Материалдар / Ашық сабақ

Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады




Бөлім:

«Бөліп шығару»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы (бүйрек, несепағар, қуық, несеп жолы) мен қызметі. Бөліпшығару және сүзу мүшелері. Бүйректің құрылысы (қыртысты және милы қабат, нефрон, пирамида, астауша, бүйрек өзекшелері). §28. Шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.5.1 адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау.

8.1.5.2 бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттайды;

Кейбір оқушылар:бүйректің құрылымдық бөліктерін атайды;

Көпшілік оқушылар: зәр шығару мүшелерінің ерекшеліктері мен қызметін талдайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып тәртібін қадағалау.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Менен бір мотивациялық сөз» атты психологиялық ахуал туғызу.



Оқушылар ұстазымен амандасады. Сынып тәртібін сақтайды, мотивациялық сөздер айтады.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мотивациялық сөздер


Жетістік

Ұмтылыс

Талпыныс

Мейірімділік

Кең пейілділік

Қуаныш

Бақыт

Жаңа сабаққа кіріспе

Мағынаны білу


«Суретті сөйлет» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.



Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;




Мақсаты: Функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Т иімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


презентация



Сабақтың ортасы мағынаны түсіну





Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар беріледі.



Жануарлар ағзасынан қандай заттар және қай мүшелер арқылы шығарылады?

Олар қайдан алынады?

Қандай үдерістер нәтижесінде түзіледі?

Сүтқоректі жануарлардың бөліп шығару жүйесіне қандай мүшелер жатады?

Нефрон дегеніміз не?

(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы сұраққа жауап беру арқылы орындайды;)


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


п резентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану




Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі. «Мағынаны қолдану» айдарындағы тапсырманы дәптеріне жазады.


Тапсырма

1. Суретке назар аударыңыз.

Суреттегі зәр шығару жүйесінің № 2 санымен белгіленген мүшесін атаңыз.

2___________________________________________________________________________

2 санымен берілген мүшенің атқаратын қызметін сипаттаңыз.

_________________________________________________________________________________________________________________________


2. Суретке назар аударыңыз.

Е әрпімен белгіленген бүйрек құрылымын атаңыз. Қызметін жазыңыз.

Е_____________________________________________________________________________

Қызметі:_______________________________________________________________________


Бағалау критерийі:


-Адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін анықтайды;

-Бүйректің құрылымдық бірлігін таниды және түсіндіреді;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін түсіндіреді – 2 балл;

- бүйректің құрылымдық бірлігін атайды және қызметін сипаттайды– 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны талдау



Оқушыларға жалпылама төмендегі талдау тапсырмасы беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.





«Кестемен жұмыс»


Бағалау критерийі:


-зәр шығару мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін салыстырады және қызметін зерделейді;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- зәр шығару мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін сипаттайды және қызметін жазады – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны жинақтау






Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау тапсырмасы беріледі.


«Суреттегі сандарды сөйлет»

Бағалау критерийі:


-нефронның құрылымын зерделейді;





(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


-нефронның құрылымдарын атайды және сипаттайды – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

Оқушыларға бұгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бағалау тапсырмасы беріледі. Әр орындаған оқушы бағаланады.



Мағынаны бағалау тапсырмасы:


1.Қарапайымдардан бастап жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы туралы эссе жазыңдар.

2. Бүйрек артериясының қанына зиянды заттардың (несепнәр) түсуінен бастап жүретін үдерістер мен құрылымдарды дұрыс ретпен орналастырып жазыңдар.

3. Адам ағзасы үшін зәр шығару маңызын түсіндіріңдер


Бағалау критерийі:


- Қарапайымдардан бастап жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясын сипаттайды;

- Бүйрек артериясының қанына зиянды заттардың (несепнәр) түсуінен бастап жүретін үдерістер мен құрылымдарды дұрыс ретпен орналастырады;

- Адам ағзасы үшін зәр шығару маңызын түсіндіреді;


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- Қарапайымдардан бастап жануарлардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы туралы эссе жазады – 2 балл;

- Бүйрек артериясының қанына зиянды заттардың (несепнәр) түсуінен бастап жүретін үдерістер мен құрылымдарды дұрыс ретпен жазады – 1 балл;

- Адам ағзасы үшін зәр шығару маңызын атайды – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс


«Жетістік баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».





















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі