Материалдар / Ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ орта топ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2023
184
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҒАЖАЙЫП МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ


Ашық сабағы: орта топы Гүлдер

Тәрбиеші : Сейдахметова Алмакуль Еркадыровна



Оқу қызметінің мақсаты

Балалардың 10 көлемінде сандық есептеу , сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Балалардың тілін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру



Сөздік жұмыс



Бүгіңгі оқу қызметінде таным білім беру саласы бойынша өткен тақырыптарды пысықтап, қайталайтын боламыз.



Әдіс-тәсілдер



сұрақ – жауап, түсіндіру,тапсырмаларды орындау, ойын.



Құрал-жабдықтар



суреттер, қыстырғыштар, тәрелкелер,геометриялық пішіндер



Оқу қызметінің барысы



Ұйымдастырушылық кезеңі: Шаттық шеңбер:



Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз тыныштық,

Ашық болсын кең аспан.

Мықты болсын іргеміз,

Бәрімізде біргеміз.

Жылуына жылу қос,

Міне, менің қолым бос

- Балалар бір – бірімізге жылуымызды қолымыз арқылы берейік. Тек жақсы сөздер айтайық. Жаңа айттық қой біз бәріміз бір - бірімізбен доспыз, ал достар бір – біріне әрқашан көмектесу қажет. Ал, сендер көмектесуге дайынсындар ма? Олай болса мен сендерге бірнеше сұрақ қояйын, сендер көмектесуге дайынсындар ма, дайын емессіңдер ме тексеріп көрейін.?

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар? (4)

- Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

- Көктем мезгілінде неше ай бар? (3)

- Қане, көктем мезгілінің айларын атайықшы. (Наурыз, сәуір, мамыр)

- Қазір көктем мезгілінің қай айы? (сәуір)

- Бір аптада неше күн бар? (7)

- Бір жылда туған күн неше рет болады?

Тамаша, балалар сендер көмектесуге дайын екенсіңдер олай болса орнымызға отырайық.

Балалар,бүгін топқа келе жатсам,біздің топқа арнап жазған хат тауып алдым.Кімнен болды екен,оқып көреміз бе?

- Балалар бүгін алыстағы ормандағы қоянның туған күні екен. Ол сендерден көмек сұрап орманнан хат жазған. Ол қонақтарын шақырып қойған еді үлгере алмай бізден көмек сұрап жатыр. Көмектесеміз бе? Олай болса қоян асығып жүріп қонақтарға жаятын тәрелкелерін сындырып алыпты. Соны тез – тез құрастыру қажет. Көмекші қажет. (Балалар тақтаға шығып тәрелкелерді құрастырады.)

- Енді қарандаршы тәрелкелер 2,3,4 бөлікке сынып қалыпты және бір тәрелке бүтін екен. Күнделікті өмірде қандай заттарды бөлеміз? (алманы, қағазды және т.б заттарды). Балалар бізде қоян нені жақсы көреді?Ұнататын көкөнісі қандай?Сәбіз дұрыс айтасындар.Енді біз казір алдарында жатқан сәбіздерді санап санмен сәйкестендіреміз. Жолақшаларды алып алдымызға қоямыз,жолақшалардың үстіне сол жақтан оң жаққа қарай сәбіздерді қойып шығамыз.Сәбіздерді санап керекті санмен сәйкестендіреміз.Енді балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.



«Орнынды тап» ойыны

Ойын шарты:

Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші «Ап, қасқырым аш» деп балаларды ойнап қуса балалар «қасқырдан» құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік номерімен тауып алу керек

- Енді балалар осы қоянға қонаққа келген қонақтарды аңдарды өзінің орындарына орналастыру қажет. Ол үшін балалар мына қонақтардың аңдардың артында сандар жазылған сол бойынша діңденрге орналастырып шығайық. (Балаларға бір – бірден берем, олар ағаштың діңіне санына сәйкес отырғызады.(Аю, қасқыр, тиін, түлкі, кірпі.)) Келген қонақтарды орналастырып болдық. Енді өзіміз осы аңдардың қимылдарын салып көрейік, шынығып алайық.

Сергіту сәті:

Қане қане тұрайық

Шынығайық, ойнайық

Қоян болып секіріп

Аю болып қорбандап

Түлкі болып қимылдап

Қасқыр болып ырылдап

Бойды жазып шынығып

Орнымызды табайық

- Енді балалар қоян бізден тағыда көмек сұраған екен. Осы қоянның қонағы нешеу? (5) және қоян өзі бар барлығы нешеу болады? (6)

- Қонақтын саны алтау, ал тәрелкенің саны нешеу? (6)

- Қонақ көп пе? Тәрелке көп пе? (тең)

- Енді қонақтарға қойылған печенье нешеу? (3)

- Тәрелке көп пе? Печенье көп пе? (тәрелке)

- Енді осы қонақтарға печеньені жеткізу үшін біз не істеу керекпіз? (үш печенье қосу керекпіз)

- Қоссақ бізде неше шығады? (6)

- Олай болса балалар тағы үш печеньеден қосы қоямыз

- Барлық қонақтарға бірдей жетті ме тағам? (жетті)

Ойын: «Шатасқан жіптер» - Балалар біз шатасқан жіптерді шешіп алып бір жіптін екі ұшын бір түсті қыстырғышпен біріктіру керекпіз. Болдық па,? Балалар енді суретіміздің келесі бетін аша қояйық. Тексереміз дұрыс таптық па. Оны қалай тексереміз, бері қарай қойындар міне бұл қандай жеміс? Енді кивидің бір бөлігінде сары қыстырғыш тұр, екінші бөлігінде де сары тұр, яғни жіп дұрыс шешілді. Солай өзімізді тексеріп шығайық.



- Балалар қоянға тағы бір көмек қажет, ол нешеге толып жатқанын ұмытып кетіпті. Қоянның жасын анықтау үшін мен сендерге логикалық есептер оқимын ,ал сендер мұқият тындап,ойланып жауабын айтасындар.Бірдей екі сан қояннын толып жатқан жасын білдіреді екен(жауабын тақтаға іліп отырамыз)

-Ағашта 7 құс отыр,оның біреуі ұшып кетті,ағашта қанша құс қалды?

-Бір қоянда екі құлағы бар,ал екі қоянда ше?

-Себетте үш алма,табақта үш алма қосқанда болады барлығы неше алма?

-

- Балалар қоян нешеге толды? (6)



- Балалар сендер білесіндер туған күнде қонақтар қоянға не істеу керек? (туған күн иесіне сыйлық сыйлау керек)

- Сендер қоянға сыйлық сыйлағыларын келе ме? (ия)

.Сыйлық жасамас бұрын тақтаға қарандарш не ілініп тұр.Бұларды біз қалай атаймыз?Дұрыс геометриялық пішіндер.Бір пішінді қолымызға алайық. Балалар бұл қандай пішін, түсі қандай? Бұрыштары бар ма? Енді екі пішінді беттестіру керекпіз.Не көріп тұрмыз?



-Олай болса мен сендерге пішіндер беремін, ал сендер ол пішіндерді мына сызықтын бойымен орналастырып қоянға моншақ жасаймыз. Ол моншақты жасау үшін өзінің бір заңдылығы бар. Біз заңдылық не екенін білеміз. Бірінші қандай пішін тұру керек (шаршы көк түсті), содан кейін не тұру керек, солай тізбек жалғаса береді. Сызбаға қарап орындаймыз.

- Кімнің моншағы әдемі және заңдылық бойынша орындалады екен. Жіптін бойына орналастырамыз.

- Болсақ алдымызға қояйық мен қарап шығамын.

-Балалар біз моншақты кімге жасадық (қоянға)

- Не себепті біз қоянға моншақ жасадық? (себебі қоянның туған күні)

- Біз қоянға көмектесу арқылы нені қайталадық? (заттың бөліктерін, сандарды, есептерді, заңдылықты)

- Балалар сендерге оқу қызметі ұнадыма? (?)

- Балалар қоян сендерге көмектерін үшін және туған күніне байланысты шашу беріп жіберіпті! (балаларға шашуды тарату)






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!