ашық сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабағымды аудандық семинарда өткіздім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: Нөлмен аяқталатын сандарды көбейту және бөлуді меңгерту. Тез ауызша есептеуге, ойлау логикаларын дамыту, шапшаң есептеуге, өздіктерінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: ұлттық ойындар, сұрақ – жауап, түсіндіру.

Көрнекілік: Слайд, тест.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Міндеті: Психологиялық дайындық жүргізу.

1.Мен оң қолымды жайып, жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын. Жер бетінде ең ақылды кім?( адам)

- Сендер де адамсыңдар, сендер ең күшті, ақылды, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімімізге сеніп, қонақтар алдында сабағымызды бастаймыз.

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Сандарды тура табатын,

Қиын, әрі қызықты қандай сабақ?

Жауабы: математика

2. Сабаққа дайынбыз бы?

- Кәне, бәріміз дүзу отырып, зейінімізді интеракивті тақтаға аударып, мына мақалды оқиық. « Ынтымақсыз іс бітпес»

- Осы мақалды қалай түсінесіңдер?

- Жақсы!!!

- Яғни, « Ынтымақсыз іс бітпес» мақалын басшылыққа ала отырып, бүкіл сабақ бойы татуласа, достаса, бірлесе орындайық.

« Кім жылдам?»

А) Мақал – мәтелдің жалғасын табу. ( Слайдта шығару немесе интерактив тақтасына қаламмен жаздыру)

- Досыңды үш күн сынама,

Үш жыл сына.

  • Білекті бірді жығар,

  • Білімді мыңды жығар.

Ә) Үштің көбейту кестесін қайталау.

Оқушылар көбейту кестесін жатқа айту.

Б) Сен білесің бе?

Адам тәулігіне 1 кг ас пен 2 л суды пайдаланатын болса, ал оның тыныс алу үшін тәулігіне 25 кг ауа қажет екен.

II Жаңа сабақ:

Міндеті: Мағынаны тану.

Мұғалім: Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін жаңа тақырыпқа берелік.

Арамызда тапқыр балалар көп екен,

Нөлмен аяқталатын сандардыың

Көбейту және бөлудің

Жолын тыңдып, түсініп алайық.

Тақтада:

70*90=7( ондық)*(9*10)=7 ондық*9*10=63 ондық*10=63ондық=6300

6300/90=63жүз(9*10)=(63жүз/9)/10=7жүз/10=70

III. Пысықтау

Міндеті: Оқушылардың өткен оқу материалдарын дұрыс және саналы қабылдауын анықтау.

1 Сергіту сәті ( Музыка)

Біздер бүгін баламыз,

Өсіп алға барамыз.

2020 –шы жалдары

Біз де азамат боламыз.

2 Сырлары көп білімнің

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің

Керек екен бәріңе.

« Ақ сүйек» ойыны. ( 6 есеп шығару үшін мұғалім сүйекті алып оқушының алдына тастайды, шығарып болғаннан кейін сүйекті келесі оқушыға береді)

Кестені шығару:

80*60= 4800/60= 900*40= 3600/40=

60*80= 4800/80= 40*900= 3600/9=

3. « Ханталапай» ойыны. Деңгейлік тапсырмалар. ( Әр қатардан оқушы шығып, №-ті таңдайды,№ асыққа жапсырылады)

1 қатар. 1-деңгей №5

2 қатар. 2-деңгей №6

3 қатар. 3-деңгей №8

4 қатар. 4-деңгей №9

4. « Аукцион» ойыны. Аукционға қой, ешкі, сиыр, жылқы малдарын салу.

2457*3+1375*2=

80*70+50*40=

27456/3-3076=

400*20-600*50=

5. « Тездет, бірақ қателеспе» ойыны.

Міндеті: Оқушылардың білімді, іс – әрекет амалдарын меңгеру сапасын анықтау.

6. Тест жұмысы (2 – 3 минут орындалады. Жауап кілттері тақтаға шығарылады, көршілер бір – бірінікін тексереді)

7. Түзету кезеңі.

Міндеті: Оқушылардың анықталған кемшіліктерін өздері түзетуге арналған әрекеттер ұйымдастыру.

8. Шығармашылық жұмыс. « Кім жылдам?»

Shape2 Shape1 50 дәптер-15 теңге

4Shape4 Shape3 000-ге ?

10 кітап-760 теңге

IV. Қорытынды: Не білдік? Не үйрендік?

Мұғалім: Бүгінгі, яғни « Ынтымақсыз іс бітпес» мақалын ойын барысында басшылыққа ала отырып, өзіміз математика пәнінен жүйрік, алғыр екенімізді көрсеттік.

V. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі.

Міндеті: Оқушыларға үй тапсырмасының орындалуы мен мақсат – міндеттерін түсіндіру.

VI. Оқушыларды бағалау.

Міндеті:Жеке оқушының және сыныптағы оқушылардың жұмыстарына сапалы баға беру.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі