Ашық сабак Сүйікті қаламыз 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабак Сүйікті қаламыз 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сүйікті қаласы туралы мәлімет беруге, септіктерді, оның ішінде ілік септігін қолдануды үйреніп, заттардың кімге тиесілі екенін түсіндіре алады. Сөйлемді дұрыс құрастыру мен сұрақты дұрыс қоя алуға дағдыланады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Cабақ

Қазақ тілі

17 Лермонтов атындағы жалпы орта мектеп



Күні: 22.09.2020


Мұғалімнің есімі: Джанбиршаева.С.У


Сынып: 4 «Г»


Қатысқандар саны:24


Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сүйікті қаламыз 

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Сүйікті қаласы туралы мәлімет беруге, септіктерді, оның ішінде ілік септігін қолдануды үйреніп, заттардың кімге тиесілі екенін түсіндіре алады. Сөйлемді дұрыс құрастыру мен сұрақты дұрыс қоя алуға дағдыланады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жаңа сөздермен таныса отырып сөйлем құрайды, сұраққа жауап беру арқылы тілдері дамиды.

Оқушылардың басым бөлігі: Жаңа сөздерді есте сақтайды.

Кейбір оқушылар: ілік септігін дұрыс жалғай біледі


Тілдік мақсат

Тілді терең меңгеру


Критерий

1. жеке тапсырмаларды өз бетінше орындай алады

2. сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

3. септік жалғауларын дұрыс табады.

Алдыңғы оқу


Бөлмедегі заттар


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төмендегі жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелер жазылады.)

Ресурстар

Басталуы



Сөздікпен жұмыс. Оқушылар жаңа сөздерді «Сәйкестендіру» әдісі арқылы меңгереді. Жаңа сөздерді суреттермен сәйкестендіреді.

Мейрамхана - ресторан

Аялдама - остоновка

Қонақ үй – гостиница

Көлік тұрағы - порковка

Алаң – площадь

Спорт сарайы – спортивный комплекс

Сауда үйі – торговый центр

Дәмхана –кафе /3-мин/


  • Жаңа сөздермен танысып болсақ, енді қала ішіне саяхатымызды бастайық.

Сабақ оқушылардың қызығушылын тудыру мен жаңа сөздерді толықтай меңгеру үшін «Қалаға саяхат» әдісі қолданылады. Саяхаттап баратын жерлер көрсетіледі. Онда қандайда бір тапсырмалар күтіп тұрады.


дәмхана>спорт сарайы >кітапхана>алаң


Дәмханаға келдік, мұнда мынандай тапсырма дайын тұр екен.



Айтылым. «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

2-тапсырма. Берілгенді оқы олармен сөйлем құра.

Мейрамхананың іші /просторно/

Сауда үйінің алды... /не свободно/

Спорт сарайының арты... /закрыто/

Көлік тұрағының қасы.../свободно/

Алаңның айналасы.../ красивый/

Қонақ үйдің жаны.../ полно/ /5 мин/



Спорт сарайына қош келдік. Мұндағы тапсырмаға назар аударсақ.

«Ойлан» айдары. 3-тапсырма. Құраған сөйлемдердің ішінен кімнің? Ненің? Сұрақтарына жауап беретінт сөздерді тап

Үлгі:Мейрамхананың іші өте кең. /3 мин/


Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар «кімнің?/ненің?» сұрағына жауап беріп, сабақтың грамматикалық мақсатына ауысады.












Интербелсенді тақта, кітап, слайд


Ортасы


Кітапханаға да келіп қалдық. Мұнда біз өзімізге пайдалы ақпараттар аламыз. Ендеше мұқият болайық.

Тыңдалым. «Есте сақта!»

І лік септігінің «Кімнің? Ненің?» жалғауларын қолданыс тұрғыдан меңгерту. «Кімнің?» сұрағы адамға қатысты атауларға, Ненің? сұрағы басқа заттарға қойылады. /5 мин/



Соңғы аялдамамыз алаңға да келіп жеттік. Мұндағы берілген тапсырмағв назар аударсақ.


Жазылым және Оқылым.

«Адасқан қосымша» әдісі.


Сенің үйің.. қасында ескерткіш бар. Бұл мейрамхана... бөлмелері өте кең. Әлидің көлігі қонақүй.. алдында тұр. Орталық сабақ... ішінде адам көп. /5 мин/


-нің, ның, -дің, -тың








Соңы


Өзін-өзі бағалау: «Бес сұрақты тест» тәсілі.

Слайдта бес сұрақтан тұратын, үш жауаты тест беріледі, оқушы дұрыс деп тапқан жауабын таңдап болған соң, мұғалім дұрыс нұсқасын көрсетеді. Оқушы өзін-өзі тексереді. /5 мин/


Рефлексия.

Әдісі: «Бас бармақ». Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Түсінікті

Бас бармақ көлденең тұрса = түсінгендеймін.

Бас бармақ төмен қарап тұрса = түсінбедім.

Үй тасырмасы: 35 беттегі 5 тапсырма



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2020
3891
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі