Материалдар / Ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2021
305
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Биотехния (био... және téchnē грек тілінен аударғанда өнер, дағды), жануарлардың санын арттыруға және олардың өнімділігін, көбею қасиетін жоғарлату үшін жүргізілетін іс-шаралар кешені. Биотехния термині өткен ғасырдың 30-шы жылдары СССР-де пайда болған. Осы кезде Кеңестер одағында кең көлемде табиғи жағдайда кәсіптік аңдар мен құстарды өсіру жүзеге асқан. Оның барысында көптеген қорықтар, қорықшалар, қорық-аңшылық шаруашылықтар құрылып, аң-құс аулау мерзімдері бекітіліп, биотехниялық шаралар қолданып жануарлар қоры ұлғая түсті.

Аңшылық шаруашылығының дамуындағы жүргізілетін негізгі шаралардың бірі – биотехниялық шаралар. Олар жануарлардың бастарына түскен қиын кезеңін жеңілдетуге арналған шаралар (яғни, қыста, жұт кезінде, апаттарда, өртте, т.б. жағдайларда). Ормандарда мекендейтін құстарға арналған биотехниялық шаралар (жер суару). Қыс айларында құстардың мекен ету алқаптарында тазартылмаған жиделер, тарының, дәнді дақылдардың, бауын бұталардың, ағаштардың бастарына іліп қояды. Сонымен қатар түрлі астауларға, оттықтарға, бидай, түрлі жидектер (алма, долана, жапырақтар) салады.

Биотехниялық шаралардың басты мақсаты: 1) кәсіптік аңдардың қорын молайту (қоректік базаны пайдалы өсімдіктерді өсіріп жақсарту, үстеме қоректендіру); қорғаныс және ұя салу жағдайын жақсарту (ағаш, бұта, бик шөптесін өсімдіктерді отырғызу, арнайы тікенді бұта өскен қорғаныс учаскелерді – ремиздерді ұйымдастыру), тынығу аймақтарын даярлау, жасанды індер мен ұяларды құру, зиянды жыртқыштармен күрес жүргізу, ауруларды қадағалау, аңдар мен құстарды қайта жерсіндіру – бұрын құрып кеткен ареалына қайта әкеліп жіберу, басқа елдерден пайдалы жануарларды әкеліп өсіру. 2) кәсіптік жануарлардың пайдалы қасиеттерін жоғарлату: бағалы терілі аңдардың тері сапасын жоғарлату, тұяқтылардың аңдардың, құстардың етін жақсарту, селекция (сұрыптау) жүргізу.

Биотехнияның дамуына Б. М. Житков, П. А. Мантейфель, С. И. Огнев, Н. П. Лавров, С. П. Наумов, Б. А. Кузнецов, И. Н. Арнольд, А. Н. Елеонский, В. П. Врасский, В. А. Мовчан, Г. В. Никольский және т.б. ғалымдар үлкен үлесін қосқан. Әртүрлі биотехниялық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруда АҚШ, Ұлыбритания, Англии, Франции, Канады, Финляндии, Чехия, Польша сияқты шет мемлекеттер маңызды тәжірибелер өткізді.


Биотехниялық шаралар

Еліктер мен бұғыларға арналған оттық


Шіл, құр және қырғауылға арналған шатыршылыр

Қояндарға арналған шөмеле және шөп қорғанның ішінде орналасқан оттық.


Шаруашылықта биотехниялық шаралар жақсы жүріп келген сайын тұяқты аңшылық аңдар және қояндар саны өте көп болып кетсе, орман шаруашылығының көлеміне сәйкестеп оптималды мөлшерге дейін азайту жұмыстарын жүргізеді, өйткені олардың қоры арта түскенде ауруларға шалдығып, қоршаған ортаға зиян келтіре бастайды.

Орман шаруашылығына зиянды аңдар, құстар мен қатар паразиттік саңырауқүлақтардын да тигізетін шығыны өте мол. Олар ағаштардың жапырағын, тамырын, діңін, тұқымдық дәнін, жас өсімдіктерді зақымдайды. Көбінесе өрт шалған, немесе зиянды-жәндіктер жайғасқан ағаштар, саңырауқұлақпен зақымдануына өте бейімді келеді.

Зиянды-жәндіктер мен паразиттік саңырауқұлақтармен күресуде жүргізетін негізгі шаралар:

1. Ағаш кесілген жерден, кесілгеннен қалған қалдықтарды жою.

2. Өрт шалып зақымдалған ағаштарды және құлаған діңдерді жою.

3. Уақытында санитарлық кесу жүргізіп, барлық ауру ағаштарды құрту.

4. Зиянды-жәндіктерді жейтін құстарды сақтау, қорғау.

Осымен қатар орман зиянкестілерімен күресетін химиялық әдістер де бар. Алайда оларды пайдалануды абайлап жүргізу қажет, өйткені улы заттарды орынсыз қолдану, зиянкесті жәндіктермен қатар пайдалы құстарға және жәндіктерге, ағаштын өзіне де ең соңында адамға зиян келтіруі мүмкін.



Аңшылық жануарларын қорғау.

1. Жануарларды қорғау жолдары.

2. Қорғау жұмыстарының жіктелуі

Адамдар табиғатты өзгертіп көптеген аңдар мен құстар түрлерін құртып жіберуге таяды. Кейбір түрлер жер бетінен мүлде жойылып кеткен. Бүгінгі таңда осындай сирек кездесіп, жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін қорғау үлкен мәселеге айналып кеткен. Оларды қорғау үшін Қызыл Кітаптар жазылады, аулауға тыйым салынады, халықаралық саудаға шек қойылады, қорықтар мен ұлттық парктер, қорықшалар, тынығу аймақтарын және басқа да ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар ұйымдастырылады.

Кейбір жануарлардың қорының азайып кеткені соншама, оларға мұндай жалпы шаралардың көмегі аз және кеш болып кеткендері де бар. Оларды құтқару үшін белсеңді шаралар құрылады – интенсивті қорғау әдістері.

Мұндай әдістер саны өте көп. Олардың жүргізілетін бағыты көбеюге оптималды мүмкіндік жағдайын жасауға, сонымен қатар қоршаған ортаның қоректік базасын және қорғаныштық жағдайын жақсарту мақсатымен жүргізіледі.

Бұл әдістерге жататындар: электр бағандарында тоқ соғудан сақтайтын құрылғылар, ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, олардың мерзімін реттеу (жаңа тех.), қолда өсіріп, табиғатқа жерсіндіру, пайдалы жануарларды (бұнақ денелілерді) қорғап, санын көбейту, мазасыздандыру факторлерін азайту. ТМД елдерінде бұл шараларды биотехнялық деп атайды, ал Батыс Еуропа елдерінде оны жабайы жануарлар популяцияларын реттеу немесе басқару деген термин кездеседі.

Ең басында бұл шаралар тек қана бағалы терілі, кәсіптік жануарлардың қорын молайтуға арналған, ал соңғы жылдары олар жалпы табиғатқа көмек көрсету мақсатымен жүргізіледі. Биотехниялық жұмыстардың ішінде жақсы құрылып іске асырылатын түрлері ол құстарды қорғау шаралары.

2. Биотехниялық шараларды келесі түрде жіктейді.

1. Көбею жағдайларын жақсарту:

Жасанды көбею орындарын әзірлеу;

Табиғи көбею орындарын қорғау; көбею орындарын оптималды жағдайда ұстау; қорғауға алынған түрдің көбеюіне кері әсерін немесе зиянын тигізетін жануарлардың санын реттеу; ауыл, орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде потенциалды көбею аудандарын сақтау.

2. Мекен ету ортасының қорғаныс жағдайын жақсарту:

Тынығу аймақтарын ұйымдастыру, қорғаныс бұталарды өсіру, ремиздер жасау; әртүрлі жасырын орындар мен ұялар, індер жасау; ауыл, орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде потенциалды қорғаныс аудандарын сақтау.

3. Қоректік базаны жақсарту:

Қоректік биотоптарды жақсарту, молайту немесе қолдан құру; үстеме қоректендіру; қоректік өсімдіктерді өсіру әлде олардың дамуын жылдамдату шараларын қолдану; негізгі қоректік объекті ретінде пайдаланатын жануарларды қорғау және қорын молайту; жыртқыш құстарға аңшылық учаскені бақылап отыратын арнайы бағандар орнату; жасанды суаттарды құру, табиғи су көздерін сақтау және жақсарту, негізгі қорек және су көздерін жануарлармен қолдану мүмкіндігін жоғарлату.

4. Табиғи апаттардан және шаруашылық салдарынан пайда болған зияннан қорғау:

Су тасқындардан сақтау, су қоймалардың гидрорежимін реттеу; техникалық құрылғылардан мерт болудың алдын алу; ауыл, орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде өлуден сақтау; ұяларды, індерді, құстардың жұмыртқалары мен балапандарын, аңдардың төлін сақтау, құтқару; жаралы және ауру жануарларға питомниктер құру; аурулар және паразиттермен күрес жүргізу үшін мал-дәрігерлік, санитарлық шараларды жүргізу.

5. Көбею сәттілігін жоғарлату:

Жұмыртқа салған құстарды жұмыртқа санын көбейтуді стимуляциялау, жылына 2 рет көбеюді жүргізу; жұмыртқалар мен балапандардың шығынын төмендету; популяциянын көбею сәттілігін жоғарлату мақсатында мекен ету ортасы ластанған және таза аудандар арасында жұмыртқалар мен балапандарды алмастыру.

6. Популяцияны орнықтыру қалпына келтіру:

Қолда өсіріп, кейін табиғатқа жіберу; бұрын мекен етіп кейіннен жойылып кеткен аймақтарға қайта қоныстандыру; саны жоғары аудандардан қоры аз мекендерге көшіру.




Аңшылық алқаптарының қорғаныш және ұялық сапасын жоғарлату

1. Қорғаныс ремиздерді құру

2. Аңдармен құстардың індерін, ұяларын сақтау

Қорғаныс ремиздерді жануарларға арнап егілген егістіктер, үстеме қоректендіру аландар, суаттар, тұздықтар, тынығу аймақтар маңында ұйымдастырылады. Мұндай ремиздерде жануарлар жыртқыштар мен ауа райының қолайсыз жағдайларынан қорғанады.

Ремиздерді ауылдар мен шаруа қожалықтардың территорияларында олардың басшыларымен келісіп құруға болады. Ол үшін мәдени өсімдіктер үшін сапасы төмен учаскелер қолданылады, оларға жыралар, құрғап қалған өзен арналары, бос аландар, құм басқан территориялар пайдаланылады. Ремиз құру мақсатымен бұл жерлерге астық тұқымдасының өкілдерін, дрок, долана, итмұрын, таңқурай, шырша, жабайы алма, шетен өсіріледі. Егер мүмкіндік болса ремиздің сыртына қарай тікенді бұталарды егіп ортасына қоректік маңызы бар сұлы, қара құмық, тары, жералмұрт сияқты өсімдіктерді өсіреді, сонда ремиздің қорғаныс қызметімен бірге қоректік жағдайы да жақсарады.

Бұғылар, еліктер, бұландар орманда аса биік емес, сирек өскен бұталарды ұнатады. Алайда қатты аязда, боранда, жауын-шашында, ыстық мезгілде және көбею мезгілінде олар қалын бұта арасында жасырынады. Мұнда суық кезінде жылы, ал жазда салқын, мазалайтын қансорғыш бұнақденелілер аз болады. Аязда, мұз тайғақ, қалын қар жауған жылдары мұндай жерлерде үстеме қоректендіруді ұйымдастыру қажет.

Аішылық шаруашылықтарда ремиздермен көбею учаскелері де қоршалады. Оларды таңдаудың басты шарты – территориясында ашық аландар, суаттар, қоректену егістіктері елді мекендерден алыс орналасуы, жақсы табиғи қоректік база. Бұл шарттарды орындау үшін мазалау факторын азайту қажет (жеміс-жидек, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинауға шек қою).

2. Адам іс-әрекеттерінен жабайы жануарлардың мекен ету орталары қысқарып келеді. Сокращение площадей не­тронутых, целинных земель, осушение болот, вырубка лесов, загрязнение рек и природной среды промыш­ленными отходами, удобрениями и пестицидами созда­ют такую экологическую ситуацию, при которой чис­ленность одних видов животных снижается, а другие оказываются на грани исчезновения.

Көп адамдар бір жануардың түрін сақтап қалу үшін тек қана оны аулауға тыйым салса болды деп ойлайды. Бұл пікір дұрыс емес. Көптеген жануарлар түрлерінің азаюы жылдан жылға олар тіршілік ететін алқаптар азаяды, онымен бірге көбеюге қолайлы орындар да жоғалады. Сондықтан кез келген аң немесе құс аулағанда олардың ін, ұяларын бұзуға тыйым салынады. Еліміздегі аң аулау заңнамасында жауарлардың ұясын, інін, ағаш қуыстарын бұзып ұстау әдістеріне толығымен тыйым салынған. Індерді қазу, түтінмен немесе газдармен тұншықтыру, қуыстары бар ағаш діндерін кесіп құлатуға және басқа да табиғи немесе жасанды ұяларды қиратумен байланысты аулау әдістеріне толық тыйым салынып заңмен қудаланады.




Жануарларға жасанды қорғаныштарды даярлау

1. Орманды алқаптардың қорғаныс жағдайын жақсарту.

2. Ашық алқаптардың өнімділігін жоғарлату.

3. Су жануарларына қолайлы жағдай жасау.

1. Аңшылық алқаптардың қорғаныс жағдайлары дегеніміз олардың территориясында жануарларға жыртқыштардан, ауа райының қолайсыз әсерінен қорғанып, жасырынатын орындар болуын айтады.

Әрбір жануарлардың мекен ету алқаптар қорғаныс жағдайларына қойылатын талаптары бірдей емес. Бұғы тәріздес тұяқтылар сирек өскен орманды талап етеді, қабандарға керісінше қалың ағаш немесе қамыс қажет, сусар, бұлғын сияқты жыртқыштарға құлаған ағашы көп орман керек. Осыған орай әрбір жануарға жүргізілетін алқаптардың қорғаныс қасиеттерін жоғарлату шаралары әртүрлі келеді. Қорғаныс жағдайды жақсарту аңшылық алқаптың өнімділігін біршама өсіреді. Ол үшін орман шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде кәрі, қуыстары бар, аңдар мен құстар ұя сала алатын ағаштарды кеспей сақтау керек. Орман кесу жұмыстарын жаздың екінші жартысында жүргізу тиіс, бұл кезде жануарлардың басым көпшілігінде көбею кезеңі аяқталады. Құр және меңіреу құрлардың ойнақтары орналасқан учаскелерге тиіспеу керек. Орманды қайта өсіру барысында аңшылық шаруашылық тұрғыдан бағалы ағаш тұқымдарын отырғызу керек.

Жануарлар жасырыну үшін орманда да ремиздер құрады. Мұнда оларды қалың ағаш арасында, маңында суаты бар учаскеге орналасады. Ормандағы ремиздер көлемі 0,5-тен бірнеше гектарға дейін жетеді.

2. Ашық аңшылық алқаптарға дала, шөл, ауыл шаруашылық егістіктер жатады. Оларда аңшылық құстар мен аңдар аз мекендейді. Егер ашық алқаптар жанында немесе арасында орман учаскелерімен, бұталар, қамыс өскен аландар кезіксе, мұнда сұр шіл, бөдене, қырғауыл, құр, ор қоян, елік, борсық сияқты жануарлар қоныстанады.

Ашық алқаптардың қорғаныс қасиеттерін жоғарлату үшін орман жолақтарын өсіреді, биік шөптерді егеді. Бұталардың, басқа да биік өсімдіктердің бұтақтары қалың болуы үшін олардың төбесін қырқып отырады.

Тауық тәрізді құстар ұшін ашық аландарда порхалище жасайды. Порхалищенын маңызы – құстардың денесін паразиттерден (бүрге, кене, мамық құрты-пухоед және т.б.) тазарту. Порхалищаны жаздың жауынды кезінде, аздап құрғатылған ауыр топырақты алқаптарда жасаған дұрыс.

Сонымен қатар көптеген құстарға қорегін қорыту үшін ұсақ тастар қажет, сондықтан алқаптарда арнайы галечниктер жасайды, мұнда әртүрлі көлемдегі тастарды үйіп төгеді. Бұл тастар әсіресе көктемгі, қысқы мезгілдерде керек, бұл кезеңдерде тастарды тауып алу құстарға қиынға соғады, сондықтан ас қорыту бұзылады. Ұсақ тастар тауық тәрізді құстар күзде-қыста мекендейтін, қар жауып тастамайтын, шатыр астында, қылқан жапырақты ағаштар аясында жайғасуы міндет. Егерде ұсақ тастар қорғалмаса, оларды жиелеп қардан тазалап тұрады. Ұсақ тастарға да тұрақты және аумақты орын қажет екенін ұмытпаған жөн.

Порхалищелер мен галечниктерді жыртқыш құстардан қауіп төнсе жылдам жасырынатын қалың шөп арасына орналастырады.

Далалық алқаптарда сұр шіл, бөдене, қырғауыл сияқты құстарды, бораннан, қалың қардан, жауын-шашыннан сақтап қалу үшін күркелер құрады.

3. Су маңында қорғаныс жағдайды жақсарту үшін көлдер, өзендер басқа да суат жағалауларында тал егеді, біраз ары қарай көк терек немесе басқа жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарын өсіреді.

Суда мекендейтін құстардың көбі ұя салу үшін табиғатта жиі кездесе бермейтін, спецификалық жағдайды талап етеді. Ұялау аудандарында су құстарының ұялары жыртқыштарға жем болады, су деңгейі көтерілсе астында қалады, шөп шабу кезінде жойылады, қамыс өртегенде, мал жайылғанда бұзылады. Су құстарының ұялық жағдайын жақсарту олардың бір жерге тұрақты қоныстануына көмектеседі, балапандарды сәтті өсіруге үлесін қосады.

Сүңгуір үйректер ұяларын ағаштардың қуысына орналастырады, оларға көбею орындарын ұлғайту үшін қолдан дуплянкалар даярлайды. Оларды тақтайлардан, кесілген ағаш шөркелерден жасайды. Жер бетіне ұя салатын су құстарына су басып кетпейтін дөңес учаскелерге жасанды ұялар құрады.

Ондатр, құндыз тіршілік ететін суаттарда су деңгейін реттейтін бөгеттер жасайды, ұсақ өзендер кеуіп кетпеу үшін арнайы каналдар қазып су өткізеді. Қалың қамыс арасында оны шауып ашық аландар құрады, олар су аңдарына алқаптарға терең, қалың учаскелеріне мекендеуге мүмкіндік береді, және қамыстын жақсы өсуіне әсерні тигізеді.



Аңшылық алқаптарының азықтық қорын жақсарту.

1. Ашық алқаптардағы азықтық өсімдіктер

2. Су алқаптарының өсімдіктері

Аңшылық алқаптардағы жануарлардың саны азықтық қорға тікелей байланысты. Ең маңызды биотехниялық шаралардың бірі – алқаптардың қоректік базасын жоғарлату. Оны көбейту үшін қоректік өсімдіктер өсіреді, қорекке жеңіл қол жеткізу және оны қорытуды жақсарту, минералды азық қосу.

Қоректік өсімдіктерді орманды қайта қалпына келтірудің барысында отырғызады. Ол үшін орманның төменгі қабатына (ярусына) азықтық жағынан бағалы ағаш пен бұталарды еңгізеді. Ашық алқаптарда қорғаныс қоректік ремиздер ұйымдастырады, олардың құрамына кіретін өсімдіктер қоректік қасиеттерімен қатар қорғаныс ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Қоректік егістіктер өсіру үшін көбінесе сұлы, арпа, картоп, қызылша, орамжапырақ, қара құмық, бұршақ тұқымдасына жататын жоңышқа, беде, қызыл мия сияқты көп жылдық өсімдіктер қолданылады.

Аңшылық шаруашылықта ерекше назар аударатын өсімдік – топинамбур (жералмұрт). Бұл күрделігүлділер тұқымдасының өсімдік, оның түйіндерін көктемде 10 см тереңдікке қатарлатып отырғызады. Қатарлардың арасы 60 см, екі түйіннің арасы 40 см. Топинамбур жапырақтарын бұғылар, еліктер, қряндар жейді, түйіндерін қабан шошқалар қазып алады. Жерде қалып қалған түйіндерден келесі жылы тағы өсімдік шығады.

Орман ішіндегі шөптесін өсімдік өскен аландарда, шабылған орындарда шырғанақ, жабайы өрік, арша, қожақат т.б. бұталарды өсіреді. Әсіресе шаруашылықтарда қалемшелерін бөлшектеп шілік сияқты бұтаны көбейту қажет. Оның жапырақтары мен өркендерін тұяқтылар мен қояндар жейді. Шырғанақты еккен кезде бұл өсімдік дара жынысты екендігін ұмытпау керек, аталық пен аналық өсімдіктердің қалемшелерін араласытырып отырғызады.

Қоректік өсімдіктермен бірге дәрілік шөптерді де ұмытпаған жөн. Бұғы тәрізді тұяқтыдар мекендейтін алқаптарда үш жапырақты субедені міндетті түрде өсіру керек, бұл өсімдік оларға зиянкес паразиттік құрттарды жоюға көмектеседі. Бұл өсімдік өспеген аймақтардан тұяқтылар қоныс аударып кетіп қалады.

Бос жерлерде, шұңқырлы аудандарда, жолдардың жиегіне нрмен түрлерін өсірген дұрыс. Елік, бұғы, қояндар басқа да жануарлар ерменнің гүлшоғырларын, тұқымдарын, жапырағын жеп құрттардан құтылады. Ерменнің құрамында эфир майлары, фитонцидтер көп болады. Осындай қасиеттер аршаның жаңғақшаларына да тән. Оның тұқымдарын шілдер, құрлар, ұлар сияқты құстар дәрілік шөп ретінде пайдаланады. Терпентин және хош иісті заттар қарағай, шырша, қайын бүрлерінде, сырғаларында болады олар да ішек паразиттерінен емделуге көмектеседі.

Қызамық пен қара жидек бағалы қоректік қасиеттерімен қатар жақсы дәрілік пайдасы бар. Бұл жидектердің қоры аз болған жылдары көптеген құстар күзге жетпей өліп қалады


2. Өзендер мен көлдердің жағалауларында көктемде бүрлері шықпай тұра тал егеді, оны қояндар, бұғылар, құндыздар жейді. Талдың жас өркендері су құстары мен аңдарға қорғаныс жағдайын жоғарлатады.

Ондатра мен су құстарының азықтық қорын молайту үшін суаттарда су-батпақ өсімдіктерін егеді. Оларға шылаң, қамыс, қоға жатады. Шылаң немесе қазоты ұзың тамырсабағы бар көпжылдық су өсімдігі, лның жапырағы әртүрлі пішінді келеді. Кейбір түрлерінің жапырақтары суға батып тұрады, келесінікі су бетінде қалқып жүреді. Олардың сабақтары қалың өсіп су жәндіктеріне қолайлы жағдай жасайды. Ал жәндіктер құстарға қорек болады. Ондатра мен үйректер шылаңмен қоректенеді. Оның қатты тұқымдары су құстарында ұсақ тастарды алмастырады, қорегін ұсату үшін пайдаланылады. Шылаңды көбейту үшін тұқымдарын жинап 1,5-2 метр тереңдікке отырғызады, су бетіне шығып кетпес үшін алдымен балшыққа малып қояды.

Елімізде қоғаның екі түрі кездеседі. Бұл өсімдік көп жылдық, тамырлары торланып өседі, тамырсабақтары крахмалға өте бай, ол ондатраға, сазқұндызға, құндызға, қабан шошқаға өте нәрлі қорек, әсіресе жас өсімдіктер. Су құстары да оны жақсы жейді.

Тростник — многолетнее растение из семейства зла­ковых, высаживают на водоемах, заселенных ондатрой,-нутрией, водоплавающей птицей.

Камыш озерный — многолетнее водное растение из семейства осоковых. На дне водоема растение обра­зует сеть толстых корневищ, от которых отходят нетол­стые темно-зеленые круглые побеги без листьев, соцве­тие мнотоколосковое. Корневища и молодые побеги ка­мыша поедают ондатра, нутрия, кабан, а плоды камы­ша— утки. Камыш сажают частями корневищ на глубине до 1 ж.

Во многих случаях на водоемах, в особенности круп­ных, развитие водно-болотной растительности угнетает­ся волнобоем. Для борьбы с вредным влиянием волно-боев можно устраивать искусственные барьеры путем отвода сплавин и закрепления их на мелких местах, а также посадок ивняков. В устьях заливов и на некото­ром расстоянии от берега устраиваются различного ро­да изгороди, смягчающие волнобой.



Аңшылық жануарларын қоректендіру.

1. Азықтың түрлері

2. Қоректің сапасы

Аңшылық жануарларына қажетті азықтарға толық мінездеме беру үшін, олардың құрамына қандай түрлі азықтар енеді және оны сапалық қасиеттерін жете білу керек. Азықтар екі топқа бөлінеді органикалық және минералдық азықтар.

Органикалық топқа өсімдік және жануар тектес азықтар енеді. Өсімдік тектес азықтар: ағаш және бұтақты тұқымдастардың тұқымы жемісі, жидектер, саңырауқұлақтар, ағашты-бұтақты азықтар (қабықтар, тармақтар, қылқан жапырақтар, жапырақтар, бүршіктеі сырғалар, гүл шоғырлары) шөптес өсімдіктер, балдырлар, мүктер және қыналар. Жануар тектес азықтар екі топқа жіктелінеді: омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Омыртқалы жануарлар тобына кебінесе (көлемі) кішкентай топтар - тышқан түрлес кеміргіштер, кішкентай сүтқоректілер, құстар, балықтар және бауырымен жорғалаушылар. Омыртқасыздарға - шыбын-шірке құрт-құмырсқа, бақашақтар, құрттар енеді.

Жабайы аңдарға азықтандыратын азықтардың маңызына қарай негізгі, қосымша және аздау манызды топтарға бөледі. Жыл кезеңі бойы аңшылық жерде азықтар түрі өзгеріп отырады. Көптеген жазғы азықтар түрі андар рационына күзде-қыста және ерте жазғытұрда енбейді. Осыған байланысты, жыл кезеңіне қарай мынадай топты азықтар жіктелінеді: қыстық, жазғытұрлық, жаздық, жаздық-күздік және күздік-қыстық болып. Кейбір азықтар (қылқан жапырақ, бұта ағаш қабығы, бүршік) жыл бойы тұрақтыланып қалса, керісінше ағаштын бұтақтың және шөптес есімдіктердің тұқымы, жемісі, жидегі және жануар тектес азықтар жыл сайын өзгеріп ауытқып тұрады. Осы себептен шартты түрде азықтарды тұрақты, аздап ауытқыйтын және күшті аутқыйтын деп үшке бөледі.

Минералдық азықтар - бұл әртүрлі минералдық элементтерінің тұзы. Жануарлар рационында олардың қатысуы өте қажет. Минералдық заттардың жетіспеушілігі тұрақты болуы мүмкін, ия болмаса белгілі бір кезеңде (қыста). Азықтар құрамындағы минералдық заттардың мөлшері аңшылық алқаптың сапасына байланысты және жыл кезеңдері бойынша ауытқуы әжептәуір.

Құнсыз, сапасыз топырақты жерде өскен өсімдіктер бойында олардың мөлшері өте аз болады. Осы себептен кейбір жағдайларда жануарлар минералдық аштыққа кезігеді. Күзгі-қысқы кезеңде ағашты-бұтақты тұқымдастарда минералдық тұздардын және органикалық затардың мөлшері жоғарлайды, дегенмен еске алатын жағдай жануарлар рационына жазғы шөптес өсімдіктерімен енетін минералдық затар қосылмайды.

Азықтардың сапасын бағалағанда көңіл бөлетін жағдай, олардың қоректік заттарының құндылығы және ағзада игерілу дәрежесі.

Көптеген өсімдік тектес азықтардың жалпы қоректілігі және витаминділігі күзге қарай жоғарлайды. Азықтардың қорынан аңшылық алқаптың аңға тығыздығы байланысты

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!