400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Суыту жүйесі туралы мағұлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алмасаева Гулмира Абдилдаевна

Авто ісі үйірме жетекшісі

«Техникалық шығармашылық орталығы»КМҚК

Жамбыл облысы,Шу ауданы



Сабақтын тақырыбы: Суыту жүйесі. Суыту жүйесінің приборларының құрылымы мен

жұмысы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға суыту жүйесімен және оның приборларының

атқаратын жұмысымен таныстыру.

1. Білімділік Техникаға қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін дамыту

2. Дамытушылық алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, дамыту.

3. Тәрбиелік Оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақты әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз ету. Плакаттар, суыту жүйесінің

бөлшектері , интерактивті тақта,видео көрсетілім.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Жұмыс орынын, тақтаны сабаққа дайындау;

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

3. Арнаулы киімін тексеру;


ІІ. Тірек білімді қайталау Суыту жүйесі.Іштен жану қозғалтқыштарының жылулық

балансы

ІІІ. Қауіпсіздік ережесі Қауіпсіздік ережесін қайталу


ІҮ. Жаңа сабақты меңгеру.


1.сабақ Суыту жүйесі .


2.сабақ Суыту жүйесінің приборларының құрылымы мен жұмысы


Ү. Жаңа сабақты бекіту : Жаңа сабақты қайталау сұрақтары арқылы бекіту


1.Суыту жүйесі қандай қызмет атқарады?

2. Суыту жүйесінің құрылымы?

3. Салқындату жүйесінің түрлері?

VІ.Зертханалық-сарамандық жұмыс:

___________________________________________________________________________

ҮІІ.Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау, бағалау, үй тапсырмасы

конспект.


VIII. Жұмыс орнын реттеу: Сабақта қолданылған көрнекіліктерді орнына жинастыру






Автокөліктердің салқындату жүйесі.

Сыту жүйесі- қозғалтқыштың бірқалыпты температурасын ұстап тұру қызметін атқарады(85-90 %)

Суыту жүйесінің түрлері:

1.Сұйық заттармен суыту;

2. Ауамен салқындату жүйесі;

Қозғалтқышта қолданылатын сұйықтық түрлері:


Салқындатқыш сұйықтығы ретінде суды немесе оның этиленгликолды қоспасы – антифриздер ,тосол қолданылады.Олар төменгі температурада көп қолданылады. Антифриздер ,тосол ұлы химиялық заттарға жатады.Ол асқазан мен ішекке түссе уландырады. Бұл сұйықтықты резеңке қолғапсыз құюға, шлангіге ауызбен соруға және де онымен жұмыс істеген кезде темекі тартуға ,тамақ ішуге мүлде болмайды.

Н2О су. Су өздігінен жұмсақ, қатты және өте қатты суларға бөлінеді.

Жұмсақ суларға артезан сулары мен жауын сулары жатады.

Қатты суларға құдықтан алынған сулар жатады.

Қозғалтқышқа қатты сулар қолдануға болмайды.қайнатылған немесе арнайы сулар қолданылады.

Судың кермектілігіне қарай 10-20 г.үшнатрий фосфатты немесе стерильді соданы 10 л ыстық суға ерітеді. (Na3PO4)

Су- 100% қайнайды, 0 % қатады.

Суыту жүйесі- қызған бөлшектерді суыту үшін қажет. Іштен жанатын қозғалтқыштарда артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде суыту арқылы жүзеге асырады.

Сонымен суыту жүйесінің негізгі қызметі, ол қозғалтқыштың қызған бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады, яғни қозғалтқыштың қызған бөлшектерінен сыртқа жылу тасмалдайтын қондырғы болуы қажет.


Ауамен салқындатылатын қозғалтқыштарда бөлшектердің қызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына роторлы желдеткіш ауа үрлейді. Желдеткіш ротардан тұрады, оның көп санды қалақшасымен қозғалмайтын бағыттаушысы бар. Желдеткіш ротордың айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты түрде реттейді.Осы мақсатта гидродинамикалық муфта қолданылады. Қозғалтқыш температурасы неғұрлым жоғары болса, гидромуфтаға май соғұрлым көп құйылады, әрі желдеткіш роторы да аса тез жиілікпен айналады. Температура белгілі бір мәнге дейін төмендегенде золотник майдың муфтаға келуін шектейді де, желдеткіш айналысын баяулатады.

АУАМЕН салқындататын қозғалтқыштарға \ кір машинкасы, ет турағыш, су насостары, фен тағы басқада қозғалтыштары жатады.

Тракторлар мен автомокөлік қозғалтқыштарында көпшілік жағдайда сұйықпен салқындататын жүйе қолданылады.


Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде - цилиндр ішінде жанған отын және осыдан 1800-3000 градусқа дейін қызған газ цилиндр кенересін,поршен мен блок қалпақшасын қыздырады.


Қозғалтқыштың суыту жүйесі мынадай негізгі құрылғылардан тұрады: радиатор, желдеткіш, су насосы, термостат, су көйлегі, жалғастырғыш түтікшелер және термометр.

Қыста суыту жүйесінде антифриз қолдану керек. Су құйылған двигательдерде жұмыс біткеннен кейін суды төгіп тастау керек. Егер оны төкпесе, цилиндрлер блогы, радиатор, түтікшелер жарылып кетуі мүмкін.



Радиатор: қозғалтқыш салқындату жүйесінде радиатор жоғарғы және төменгі бактардан,өзектен және бекітілген бөлшектерден тұрады.Өзектер жылуды жақсы өткізуі және суды тез салқындату үшін жезден жасалынған. Жоғарғы және төменгі бактар қысқа түтіктер арқылы жалғанған. Төменгі бакта радиатордағы немесе қозғалтқыш блогында суды ағызатын шүмектер болады. Суды жоғарғы бактың аузы арқылы құяды, ол қақпақпен жабылған. Сұйықпен салқындатылатын жүйеде қозғалтқыштың жылу режимі екі жақты ретке келтіреді: перделі (немесе желбезекті) термостатты.

Желдеткіш: Желдеткіштің алты немесе төрт қалақшасы болады.

Термостат: су температурасын автоматты түрде реттеп, қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін оның тез қызуын қамтамасыз етеді.







Суыту жүйесінің негізгі ақаулары:

1.Су мөлшерінің төмендеуі;

2.Желдеткіштің қажетті айналыс бермегендігі;

3.Су насосының қалақшаларының сынуы;

4.Радиатор бітелген жағдайда;

5.Блоктағы су көйлегінің қақтан бітелгенде;



Техникалық күтім түрлері:

  1. Су насосын майлау;(отандық автокөліктерде)

  2. Желдеткіш белдігін тарту,жұмсарту

  3. Қозғалтқышқа құйылатын сұйықтықты уақытына қарай ауыстыру

  4. Қозғалтқыш істеп тұрған кезде және қатты ысып кеткенде салқындату жүйесіне суды аз-аздан құяды.

  5. Қыс кезінде цилиндр мен блок жарылып кетпеу үшін салқын қозғалтқышқа өте ыстық су құюға болмайды.

  6. Ауысым сайын радиатордағы су деңгейін тексеру керек.

  7. Радиатор қақпағын қозғалтқыш суығанда немесе ол істеп тұрғанда абайлап ашу қажет,бу бет пен қолды шарпып кетуі мүмкін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
663
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі