Ашық тәрбие сағаты
Сыныбы: МАД «А»
Жетекшісі: Елемесова Айдана Таңатқызы
Күні: 15. 12. 2020ж
16 желтоқсан –
Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» атты ашық тәрбие
сағаты
Мақсаты
:
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі
өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын
қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін
күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан
құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын
жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам
өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік
сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге
және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді
үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету,
достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын
ояту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:
Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд,
желтоқсан құрбандарының суреті.
Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің
мектепалды даярлық сыныбы "Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ашық
тәрбие сағатына қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың
Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты
болсын!!!
Ашық сабағымызды
бастамас бұрын Әнұранды бірге айтайық
Тәрбиеші сөзі: Балалар бүгін аптаның қай күні? Бір
аптада неше күн бар ?
Апта күндерін атау(дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
Неше жыл
мезгілі бар?
Қазір қай мезгіл (қыс)
Қыс айларын атау ( желтоқсан,қаңтар,ақпан)
Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазқақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Біздің президентіміз кім?(Н.Ә.Назарбаев)
Қазақстанның рәміздері калай аталады? (ту,елтаңба,әнұран)
Біз
тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің
отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға
берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың
мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр
тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де,
еңкейген қария да оның бір
мүшесі.
Бүгінгі біздің мерекемізге, «Алтын Адам» келіпті.Ол бізге сиқырлы қорапша алып келіпті.Ал ашып көрелік не бар екен ,жұмбақтар.
Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешеміз бе?
Алтын күн аспаны
Алтын дән даласы
Айтатын Әнұран
Қай елдің баласы (Қазақ елінің баласы)
Еліміздің тірегі,
Жеріміздің жүрегі
Бас қаланың есімін,
Қане кім біледі? (Астана)
Көк аспанның түсі бар
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап ,
Кімнің туы біліп ал. (Қазақстан мемлекетінң Туы)
Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайықшы.
- Ендеше біздің балаларымыз «Отан» туралы тақпақтарын айтып берсін.
Аманкожа Кәусар
Отан деген берекелі отбасы,
Сүйер оны адамзаттың баршасы.
Мен бақытты бүлдіршінмін бүгінде
Жоқ қой оған ешкімніңде таласы.
Бұның бәрі татулықтың арқасы,
Тәуелсіздік – елдігімнің бастауы
Адина
Қазақстаным менің отаным,
Атыңды әнге қосамын.
Шарықтап өсіп, дами бер,
Біліммен үлес қосамын.
Сезім
Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп
Туған елдің туына.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Айзере
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, туын, әнұран
Тәуелсіздікке тәнтбелгі
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер.
Алихан
Құр береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақты көмкерген.
Тәрбиеші сөзі: Қазіргі кезде сендер ашық
аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп
жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді
бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға
халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының
туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.
желтоқсан оқиғасынан үзінді
видео
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.
Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,
солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мухамеджанова, Ләззат Ол
қыршын жасын қиды.
Тәрбиеші
сөзі:
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті
болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын
қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер
болмақсыңдар.
Балалардың Отан туралы жаттаған мақал мәтел дерің
тыңдайық
1.Отан елдің анасы
2.Отан алтын бесік
3.Отан оттанда ыстық
4.Отансыз адам ормансыз бұлбұл
5. Еліңді сүйсең ерлік жасайсың
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын
тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Тақпақтар
Бақдәулет.
Желбірейді
шарықтап,
Қазақстан
жалауы.
Көкке қыран
халықтап,
Қанат қағып
барады.
Көк аспанда нұрлы
күн
Күлімдейді
далама
Бақыт тілеп тұр
бүгін
Ол барлық пәк
балаға.
Ұлттық өнер
мұрамыз,
Адастырмас
мұраттай.
Нық көтеріп
тұрамыз
Жалауды біз
құлатпай.
Темірлан
Тәуелсіздік – халқымыздың
мақтандысы
Тәуелсіздік – еліміздің
жаттандысы
Тәуелсіздік – ұлтымыздың
азаттығы,
Тәуелсіздік – жеріміздің
ғажаптығы.
Ясмина
Бабамның да
арманы,
Осы еді ғой
аңсаған,
Тәуелсіздік
тандары
Бақ береді
баршаға
Көк туымды
қолыма
Бүгін берік
ұстадым
Түсті бақыт
жолыма
Менің
Қазақстаным!
Рақымжан
Тәуелсіздік – тартуы ол
тәңірдің,
Тәуелсіздік –
маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік –
сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік –
таймайтұғын тағым бұл.
Нұрым
Біз бақытты баламыз,
Тәуелсіз елдің ұланы.
Мәңгі жасап гүлденеміз,
Ұлы
елдің қыраны
Нұрислам
Құтты болсын тәуелсіздік
мерекесі,
Мықты болсын елімнің
керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз
әрқашан,
Кетпесін туған жердің
берекесі.
Аяна
Тәуелсіздік
елдеміз,
Қуанамыз күнде
біз.
Ата-бабам
қалдырған,
Қазақтың біз батырымыз
сенсеңіз!
Тәуелсіздік
еліміз
Мәңгі жасар
жеріміз
Тәуелсіздік
жасаған
Аға,
Әпкелеріміз.
Сұңғат
Еңсесі биік
Елорда,
Мәңгілік ел бол
қашанда.
Көктегі туым
желбіреп,
Көк аспанда қыран
құс
Самғай бер әлі
биікте
Тыныштық бейбіт заман
бол,
Тәуелсіз елім аман
бол.
Инабат
Көк аспандай
көкпеңбек
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
–
Елдің ашық
қабағы.
Ақмаңдайлым
Тәуелсіздік жолында
Талай талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім елтаңбам
Аңсаған
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тұнығындай көңілдің
Тыныштық Кәусар
Тәуелсіздік мақтанышым
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған
Жансерік
Қазақстан дейтін менің
бар елім,
Жатыр алып жарты дүние
әлемін!
Бұл даланы анам жаспен
суарған,
Бұл далада атам қолға ту
алған.
Бұл далаға жылап келіп
уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш
қуанғам,
Бұл далада өскен жанда
жоқ арман!
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен,
ашық сабағымызды аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты
болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене
берсін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіз елім - Қазақстаным" атты ашық тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз