкерлер кімдер?
-Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
-Неге арнайы киім киеді?
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Ғарыш әлеміне жасаған алғашқы сапар, ғарыш алаңы
Байқоңыр, зымыран, қазақтың тұңғыш ғарышкерлері, ғарышкерлердің
киімі туралы;
Нені түсінеді: Ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан орыс азаматы Ю.Гагарин,
қазақтың тұңғыш ғарышкерлері Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы
мәліметтерді;
Нені меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы зымыранмен ұшатындығын,
олардың арнайы киімдерінің болатындығын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабак. Ғарыш әлемінде

шағым қалдыра аласыз