Сабақтың тақырыбы: Нөлмен
аяқталатын сандарды көбейту және бөлу
Сабақтың
мақсаты: Нөлмен аяқталатын сандарды
көбейту және бөлуді меңгерту. Тез ауызша есептеуге, ойлау
логикаларын дамыту, шапшаң есептеуге, өздіктерінен жұмыс істей
білуге дағдыландыру.
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Әдісі: ұлттық ойындар, сұрақ – жауап,
түсіндіру.
Көрнекілік: Слайд,
тест.
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі.
Міндеті: Психологиялық дайындық
жүргізу.
1.Мен оң қолымды жайып,
жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетінде ең ақылды
кім?( адам)
- Сендер де адамсыңдар, сендер
ең күшті, ақылды, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп,
қонақтар алдында сабағымызды бастаймыз.
Саған есеп
үйреткен,
Пәнге қара
құрметпен.
Сандарды тура
табатын,
Қиын, әрі қызықты қандай
сабақ?
Жауабы:
математика
2. Сабаққа дайынбыз
бы?
- Кәне, бәріміз дүзу отырып,
зейінімізді интеракивті тақтаға аударып, мына мақалды оқиық. «
Ынтымақсыз іс бітпес»
- Осы мақалды қалай
түсінесіңдер?
-
Жақсы!!!
- Яғни, « Ынтымақсыз іс
бітпес» мақалын басшылыққа ала отырып, бүкіл сабақ бойы татуласа,
достаса, бірлесе орындайық.
« Кім
жылдам?»
А) Мақал – мәтелдің
жалғасын табу. ( Слайдта шығару немесе
интерактив тақтасына қаламмен жаздыру)
- Досыңды үш күн
сынама,
Үш жыл
сына.
-
Білекті бірді
жығар,
-
Білімді мыңды
жығар.
Ә) Үштің көбейту кестесін
қайталау.
Оқушылар көбейту кестесін
жатқа айту.
Б) Сен білесің
бе?
Адам тәулігіне 1 кг ас пен 2 л
суды пайдаланатын болса, ал оның тыныс алу үшін тәулігіне 25 кг ауа
қажет екен.
II Жаңа
сабақ:
Міндеті: Мағынаны
тану.
Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын
шеберлік,
Сөз кезегін жаңа тақырыпқа
берелік.
Арамызда тапқыр балалар көп
екен,
Нөлмен аяқталатын
сандардыың
Көбейту және
бөлудің
Жолын тыңдып, түсініп
алайық.
Тақтада:
70*90=7( ондық)*(9*10)=7
ондық*9*10=63 ондық*10=63ондық=6300
6300/90=63жүз(9*10)=(63жүз/9)/10=7жүз/10=70
III.
Пысықтау
Міндеті: Оқушылардың өткен оқу
материалдарын дұрыс және саналы қабылдауын
анықтау.
1 Сергіту сәті (
Музыка)
Біздер бүгін
баламыз,
Өсіп алға
барамыз.
2020 –шы
жалдары
Біз де азамат
боламыз.
2
Сырлары көп
білімнің
Шешілмеген әлі
де.
Тереңдігі
білімнің
Керек екен
бәріңе.
« Ақ
сүйек» ойыны. ( 6 есеп шығару үшін
мұғалім сүйекті алып оқушының алдына тастайды, шығарып болғаннан
кейін сүйекті келесі оқушыға береді)
Кестені
шығару:
80*60= 4800/60= 900*40=
3600/40=
60*80= 4800/80= 40*900=
3600/9=
3. «
Ханталапай» ойыны. Деңгейлік тапсырмалар.
( Әр қатардан оқушы шығып, №-ті таңдайды,№ асыққа
жапсырылады)
1 қатар. 1-деңгей
№5
2 қатар. 2-деңгей
№6
3 қатар. 3-деңгей
№8
4 қатар. 4-деңгей
№9
4. «
Аукцион» ойыны. Аукционға қой, ешкі,
сиыр, жылқы малдарын салу.
2457*3+1375*2=
80*70+50*40=
27456/3-3076=
400*20-600*50=
5. « Тездет, бірақ
қателеспе» ойыны.
Міндеті: Оқушылардың білімді, іс –
әрекет амалдарын меңгеру сапасын анықтау.
6. Тест
жұмысы (2 – 3 минут орындалады. Жауап
кілттері тақтаға шығарылады, көршілер бір – бірінікін
тексереді)
7. Түзету
кезеңі.
Міндеті: Оқушылардың анықталған
кемшіліктерін өздері түзетуге арналған әрекеттер
ұйымдастыру.
8.
Шығармашылық
жұмыс. « Кім
жылдам?»
50 дәптер-15 теңге
4
000-ге ?
10 кітап-760
теңге
IV.
Қорытынды: Не білдік? Не
үйрендік?
Мұғалім: Бүгінгі, яғни « Ынтымақсыз іс
бітпес» мақалын ойын барысында басшылыққа ала отырып, өзіміз
математика пәнінен жүйрік, алғыр екенімізді
көрсеттік.
V. Үй тапсырмасы жайында
мәлімет беру кезеңі.
Міндеті: Оқушыларға үй тапсырмасының
орындалуы мен мақсат – міндеттерін
түсіндіру.
VI. Оқушыларды
бағалау.
Міндеті:Жеке оқушының және сыныптағы
оқушылардың жұмыстарына сапалы баға беру.