-
Оқиға айту (Мұғалім
сыйы).
Өсімдіктер мен
кемпірқосақ
Баяғы заманда жер бетіндегі
өсімдіктердің барлығы тек жасыл түсті болыпты. Бір күні қатты
жаңбыр жауып, олар қуанып, асыр салады. Жаңбырдың қалай басылғанын
да байқамайды. Жапырақтар бетінде жаңбыр тамшылары қалады. Тамшылар
да өсімдіктермен бірге ойнағысы келгендей түрлі-түсті түске енеді.
Дүние әдемі боп кетеді. Кенет өсімдіктер жаңбыр тамшыларынан әдемі
біреудің өздерімен бірге күліп, ойнап, қуанғанын көреді. Оның
сұлулығына таң қалады.
— Сен кімсің? – деп сұрайды одан
Алма.
— Менің атым Кемпірқосақ, –
дейді ол көзін қысып.
— Сен жаңбыр суының ішіне қалай
кіріп кеткенсің? – дейді Алма таңданысын жасыра
алмай.
— Мен жаңбыр суының ішінде
емеспін, мен аспандамын, – дейді
Кемпірқосақ.
Аспанға қараған Алма тіпті таң
қалады.
— О-о-о, сен неткен сұлусың,
Кемпірқосақ, мен де сен секілді сұлу болсам ғой, шіркін,- дейді
қызығып.
Алма мен Кемпірқосақтың
әңгімесін естіген Қызанақ:
— Мен де сұлу болсам ғой, –
дейді.
— Менің де сұлу болғымкеледі, –
дейді Баклажан қалыспай.
Сонда
Кемпірқосақ:
— Менің қай түсім ерекше ұнады
саған? – депсұрайдыАлмадан.
— Қызыл түсің, –
дейдіАлма.
— Онда мен саған қызыл түсімнен
берейін, – дейді де Кемпір қосақ Алмаға қызыл түсінен сәуле шашады.
Алма қып-қызыл нарттай боп кетеді. Ол қатты қуанады. Оны көрген
Қызанақ:
— Менің де қызыл болғым келеді,
– дейді тағатсыздана.
— Онда сен де қызыл бол, – деп
Кемпірқосақ Қызанаққа да қызыл түсінен сәуле жібереді. Лезде
Қызанақ та қып-қызыл боп қуанышқа
бөленеді.
Солсәт
Баклажан:
— Менің де қызыл болғым келеді,
– дейді.
Онда сен де қызыл бол,
Баклажан, – депКемпірқосақоған да
қызылтүсіненбөліпбереді.
Бірақ Баклажанға қызыл түс
ұнамай қалады. Ол:
— Жоқ, менің қызыл түсті болғым
келмейді. Маған көк түсің ұнап қалды, – дейді
Кемпірқосаққа.
Баклажанның мінезін ұнатпаған
Кемпірқосақ:
— Мен берген түсімді қайтала
алмаймын. Мә, саған көктүс, – деп қызыл түстің үстіне көк түсін
шашып жібереді. Баклажан қою көк түсті болып шыға
келеді.
— Қалай түсіңенді ұнады ма? –
дейді оған Кемпірқосақ.
Кемпірқосаққа ренжіп қалған
Баклажан басын төмен қаратып бұртиып оған сөйлемей
қояды.
Жеміс-жидектер мен
көкөністердіңбіріненкейінбіріәдемітүскееніпжатқанынкөргенҚияржапырағыныңарасынаншығаалмайбіразәурегетүседі.
Дау Асқабақ маңғаз қалпы
асықпай:
— Менің сары болғым келеді, –
дейді.
— Сен сары бола ғой, Асқабағым,
– деген Кемпірқосақ оған сары түсінен шашып
жібереді.
Сол сәт секіремін деп
жапырақтарының арасынан сәл басы қылтиып көрініпқалған Қиярға сары
түстің біртамшысы тамып кетеді. Лезде-ақ Қиярдың басындағы
жап-жасыл гүлі сап-сары боп шыға келеді. Қуаныштан беті бал-бұл
жанған Қияр отыра қап басындағы сары гүлін тамашалауға
кіріседі.
Ал Асқабаққа сары түс түгел
жетпей, оның денесінде жасыл жолақтар қалып қояды. БірақАсқабаққа
мына түсі де қатты ұнайды. Ол
Кемпірқосаққа:
— Рахмет саған Кемпірқосақ!
Менің түсімдей түс ешбір өсімдікте жоқ-ау деймін. Мен осы түсіммен
қаламын, – дейді жадырап.
Бағанадан бері айналасындағы
болып жатқан оқиғаға ұйқылы ояу қарап жатқан Қарбызға Асқабақтың
түсі ұнап кетіп ұйқысы шайдай ашылады. Ол да қалыспай
Кемпірқосақтан әдемі біртүсті сұрап алайын деп ұмтыла бергенде,
Кемпірқосақ жоқ болып кетеді. Қарбыз жасыл күйінде қалады. Содан
бері ол Кемпірқосақтың шығуын күтіп үнемі аспанға қарап жататын
болыпты.
-
Неліктен өсімдіктердің
барлығы кемпірқосаққа таң қалды?
-
Айналасының бәрін сұлулыққа
бөлеген Кемпірқосақты қандай адамға теңеуге
болады?
-
Адам қандай қасиеттерімен,
әрекеттерімен жан-жағын нұрға бөлейді?
-
Өздерің басқа адамдардан
жылы сөз, мейірім, ізгілік сезінгенде қандай күйге
бөленесіңдер?
|