Қазақ тілі 6-сынып Сабақ № 40 Күні:
15.11
Сабақтың
тақырыбы: Сыйлық жасау
дәстүрі
Сабақтың
мақсаты:
1.
Білімділік: Оқушылардың
білімдерін тақырып бойынша
жетілдіру, грамматикалық
тақырып туралы түсініктерін
кеңейту.
2.
Дамытушылық: Берілген
тақырып көлемінде оқушылардың коммуникативтік компетенцияларын;
ой-өрістерін, сөздік қорын молайту арқылы, күнделікте және ауыз-екі
сөйлеуде пайдалануын дамыту.
3.
Тәрбиелік: Мәтін және
берілген тапсырмалар арқылы адамгершілік, ізгілік, парасаттылыққа
тәрбиелеу, уақытымен және орынды сыйлық жасап, қуаныш білдіруге
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: дәстүрлі, жаңа
сабақ
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап,
қайталау, баяндау, жазбаша жұмыс, шығармашылық
жұмыс.
Сабақтың
көрнекіліктері.жаңа сөздер,
сөздік, түрлі-түсті қиықшалар,үлестірмелі
қағаздар,интерактивті
тақтадағы ақпарат пен тапсырмалар,
кестелер.
Сабақтың
барысы:
1.
Ұйымдастыру кезеңі
1 Оқушылармен
сәлемдесу. Әлемнің ең танымал 5 тілінде амандық
сұрау
2 Топқа
бөлу:
Топты таныстыру сәті. Оқушыларға буынға
бөлінген топ атауларының шашыранды қиықшалары беріледі. Екі топ
оқушылары топ атауын дұрыс құрастырып, өз орындарын
табады.
1-топ –
Бәйшешек
2-топ -
Қызғалдақ
3.Үй тапсырмасын
тексеру. Сандықшадағы үлестірмелі қағаздар арқылы
өткен сабақтағы тақырыпты
пысықтау
4. Жаңа сабақ. Бейнебаян. «Сыйлық
таңдау»
2 минуттық бейнебаянды
көреді. Көріп танысқаннан кейін,
түсінгендерін айтып, бүгінгі сабақ тақырыбының не туралы екенін
ашады.
5. Сөздік
жұмыс:
Сыйлық жасау – делать
подарок
дәстүр –
традиция
Сыйлау – дарить,
уважать
шын пейіл - от
души
мейірімділік -
доброта
талғам -
вкус
ашықхат
–открытка
Мыңжылдық –
тысячелетие
Достықтың белгісі – знак
дружбы
Сыйлықты таңдау – выбрать
подарок
Баға –
цена
Қымбат
–дорого
1-тапсырма: Мәтінмен
жұмыс. Топтық
жұмыс. Мозайқа әдісі бойынша
пазлдар арқылы мәтін шығару, мағынасын түсіну үшін орысша
аудару:
1-топтың
мәтіні:
Сыйлықтың тарихы екі мың
жыл бұрын бастау алады. Сыйлық жасауды бала кезінен үйрену керек.
Сыйлықты дұрыс таңдап, тарта білу керек. Шын пейілден жасалған
сыйлық адамға қуаныш әкеледі.
2-топтың
мәтіні: Әлемде сыйлық алғанды
ұнатпайтын адам жоқ шығар. Кез-келген сыйлық адамды қуантады.
Әртүрлі мерекелерде сыйлықтар беріледі. Ол әрқашанда құрмет пен
сыйластықтың, достықтың белгісі.
І.Өздік жұмыс(дәптерде
орындау)
2-тапсырма: Тақтамен
жұмыс.Жеке жұмыс. Әр топтан бір
оқушы тақтаға шығып берілген грамматикалық талдауды жасайды
.
Берілген
сөздер: 1-топ –
сыйлық сөзін
тәуелде;
2-топ -
мереке сөзін
септе.
3-тапсырма:Сызбамен ауызша
орындалатын жұмыс: Аударма
Жазбаша жұмыс.
4-тапсырма:
Сұрақтарға жауап беріп,сөйлем
мүшелеріне талдау жаса . Ереже дәптерін ашып, еске
түсіру.
-
Сен анаңа не сыйлайсың
?
-
Сыйлықты қашан береді
?
Интерактивті ойын: «Кім
жылдам?» ойыны ,жеке-жеке оқушылар
бағаланады.
5-тапсырма. Сыйлыққа жатпайтын затты табу
арқылы артық сөзді айту.
-
Қуаныш, қайғы,бақытты
кез
-
Кітап,кәдесый,
ұйықтау
-
Сырға, өзен,сағат,
сақина
-
Қабырға,алғыс, жылы
сөз
-
Гүл шоғы, ашу,
әшекей
-
Иіссу, әмиян,
бор
Сергіту сәті.
«Қыдырып қайтайық» әні
Дәптермен
жұмыс:
6-тапсырма:Сөйлемдердің дұрыс, бұрысын
анықтау. Дәптерде
орындалады
1.Сыйлық қымбат болу керек.
(теріс)
2.Туысыңа, досыңа арнап
өлең,ән айтуға болмайды. (теріс)
3.Сыйлық әкелмеген адамға
ренжімейді. (дұрыс)
4. Сыйлық ұнамаса, қайтарып
беру – әдептілік. (теріс)
5. Сыйлықтың бағасын сұрап,
жұрттың көзінше пайдалы не пайдасыз екенін айтуға болмайды.
(дұрыс)
-
Гүл, ашықхат адамның
көңіл-күйін көтермейді.(теріс)
Ауызша
жұмыс.7-тапсырма: «Кім тапқыр?»
ойыны. Топтық тапсырма: Берілген
мақал-мәтелдердің жалғасын тап
-
Қызығын көрмеген малдан не
пайда,
Сыйласып жүрмеген жаннан не
пайда?
-
Сыйлық қымбат емес,
Сүю қымбат.
-
Сыйлассаң -
сыйлы боласың.
-
Сыйлап берген су Сатып алған
балдан тәтті.
-
Туғаныңмен сыйласпасаң, Кең
дүниеге сыймассың.
-
Сыпайы сөйлеу — сырбаздық,
Ағайын сәні - сыйластық.
-
«Сіз» деген - әдеп, «Біз»
деген - көмек.
8.Жақсы сыйлық жанды
жылытады.
Жазбаша дәптермен
жұмыс: 8-тапсырма: Гул күлтелеріне
синоним сөздерді тауып орналастыру. 1-топқа -
сыйлау
, 2-топқа
– әдемі сөзі.
• Сыйлау,құрметтеу,қадірлеу,ардақтау,қасиеттеу,қастерлеу.
• Әдемі ,сұлу,
,әсем,көркем,көрнекті,ажарлы.
9-тапсырма:Топтық жұмыс: Әр топқа
таратылған ашықхатқа құттықтау тілегін жазу.
Үй
тапсырмасы: “Саған қандай сыйлық
ұнайды?” диалог құру
Бағалау. Әр тапсырмалар бойынша жинаған
ұпайларын санап, сабақта алған бағаларын
анықтайды.
Бағалау
парағы
|
«2»
|
«3»
|
«4»
|
«5»
|
0-2
балл
|
3-5
балл
|
6-8
балл
|
9 балдан
жоғары
|
Рефлексия
:
Оқушыларға стикерлер
тарату,өтілген сабақ бойынша өз пікірлерін жазуды
ұсыну .Смайлик арқылы Сабақтан
алған әсерін ,сабаққа қатысты көңіл-күйін
білдіреді