Материалдар / ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2020
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін-өзі тану сабақ жоспары

Бекітемін:


Мектеп: №214 Мерзiм:25.11.2020 №13 сабақ

Мұғалім: Балтаева Ж Сынып:5 Оқушы саны-15

Тақырып: Еңбек қуанышы

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: еңбексүйгіштік, жауапкершілік, қамқорлық


Сабақ мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі адал еңбектің маңыздылығын ұғындыру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік: адал еңбек ұғымы жайлы түсінік беру.

2. Дамытушылық: еңбекті қадірлеуге,адал еңбек етуге баулу.

3. Тәрбиелік: ақкөңілділікке, жауапкершілікке, қамқорлыққа

тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл күйге келу.«Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


Сабақ барысын талдау:






2. Үй тапсырмасын тексеру.

54 беттегі Мәдіхат Төрежановтың «Қолғабыс» әңгімесін түсініп, оқып келу

Сұрақтар:

1. Мәтіннен қандай ой түйдіңдер?

2. Еңбек етудің қандай пайдасы бар?

3. Қолғабыс ету, көмек беру дегенді қалай түсінесің?

4. Сен қандай еңбекпен шұғылданасың?



  1. Дәйексөз.

Еңбек түбі - береке

Халық нақылы


Ұлдар қайталайды.Қыздар қайталайды. Топпен айтады.

Сұрақ:Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?


Қорытынды

Адам еңбекпен өсіп, өнеді. Еңбек адамды жақсылыққа жеткізеді. Адам еңбектену арқылы қуанышқа жетіп, бақытқа бөленеді. Адал еңбектің наны тәтті болады. Еңбек - таза ниеттен, адалдықтан, жауапкершіліктен,еңбексүйгіштіктен құралады.

Оқушылар өз пікірлерін айтады.

Әңгімелеу

Сиқырлы жүзік


Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да,лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.

Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып,жәй жүзiкке айналады.Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, – дейдi. Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды. Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғүс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:

Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады. Ал қайырымды егiншi болса, әйелiне жүзiктi көрсетiп:

Аллаһ бiзге рақым еттi, ендi қалаған тiлегiмiз орындалады, – дейдi. Әйелi:

Бiз жер тiлейiк. Егiстiкке жер жетпей жүр ғой, – дейдi. – Жоқ! Бiр жыл тырмысып еңбек етсек, жердi өзiмiз-ақ сатып аламыз, – дейдi күйеуi.

Сол жылы өнiмдерi мол болып, жер сатып алады. Егiншiнiң әйелi:

Ендi жүзiктен ат пен сиыр тiлейiк, – дейдi. – Соны да жүзiктен сұраймыз ба?

Тағы бiр жыл ерiнбей еңбектенсек, оған да қол жеткiземiз, – дейдi кедей. Келесi жылы ат пен сиыр сатып алады. Әйелi тағы да:

Бұрын сен Аллаһ Тағалаға жалбарынып, тiлек етушi едiң. Аллаһ тiлегiндi бердi.Қазiр патша боламын, зәулiм сарайда тұрамын десең де, бәрi қолыңда. Шаршап-шалдығып жүргенше, рахатқа батып, тыныш отырмайсың ба? – дейдi. Сонда егiншi тұрып:

Бiз әлi жаспыз, өмiрiмiз алда. Аллаһқа шүкiр, бiзде қазiр бәрi бар. Жүзiктен бiр тiлек сұрасақ, сиқырын жоғалтады. Алдымызда қиын жағдайлар тап болмайтынына кiм куә? Бiздi қандай сынақтар күтiп тұрғанын қайдан бiлемiз? – дейдi. Ерлi-зайыптылардың арасындағы келiспеушiлiк осымен бiтедi. Кедейдiң қоймалары жыл сайын астыққа толып, бақытты да бақуатты отбасының бiрiне айналады. Жылдар зуылдап өтiп жатады, адал еңбекпен өмiр сүрген егiншi де өмiрден өтедi. Жерлейтiн кезде немерелерiнiң бiрi қолындағы жүзiктi шешiп алмақшы болады, екiншiсi оған қарсы болып:

Атамыз өмiр бойы бұл жүзiктi қатты қадiрледi, өзi үшiн аса қымбат ескерткiш болса керек. Өзiмен бiрге кеткенi дұрыс болар, – дейдi. Осылай үйге бақыт пен байлық әкелген жай жүзiк егiншiмен бiрге көмiледi.


  1. Мәтіннен нені ұқтыңдар?

  2. Егінші жүзікті қайдан алды ?

  3. Зергер егіншіге не үшін қиянат жасады?

  4. Егіншінің бойындағы ізгі қасиеттерді айтып беріңдер?

  5. Екі немеренің іс-әрекетінен не байқадыңдар?

  6. Ал, сен сол немерелердің орнында болсаң не істер едің?




Сұрақтарға жауап береді.

Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.


Оқушылар үш топқа бөлінеді.(суреттер арқылы топқа бөлу)

1 топ.

«Еңбексіз өмір жоқ » тақырыбына эссе жазу

2 топ.

Еңбекқор мен еріншек адамға мінездеме жазу

3 топ.

«Еңбектің наны тәтті» мақалына сурет салу











Топпен ән айту.

Болайықшы осындай

Әні мен сөзі: Айымкүл Меңжанова


Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.


Қ\сы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы ,досым - ай!


Таза бала мұңтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам.


Үнтаспа



Үй тапсырмасы.

57 беттегі Мәди Айымбетовтің «Күн күлше» әңгімесін оқу.

2.Дәптердегі 2- тапсырманы орындау


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтап алайық. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!