Материалдар / Ашық сабақ.1946-1991 ж.ж. әлеуметтік-демогрфиялық үрдістер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ.1946-1991 ж.ж. әлеуметтік-демогрфиялық үрдістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы әлеуметтік –демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын оқып үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2018
576
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 9а

Пәні:Қазақстан тарихы


Сабақ тақырыбы:

1946-1991 ж ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер.


Сабақ мақсаты:

Қазақстандағы әлеуметтік –демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын оқып үйрену.


Күтілетін нәтиже:

А. Қазақстандағы әлеуметтік –демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын біледі.

В. Демография, этнография, табиғи өсім, депортация, халық миграциясы, эмиграция, диаспора және халық санағы ұғымдарын ашады. Әр жылдардағы демографиялық дағдарыстың салдарын салыстырады.
С.Сол уақыттағы тарихи жағдайларға байланысты деректерді салыстырып, өзіндік көзқарасы негізінде талдау жасайды.


Дереккөздер, құрал-жабдықтар

Қазақстан тарихы оқулығы 9 сынып Б,Ғ Аяған, М.Ж.Шәймерденова

Интерактивті тақта,ресурс парағы ,флипчарт, интернет материалдары, маркер, стикер, рефлексия парақтары,бағалау ағашы.


Сабақ барысы:



Мұғалім әрекеті

оқушы әрекеті


Кіріспе

-оқушылармен амандасу;

-сыныпты түгендеу;

-кезекшілік қызметін қадағалау;

-оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Мозайка» арқылы топқа 3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасын «Сұрақты ұстап ал!» әдісімен қайталау.Түрткі сұрақтар, қайта бағыттау.

1.Жаңаөзенде әлеуметтік қайшылыққа байланысты тәртіпсізідік қашан болды?

2.Жаңаөзендегі қозғалыстың себебі неде?

3.Жаңаөзендегі қақтығыс қалай тоқтатылды?

4. 1989 ж шілдесінде жұмысылардың бас көтеруі өткен қала?

5.1989 ж Қарағанды шахтерлерінің ереуілінде қандай жаңа талаптар қабылданды?

6. 1989 ж шілдесінде Қарағанды кеншілер ереуілін тыныштандыру үшін шұғыл ұшып келеген Қазақстанның басшысы?

7.Қарағанды кеншілерінің үкімет алдына қойған талаптары туралы не ойлайсындар?


2 тапсырма. Венн диаграммасын толықтыр.

1. Жаңаөзен , Қарағандыдағы ереуілдердің ұқсастығы неде?

2.Айырмашылығы неде?

Жаңаөзен

Ұқсастығы

Қарағанды





- мұғаліммен сәлемдесу;

- кезекшілік қызметін атқару;

- сабаққа зер салу;

Топқа бөліну.

Мұғалім лақтырған қапты ұстап алған оқушы сұраққа жауап береді, жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік береді.

Формативті бағалау: ынталандырушы сөздер арқылы сенім білдіру, қол соғып-қолпаштау.



Тұсаукесер

Видеоролик арқылы жаңа сабақты мағынасын ашу.

-Оқушылар бұл бейнежазбадан не байқадыңыздар?

-Халықтың өсімін зерттейтін ғылымды қалай атаймыз?

Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

1946-1991 ж ж әлеуметтік – демографиялық үрдістер.


Жоспары:

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер

2. Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.

3. Қазіргі демографиялық үдерістер.

Оқушылар бейнежазбаны қарап, ой бөліседі, өздерінің пікірлерін айтады. Тақырыпты және сабақтан күтілетін нәтижені анықтап алады




Негізгі бөлім

«Топтық таныстырылым» әдісі.

(постер қорғау).Жоспар бойынша 3 топқа

1. Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер

2. Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.

3. Қазіргі демографиялық үдерістер тақырыптарын меңгерту мақсатында тапсырма

беріледі.Оқулықтан, қосымша ресурс парақтарынан мәліметтерді оқиды. Топпен ақылдаса отырып, топ ішінде талқылап, постерге түсіреді. Әр топ өз жұмыстарын аяқтаған соң берілген уақыт бойынша қорғап шығады.

2. тапсырма. Топтар арасында жұмыс, пікір алмасу, АКТ

пайдалану.«Депортация, Тың игеру кезінде Қазақстанға қоныс аударған халықтардың өмірі » тақырыбында суреттер көрсетіледі.

Сұрақ :

1.Не көріп, не сезіп, не ойладың?

2) Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді?

3) Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?


Тапсырманы жеке оқу, топпен талдау, постер жасау, қорғау.

«Бағдаршам» арқылы өзара топтық бағалау.

Әр топ өздерінің қолжеткізген табыстарын ортаға салып, басқа топтармен бөліске салады. Тақырыпта қаралған өзекті мәселелердің негізгі мәнін ашып, түсіндіреді. Ортақ ой- тұжырым шығарады..



Қорытынды

1тапсырма. Сәйкестендіру тесті.( Термин сөздермен жұмыс.)

1

Демография

тұрғылықты орын ауыстыруға

байланысты адамдардың қоныс аударуы.

2

Депортация

халықтың санының құрамы мен құрылымын және өсімін зерттейтін ғылым

3

Халық миграциясы

мемлекеттен халықты мәжбүрлеп шығару

4

Эмиграция

адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде

тұратын бөлігі

5

Диаспора

азаматтардың өз елінен басқа елге саяси,

экономикалық, т.б себептерге байланысты

тұрақты өмір сүруі үшін кетуі


2 тапсырма. Семантикалық карта. ( Хронологиямен жұмыс.)


1970ж

1954-1962 ж.ж

1989 ж

1991 ж

1990 ж

2013ж

2009ж

1999 ж

Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам көшіп келді


+







Қазақстан халқының саны 13 млн адамға жетті

+








Қазақстанда халық саны 16,2 млн адамды құрады



+






Демографиялық дамуының ерекшелігі халықтың абсолттік санының өзгеруі





+




Шет елдерде жүрген қазақтар атажұртына орала бастады




+





Қазақстан тұрғындарының саны 14952 420 адамды құрады








+

ҚР халқының саны 16009,6 мың адамды құрады







+


Қазақстан халқының саны 17 млн адамға жетті






+



Сабақты қорытындылай отырып, оқушылардың сабақтан алған әсерімен бөлісу.




Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен мынаны білемін

Бүгінгі сабақта менің тиімді ойлауыма мынадай ....себептер болды

Бүгін мен үшін түсініксіз болды





Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, статистикалық мәліметтер жинақтау, М.Тәтімов реферат. 

Сұраққа жауап беру арқылы тақырыпты меңгереді

Топтық бағалау.

Өзін-өзі бағалау.






































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!