2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық сабақ
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері не дүниетану пәнінен ашық сабақ
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Педагогтің аты-жөні

Құрманжанова Ақниет Ғалымқызы

Мектеп атауы

"Көктал-Арасан орта мектебі мектеп жанындағы 50 орынды интернатымен"КММ

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен кіммін?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Сабақтың барысы.


Сабақтың кезең

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жұмыс ережесін келісу

Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

Уақытты үнемдейміз!

Нақты,дәл жауап береміз!

Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)

Бұл жұмыс түрі бүкіл сынып оқушыларының бір мезгілде жұмысқа жұмылдырылуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың барлық сұрақтарына мұғалім жұмыстың алдында жауап беруі тиіс, бұл оқушыларды да, мұғалімді де алаңдатпайды.

Мен кіммін?

(Ұ) Балалар шеңбер құрып отырады.

Әрбір бала кезектесіп өзі туралы

хабарлайды:

аты-жөні;

жасы;

өзіне не ұнайды?

Сен мектепалды даярлық

сыныбында оқыдың ба?

Сен онда не үйрендің ?

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.

Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.



ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.





Психологиялық ахуал.



Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.

Ортасы

Мәтінді оқып, белгіленген сөздерднені білдіретінін ойлан.

Кез келген адамның өз отбасы бар. Отбасы –қоғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде бірге тұратын ең жақын адамдар жатады. Олар: атасы мен әжесі, әкесі мен шешесі, ағасы мен әпкесі және іні-қарындастары.

(Ж) Оқушыларды жұптарға бөліңіз. Олар кім екенін және қайда

тұратынын айта отыра өздерін таныстырады. Одан кейін оқушылар

өз өмірінің кейбір сәттерін талқылайды:

1. ұнататын заты, аяқ киімі және киімі;

2. естеліктері; өзі туралы қызықты (ерекше) жайттар;

Оқушылардың үйден әкелген фотосуреті (немесе мұғалім ұсынғын

фотосуреттер).

(Ж) Кері байланысты жүзеге асыруүшін оқушылар жұптаса отырып,талқылау нәтижелерімен сыныпты таныстырады.

«Баяндама»

Мұғалім оқушыларға мәтінді оқуға, соңынан оның мазмұнын сурет, сызба түрінде беруді ұсынады. Бұл «шпаргалканы» оқушы оң жағындағы көршісіне береді.Енді әрқайсысы өз көршісінің суреттерін не сызбаларын қолдана отырып, осы мәтін бойынша «баяндама» жасайды. «Баяндама» мазмұнын неғұрлым кең ашып, оны қорғап, ең жақсы өрнекті ұсынған оқушы жеңімпаз болады.

Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

(Ө/Ж) Сыныпқа олар өзсыныптасының портретін салатындарын хабарлаңыз. Портрет сыныпқа ілініп қойылады. Суретте

сыныптасы қандай көңіл-күйде екендігін (бақытты, мұңлы, ойлы)

көрсетуі, яғни алдында талқыланған үш ерекше белгіні бейнелеуі тиіс. Әрбір жұмысқа қол қойылады. Оқушылар өз портреттерімен

алмасады және онда салынған суретті талқылайды.

Дескриптор:

өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттайды.

тұлғаның қоғамдағы рөлін түсіндіреді.

адам өмірінің маңыздылығын анықтайды.









Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.



Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы суретпен және мәтінмен жұмыс жасайды.





Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау






Форматив

ті бағалау



ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.











Оқылым, жазылым тапсырма

лары.








Соңы

«Былғары қолғап»

Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.






Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.

ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау


Топтық тапсырмалар.

Кері байланыс

Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)

Оқушыларға «Ашық микрофон» кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді.




















Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, суретін жібереді.

«Ашық микро

фон»


«Ашық микрофон»

кері байланыс парағы



28 Қараша 2020
436
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі