ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999999
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мерзiм: 15.02.2018ж

Тақырып: Сенім туралы

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: Сенім, өзін – өзі алдамау, өтірік айтпау,

Мұғалiм: Маратқызы Ж

Сынып: 5 А -сынып

Оқушылар саны - 21 Қатысқаны -

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі сенімділіктің маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларға «сенім» ұғымының мәнін аша отырып, адалдық қасиетіне түсінік беру;

- Оқушыларға өз-өзіне сенімді болу, басқаларға сенім білдіру, сенімділік таныту іскерліктерін жауапкершілік қасиеті арқылы дамыту;

- Оқушыларды адамдармен сенімді қарым-қатынас құруға, шынайылық қасиеті арқылы тәрбиелеу;

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

Оқулық, дәптер, слайд, үнтаспа, видиоролик

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті: «Су асты патшалығына саяхат»

Үнтаспа

3 мин

5 Т – ережесін еске түсіру

Т- тәртіп

Т- талап.

Т- тыныштық.

Т- тазалық.

Т- татулық.

Слайд

1 мин

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Өзіңе сенімділік мақсатқа жеткізер» тақырыбында шығарма жазу.

Оқушылар шығармаларын оқып өз ойларымен бөліседі.

Шығарма

5 мин

3. Жағымды ой – пікір: Дәйексөз

Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М.Жұмабаев

Сұрақтар:

1. Осы айтылған нақыл сөзбен қаншалықты келісесіздер?
2. Сенім, әдептілік, адамгершілік қасиеттерін байланыстыратын не деп ойлайсыздар? 
3. Әрдайым айналандағы адамдарға сене аласызба? Неге?

Өз ойларыңызды дәптерге жазыңдар.

Дәптер, слайд

5 мин

4. Мұғалімнің сыйы:

«Сынық құмыра»

Сұрақтар:

1.Осы әңгімеден не түйдіңіздер?

2. Қандай жағдайда шыдамдылық танытып, өзіңізді-өзіңіз қадағалай аласыз?

3. Сабырлылық, сенімділік адамды неге жеткізеді деп ойлайсыздар?

бейнетаспа

2 мин

  1. Шығармашылық жұмыс топтық жұмыс.

Қасиеттер жазылған үш қағазбен үш топқа бөлу.(сенімділер, сенімсіздер,әдептілер)

І-топ: «Сенімділер» тобына берілген тапсырма:Сөзтізбек

Тор көздегі сандардың орнына қазақ әліпбиіндегі әріптерді ретімен қойсаңыз, нақыл сөзі шығады. Шыққан сөзді қорғайды.


7

20

24

25

1

23

37

18

37

19



24

8

18

38

17

38

18






3

38

23










10

20

6

1

16

25

15

1

18




1

7

1

17









3

1

23










24

37

13










15

27

23

17

8

25

38

18

8

18



7

8


1

13

37

23

37

16

1

7

37










«Достарының сенімін бір жоғалтқан адам бар сый-құрметінен де айырылады».

ІІ топ: «Сенімсіздер» тобына берілген тапсырма.Сенім сөзі бар өлең құрастырып шығару. 
ІІІ топ: «Әдептілер» тобына берілген тапсырма. Сенімділер мен сенімсіздердің суретін салу.


15 мин

6. Топпен ән айту.

«Сенім»
Мәдина Садуақасова 
1.Сездірмей жүрген, 
Тек өзім білген. 
Бір сенім бар, 
Жоғалмас мүлдем. 
Сол сенім бар да, 
Асығам алға, 
Ақ тілегім, биікке самға. 
Қ-сы 
Тағдыр жолы көп торабы, 
Ақ пен қара жолағы. 
Сенім – маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін, 
Дауылды да жеңемін. 
Жүрегіммен сенемін. 

2. Жылуын берер, 
Шапағат төгер, 
Махаббатым адаспай. 
Асқардай биік, 
Армандар жиып, 
Мен өтемін 
Өмірді сүйіп. 

Қ-сы 
Тағдыр жолы көп торабы, 
Ақ пен қара жолағы. 
Сенім – маған серік болады.
Ақ таңдарды мен көремін, 
Дауылды да жеңемін. 
Жүрегіммен сенемін.

Үнтаспа

4 мин

7. Үй тапсырмасы.

«Сенім» аңыз әңгімені оқып келу

оқулық

8. Қорытынды.

«Біздің топтың жүрегі»

Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі алып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады. Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің, жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі ұмытпау керек

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді өз жүрек тұстарыңа апарып, жүректеріңде мәңгі сақтап алыңдар!


Жүрекше

5 мин






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2018
641
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі