Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілер мен психологтарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
259
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ермекбаева Мира Аманжоловна психолог

Ақтөбе қаласы МКҚК «№28 «Көркем» МДҰ .


«Түстер сыр шертеді»


Мақсаты:Балаларды қоршаған ортасына, топ балаларымен жағымды көңіл-күй қалыптастыра отырып ,достыққа ,ұйымшылдыққа тәрбелеу.Балалардың зейінін тұрақтандыру,есте сақтау,ойлау,вербальды емес тәсілмен (сөйлемей) есту арқылы қабылдауын және қиялдауын одан әрі дамыту

Міндеттері: Білімділік: Балаға өзінің көңіл-күйін анықтап бағалай отырып өзгелердіңде көңіл –күйіне назар аудара білуге үйрету.

Дамытушылық:Көңіл –күй ұғымын бекіту.Балалардың ой –өрісін дамыта отырып сөздік қорларын байыту.

Тәрбиелік:Балалар өз ойларын, пікірін жеткізе білуге баулу.Өзіне және қоршаған ортаға позитивті қарым –қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Психолог: Қайырлы таң балалар ,мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.сендерді достық шеңберіне шақырғым келіп тұр.

Қол алысып, қәне, біз,

 Достасайық бәріміз.

 Айтарым бар сендерге,

 Тез тұрыңдар шеңберге.

 Қандай жақсы бір тұру,

 Достарменен бір жүру!

 Қандай жақсы дос болу!

 Қане,үлкен шеңбер жасап,қолымыздан ұстап жылы сезімімізді білдірейік.

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Білім беріп тәрбие берген,

Апайларым сіздерге сәлем!

Психолог: Балалар бір –бірімізге қарайықшы,ұқсастығымыз барма? Қандай кім айтады?

Балалар: 2 көз,2 құлақ,2 аяқ т,б

Психолог:Дұрыс айтасыңдар,бірақ біз бөлек армандаймыз екен,мінезіміз де әр түрлі,қимылдарымызда өзгеше солай емес пе?! Олай болса мен сендермен «Көңіл –күй әлеміне »саяхатқа шыққым келіп тұр.Саяхатқа шыққыларын келеме?Саяхатқа немен баруға болады

Балалар: Машинамен, ұшақпен,корабльмен,поездбен т,б

Психолог:Балалар біз кішкене армандап,қиялдап көрейікші.бүгін саяхатқа «кілем ұшақпен» барамыз.Біздің саяхатымыз ерекше болу үшін қане,жайғасып отырайық.Біз жай ғана отырмаймыз иога сияқты отырайық,қолымызды тізенің үстіне қоямыз.Көзімізді жұмайық,арқамызды тік ұстап,иық қолымызды бос ұстаймыз.(жай музыка ойнап тұрады) Жылы жел бетімізді сипап өтти, күн шығып денемізді қыздыруда, өздерің жақсы көретін адамдарыңды еске алыңдар.Мамамызға күлімдейік,папамызды құшақтайық,достарымызға күлімдеп қарайық. Біз ұшып келеміз қаланың үстінен өттік,көптеген құстарды көрдік,балабақшаны көрдік жоғарыдан. Көңіл күй әлеміне де келдік.Ал енді жаймендеп көзімізді ашамыз бір –бірімізге күлімдеп қараймыз.Қандай жақсы бірге жүрген солай ма балалар.Балалар көңіл күй әрдайым өзіміздің жүрегімізде,топтағы балалармен бірге.

(Осы кезде ноутбукка хабарлама келеді) Балалар маған бір хабарлама келді оқып жіберейін. –Саламатсыңдар ма балалар. Қош келдіңдер менің «Көңіл –күй әлеміме» мен өте қуаныштымын,менім сендерге дайындаған сыйым көп.

Психолог: Қане,балалар ,міне көптеген тапсырма берген екен орындауға дайынбыз ба?

Балалар: дайынбыз

Психолог: Түстер тапсырмасы.

Қызыл түстің тапсырмасы :Қорапшада жарты бейнесі бар карточкаларды балалар алып,екінші бейнені тауып ,бір бейне шығарып сыңарымен тұруы қажет.Балалар қарым – қатынасымыз амандасудан басталады екен,көңілдеріңізді көтеріп,амандасып алындар, бұл біздің әлеміміздің бастапқы шарты

1 топ – сәлем достым (қол алысу)

2топ –қалай сенің жағдайың (иықтарын қағу)

3 топ – сен қайда бардың (құлақтарын ұстау)

4топ – мен сені сағындым (жүрек тұсын көрсету)

5топ – сен келдің бе? (қолдарын жаю)

6топ – барлығы жақсы (құшақтасады)

Психолог: Жарайсыңдар балалар амандасқанымызда ерекше болды. Енді келесі түсті қарайық

  • Сары түстің тапсырмасы: : «Ойлан да аяқта» (ойлауды дамытуға)

  • Лимон қышқыл, ал қант .... (тәтті)

  • Егер үстел орындықтан биік болса,онда орындық ..... (аласа)

  • 5саны ,3 тен көп, ал 3 .... (аз)

  • Пышақ та, әйнекте .....(өткір)

  • Ат шабады, ал қарлығаш .....(ұшады)

  • Ит үреді, ал қарға .....(қарқылдайды)

  • Жылан жорғалайды,ал балық .....(жүзеді)

Жасыл түстің тапсырмасы (қиялды дамытуға)

Берілген геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру.

Психолог: Жарайсындар балалар бұл тапсырманы да орындадық

Көк түстің тапсырмасы: «Дайын бол» ойыны (зейінді тұрақтандыру)

  • Балалар шеңбермен жүреді.Бір сөз айтылады балалар сол сөзді қимылмен көрсетуі керек.Мысалы: қоян –секіреді,құс –ұшады,машина –жүреді,экскаватор қазады,бақа –жай жүреді.

Қоңыр түстің тапсырмасы: «Мамандық иелерінің қажетті құралдарын табу» ойыны (қабылдау және көріп есте сақтауын дамыту)

Екі суретті қолдану,бір сурет кесілген ал екінші сурет кесілмеген.суретті көрсетіп алып тастау ,сол есінде қалған суретті құрастыру.

Қара түстің тапсырмасы: «Сурет сал» ойыны (Есту қабілеті арқылы қабылдау,есте сақтау) оқыған әңгімені қағаз бетіне жеткізу.

  • Жексенбі күні мен аққала соқтым. Бірінішісі үлкен дөңгелек,екіншісі орташа дөңгелек, үшінші одан да кіші дөңгелек.Қолдарын қардан соқтым, бір қолына ағаш сынығын ұстаттым,мұрнының орнына сәбіз, көздерін қара көмірден жасадым

Психолог: Жарайсыңдар балалар барлық тапсырманы орындадық енді ,мен сендерге осы түстер жайлы бір құпия ашайын,біздің көңіл күйіміздің өзіне тән түстері болады екен .Сары түс –көңілді,жан –жағымызға қуана қарап шаттанғымыз келеді.

Қызыл түс – сергек,белсенді,секіріп,жүгіріп ойнағымыз келіп тұрады.

Жасыл түс – көпшіл,барлық баламен дос.

Көк түс – сабырлы,тыныш ойнап,терезеге қарап отырғанды жақсы көреді.

Қоңыр түс – ашулы,ренішті көңіл –күй

Қара түс – мұңды,маған ештеңе қызық емес,

Түсіндікпе балалар,олай болса мынадай ойын ойнайық. Музыкамен ортаға шығып билейміз музыка тоқтағанда тездетіп барып әркім өзіне ұнаған түсті алуы керек,жай тұрмай сол түске байланысты көңіл күй бейнесін көрсетуі керек.келістікпе.(2рет ойнату)

Психолог: Балалар көңіл –күй әлемінің бізге дайындаған сыйы көп екен мен Құрғақ субұрқақты көріп тұрмын

Балалар: Қоштасар бізге келді кез,

Қоштасқымыз келмейді –ақ.

Еңсемізді түсірмей,

Қабылдайық субұрқақ

Психолог: Қане,балалар субұрқаққа барайық,субұрқақтың алуан түрлі тамшыларын беттеріңе,қолдарыңа тигенін сезіндіңдерме.Міне барлық шаршағандарын,реніш,іш пыстырар ауыр көңіл –күй барлығы артта қалды.Сендер бұл субұрқақтан қаншама сергектік,өмірге деген құштарлық,шаттық сезім алып шығасыңдар.Тамаша балалар, бүгінгі алған жағымды энергияларың бойларыңда ұзақ уақыт сақталатын болады.Балалар әзірше көңіл –күй әлемімен қоштасайық.

Қош сау болыңдар!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!