Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2020
342
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Кеңейтілген жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні: Жунусова А.Б.

Күні: 23.12.2020

СЫНЫП: 3

Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

Оқушылардың табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін жүйелеу.Оқушылардың ерікті түрде тұрақты зейін қоюын дамыту. Топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту.Өзгені де тыңдай білуге, алған білімін өмірде қолдана білуге, айналасындағы адамдарды құрметтеуге, табиғатты сүюге баулу.

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, видео

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ әдебиеті

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут


«Мен саған... тілеймін» әдісі арқылы бір-біріне тіліек айту


Топтарға бөлу


Табиғат – сөз жетпес сұлулық , баға жетпес қазына,көз тоймайтын әсемдік ,айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс. Бүгін осы табиғаттың сырларымен танысамыз.


-Сонымен бүгінгі тақырып қандай екен?

-Сабақтың мақсатын қойып алайық

СМ қою

критерий

Білу (табиғат құбылыстарын жыл мезгілдеріне байланысты саралау)

Түсіну

(датта және жақта)

Қолдану (эксперименттік жұмыс)


Талдау

ауа-райына қатысты халық болжамдарын айтып береді

Жинақтау

«Қар көшкіні» ойыны


Ұпай саны




Аты-жөні








-Топ басшылардың алдарыңда бағалау парақтары жатыр. Соған өз топтарының жұмыстарын бағалап отырасыңдар. Сонымен қатар ең ұтымды, дәлелді жауап келтірген немесе жұмысты алғаш тиянақты бітірген балаға ұпай сандарын қойып отырады



13-15 ұпай – «керемет»

10-12 ұпай – «жарайсың»

7-9 ұпай – «жақсы»

4-6 ұпай – «талпын»

-Табиғат құбылыс

Табиғаттағы өзгерістердің барлығы табиғат құбылыстары деп аталады.

Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер

Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы жел деп аталады.


Жер бетінен ауа жоғары көтеріліп, салқындап, мұз түйіршіктеріне айналып, олар шоғырланып бұлт құрайды.


Бұлтты құрайтын ұсақ тамшылар бірігіп жерге жаңбыр болып жауады. Қыста биіктегі су тамшылары қатып, мұз түйіршігін түзеді. Олар жабысып қарға айналады.


Жер үстіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы кезінде су тамшылары бір-біріне үйкеліп, электрленеді. Оң және теріс зарядтар бір бұлт пен екінші бұлт арасында және бұлт пен жер арасында таралады. Жер бетінде электр ағыны пайда болады. Ол бізге найзағай түрінде көрінеді.


Кейбір табиғат құбылыстары жылдың белгілі бір уақытында ғана болып тұрады. Тірі және өлі табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады. Жылдың 4 мезгіліне байланысты табиғатта өзгереді. Мысалы: ағаштар мен шөптер көктейді және құрайды. Жаңбыр, бұршақ, қар жауады. Жел, борансоғады. Осының барлығы табиғат құбылыстары.




Жаңа білім

10 минут







Тақтаға табиғат құбылыстарына жататын өзгерістерді шығарып, есте сақтауға 30 секунд уақыт беру. Тақтаны жауып, жеке тапсырма беру.

1 топ – қыс, күз мезгіліне қатысты табиғат құбылыстарын теріп жазу

2 топ –көктем,барлық мезгілге қатысы бар табиғат құбылыстарын теріп жазу

Жұпта тексеріп, белгі қойып беру. Өздерін бағалау. Критерийге қарап отырып

3 балл – 4 құбылысты жазады, жазуы көркем

2 балл – 3 құбылысты жазады

1 балл – 2 құбылысты жазады

Орындарынан тұрғызу, 3 балл жинаған баланы мадақтау








Слайд, бағалау парақтары

Ортасы

10 минут







Видео көрсету

Топтық тапсырма: «Датта және жақта» ойыны

1 топ – жаңбырдың пайдасы

2 топ – жаңбырдың зияны

( басқа топтар жазып отырғанда бұл топ мүшелері табиғат құбылыстарын 3 түрге жіктейді

кәдімгі табиғи құбылыстар, ғажайып табиғат құбылыстары, қауіпті табиғат құбылыстары)


Топтарды бағалау критерийлері


Критерийлер

дескрипторлар

Топ мүшелері жұмысын бағалау

Топ ережесінің сақталуы

Тапсырманы уақытында аяқтауы

Сөйлеу мәнері, мәдениеті

Тақырыптың ашылуы

Ұтымды дәлелдер келтіре алуы

Тақырыптың ашылуы, жан-жақты мәлімет келтіре алуы



А3 беттері маркер

Сергіту сәті

2 минут

Оқушыларды бірінің артына бірін тұрғызып, массаж ретінде жаттығу жасату.

Жаңбыр жауа бастады – арқаларын саусақпен тырсылдату

Ақ жауын жауды -ақырын тырсылдату

Өткінші жаңбыр жауып өтті – қатты тырсылдату

Далада жел тұрады – арқаға саусақпен жүргізу

Құйын соқты – арқаның әр жерне шеңбер жасау

Найзағай жарқ етті- қолдың қырымен арқаны соққылау


Енді теріс қаратып жаттығуды қайталату


Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

1-тәжірибе: Қолға қағаз алып, өзіңе қарай желпіп көр. Не байқадың?

Біз ауаны қозғалысқа түсірдік. Яғни жел деген ауаның қозғалысы, бір жерден екінші жерге ауысуы екен.

2-тәжірибе Үстелде тұрған ыдысқа су құю. Ол суды үрледік. Не пайда болды? Дұрыс толқын. Қаттырақ үрлейміз. Қандай қорытынды жасауға болады? Жел қаттырақ болса, толқын да үлкен болады. Енді оған жасаған қайығымызды жіберейік. Енді ақырын үрлейміз. Қайық ақырын қозғалды. Қатты үрлеп едік, қайық аударылып түсті. Яғни су бетіндегі қатты жел қауіпті екен.


3-тәжірибе: Айнаны қолға алып, үрлейміз. Не пайда болды?

Айна температурасы суық, ал ауыздан жылы ауа барды.Екеуінің жанасуынан айна қызып, су тамшылары пайда болады. Олар өте кішкентай, тек біз тұманды ғана көре аламыз. Содан кейін ол су тамшылары буланып кетеді. Тұман жолдағы көліктерге, өсімдіктерге зияндық келтіреді. Және аллергиясы бар адамдарға да зиян келтіреді. Шаң, газдың түрлі қоспалары тұманмен бірге араласып, адамдардың жұтуына тура келеді.


3 бала ауа-райына қатысты халық болжамдарын айтып береді



Банка, айна, шәйнек, ыдыс, қайық макеті, веер.

Бағалау

1 минут


Кері байланыс

3 минут

Оқушыларды жинаған ұпайларына сай орындарынан тұрғызып, формативті бағалау.


Кері байланыс

«Қар көшкіні» ойыны

Мен ...........................................................................................білдім.


Табиғат құбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді.Табиғат құбылыстарын өзгерту адам қолынан келмейді.

Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.

табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолда.




Бағалау парақшасы












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!