Материалдар / ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
380
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А – Тұрақты ток

Мектеп:. №214 орта мектебі

Күні: 19.02.2020ж


Мұғалімнің аты-жөні: Шыңғысова Құрманкүл

Сынып: 10 «А»


Қатысқандар саны: 15

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

§60 Толық тізбек үшін Ом заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.1 - толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны қолдану;

10.4.3.4 - электр қозғаушы күші ұғымын түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:

- толық тізбек үшін Ом заңын біледі;

- эксперименттік тапсырмалар арқылы заңдылықтарды тексереді;

-заңдылықтарды есептер шығаруда қолданады;

Бағалау критерийлері:

Білу

Түсіну

Қолдану

Анализ

Синтез

Бағалау


Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

ЭҚК-н түсінеді, сипаттай алады;

Қуат бірлігіне берілетін энергия түсінігін талдап, ЭҚК анықтай алады;

Формуланы есептер шығаруда қолдана алады.




Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Вольт-амперлік сипттамалар


тұрақты температурадағы металл өткізгіш

шала өткізгішті диод

қыздыру шамы

Ом заңы

Омдық(металл) өткізгіш

омдық емес(қыздыру шамы,жартылай өткізгіш) өткізгіш

кедергі

тура пропорционалды

сызықтық, түзу

сызықтыемес

Диалогқа/жазуға қажетті сөз

Тіркестері:

Тұрақты температурадағы металл өткізгіштер үшін / U-ге пропорционал (Ом заңы)

Қыздыру шамы мен жартылай өткізгішті диод омдық емес әрекет көрсетеді.

Шала өткізгішті диод бір бағытта өте төмен кедергімен өткізеді және басқа бағытта өте үлкен кедергіге ие.

Температурасы…. болғандықтан Кедергі ...

График сызықты емес, өйткені … өткізгіш болып табылады

График сызықты (координат басы арқылы өтетін түзу), өйткені...


Құндылықтарды дарыту



Оқушылар сабақ барысында топпен жұмыс істейді.

Жұмыс барысында жауапкершілік және өзара құрмет құндылықтарын дамытады.

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ресурстармен жұмыс .Интерактивті тапсырмалар орындау

Бастапқы білім

Металл өткізгіштердің, жартылай өткізгішті диодтардың және қыздыру шамдарының электрлік сипаттамалары.




Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


10 минут









1.Ұйымдастыру кезеңі

  • Білім алушылармен сәлемдесіп, түгендеймін, топқа бөлу үшін «Формулалар» әдісін қолданамын.

1-топ «Кернеу» тобы, 2-топ «Ток күші» тобы, 3-топ «Кедергі» тобы

  • Білім алушыларға «Ой қозғау» әдісі бойынша жетелеуші сұрақтар қою арқылы өткен сабақта меңгерген білімдерін еске түсіру.

1.Ток күшін өлшейтін аспап?

2.ЭҚК-нің формуласы?

3.Ток күшін анықтайтын формула

4.Кернеуді өлшейтін құрал?

5.Кедергінің өлшем бірлігі?



Үлестірмелі материалдар



Сабақтың ортасы

20 минут





















І. Білім алушыларға жаңа білімді меңгерту үшін «Түсіндіру және сипаттау» әдісі қолданылады

ЭҚК бар ток көзінен және ішкі кедергіден, кедергісі R болатын тұтынушыдан, К кілттен тұратын тұйық тізбекте өтетін процесті қарастырайық. Кілттің көмегімен тізбекті тұйықтағанда. оның бойынан ток күші I болатын ток өтеді. Ток көзінде Аб =qƐ бөгде күштердің жұмысы есебінен электр өрісі пайда болады. Бұл өріс сыртқы тізбекте де, (тұтынушы) Аэл1 =UR q, ішкі тізбекте де (ток көзінің ішінде) Аэл2 =Ur q зарядтың орын ауыстыруы бойынша жұмыс атқарады. Энергияның сақталу заңы бойынша Аб=Аэл1 + Аэл2 немесе qƐ = UR q +Urq, яғни Ɛ = UR +Ur.
Ɛ = UR +Ur. Бұл формуладан ЭҚК - і тізбектің сыртқы және ішкі бөлігіндегі кернеу түсуінің қосындысына тең. UR =IR және Ur=Ir болғандықтан жоғарғы формуладан I=( Ɛ)/(R+r) толық тізбек үшін Ом заңының математикалық өрнегі болып табылады. Оқылуы: тұйық тізбектегі ток күші ток көзінің электр қозғаушы күшінің шамасына тура пропорционал, тізбектің ішкі және сыртқы кедергілерінің қосындысымен анықталатын толық кедергіге кері пропорционал.
Толық тізбек үшін Ом заңының екі шекті жағдайы:
Сыртқы тізбектің R кедергісі ток көзінің кедергісінен көп үлкен болсын (R >> r), сонда I=( Ɛ)/R немесе Ɛ = IR, яғни Ɛ = R және Бұдан сыртқы тізбектегі кернеу шамамен ток көзінің ЭҚК - іне тең екенін көреміз.
Сыртқы тізбектің кедергісі нөлге тең R = 0болса, I=( Ɛ)/(R+r) сәйкес I=( Ɛ)/r = max Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады. Қысқа тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші ең үлкен мәнге жетеді, ал сыртқы тізбектегі кернеудің түсуі нөлге ұмтылады.( R 0) Демек электр өрісінің жұмысы ішкі тізбекте (ток көзінің ішінде) жасалады. Қысқа тұйықталу кезінде ток күші өте үлкен, сондықтан оның ток көзінің істен шығуына қауіп тудыратынын есте ұстау керек

Білім ландтан қысқаша Бейнеролик көрсетіледі.

1.Топтық жұмыс.Постер қорғау

Объект 1

Дескриптор:

1. Есептің физикалық мағынасын түсінеді.

2. Есептердің шартын жазып, өлшем бірліктерін ХБЖ-не айналдыра алады.

3. Толық тізбек үшін Ом заңына байланысты формуланы пайдаланып, есептер шығара алады.

Дескриптор бойынша «Өзін-өзі бағалау» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіледі

2. Жұптық жұмыс

«Досыңмен бірге орында» әдісі бойынша жұптық жұмыс жүргізіледі

1. Өткізгіш ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом, тоқ күші неге тең?

2. Тоқ күшінің формуласының өлшем бірлігін жаз.

1. Тоқ 32мкА болса, 1сек ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қанша заряд өтеді?

2. Тоқ күшін қандай құралмен өлшейді?

1. Егер 10 сек ішінде 6 Ом кедергі арқылы 3Кл заряд өтетін болса кедергідегі кернеуді тап.

2. Ом заңының формуласын жаз.

Бағалау: «Өзара бағалау»әдісі арқылы бағалау жүргізілді.



































BILIM LAND электронды оқулық








Плакат,постер






































Үлестірмелі материалдар









Сабақтың соңы


5 минут












5 минут


















Сабақты бекіту мақсатында Жеке жұмыс жүргізілді.

1 топ

2 топ

3 топ


Кері байланыс. Рефлексия

«Тазалық кері байланысы»








Үлестірмелі материалдар




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!