Ашық сабақ 16 желтоқсан балабақшаға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 16 желтоқсан балабақшаға

Материал туралы қысқаша түсінік
16 желтоқсанда болған Оқиғаның ушығуына, оның тым ауыр сипат алуына деген басты кінәні саяси айтыстан қашқақтаған, нақты жағдайда біліксіздік танытқан партия мен үкімет органдарының шенеуніктеріне арту керек. Соның салдарынан құқық қорғау органдары мен милицияға қара күш қолдануға рұқсат берілді. Ақыры оқиға кезінде әр ұлттың өкілдерінен тұратын 2401 адам ұсталды. Бұлардың ішінде Алматының соттары 326 адамды әкімшілік жазаға кесті, қылмыстық тәртіп бойынша – 99 жас сотталды, екі адам ату жазасына тартылды. Тек қана Желтоқсан оқиғасына байланысты Қарағанды университетінен 25 студент комсомолдан шығарылып, 11-і университеттен қуылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым



Мақсаты:

-балаларды Отанға деген махаббат,патриотизм сезімдеріне тәрбиелеу

-Қазақстан республикасының мемлекетік рәміздері туралы білімдерін бекіту

-шығармашылық қабілетті және өз өзін көрсете білу құштарлығын ашып ортаны сезіну қабілетін дамыту

Музыка ойнап тұрады,балалалар залға кіреді

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті қонақтар Тәуелсіздік күні құтты болсын Баршаңызға қуаныш,бақыт әкелсін.

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Тәуелсіздік түғырым» атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.


Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын

Жүргізуші: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституция заңы қабылданды. Бұл құжатта адамның құқықтары және қоғамдағы тәртіп ережелері жазылған, еліміздің барлық азаматтары сақтауға тиісті басты ережелердің жиынтығы көрсетілген.

Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.


1-бала

Бақдаулет

Ән ұраным, жан ұраным

Айтар әнім, айтар сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп


2-бала

Мадина

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды


Жүргізуші:

Отан!Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем

Отанды сүймеуін де күйік екен

Отанды сүйгенін де күйік екен


Ән: «Ел қорғауға әзірміз» орындайтындар: Максотова Зейнеп Нұрболатқызы Нұрай


Мұз жастанып азаматтық жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып

Сойыл таяқ ойнаса да жолында


Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе

Ұрпақ өсер айналатын тірекке

Егемендік тиді міне еншіме

Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.


3 – бала

Зейнеп

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй

Қалықтаған жас сұңқар

Шарықтаған таза күй

Елтаңбасы елімнің

Елдігімнің белгісі

4 –бала

Нұрай

Тегеурінді соққыларды жайратқан

Ақша қарда судай ақты қайнап қан

Қайдан білсін қызбаланған ерлерім

Айырларым Ләззат, Ербол, Қайраттан


Елтаңба. Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін ортақ элементі – шаңырақ. Ол отбасы ынтымағы мен тыныштығының нышаны. Түндік көк аспан аясындағы жжарқынкүнді білдіреді. Уықтар әлемдегі жылу ментіршілік нышаны – күн сәулелерін еске салады. Пырақ тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты, біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – биік ойлар бейнесі.


Ту – ортасында шұғылалы күн, қыран бейнеленген тіктөртбұрышты көгілдір түсті мата. Туымыздың аспан түсті көк болуы шексіз кендікті көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн байлық пен молшылықты, қуат пен пен өмірді бейнелейді. Дала қыраны – Қазақстанда аса құрметтелетін құс. Ол – қырағылық пен дархандықтың, қазақстандықтардың терең ойлылығының символы. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған. Күн шұғыласы, қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.


Би: «Батырлар биі»


Ойын: «Туды жинап құрастыр


Жүргізуші:

Ата – аналар мен сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр.

  1. Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986 жылы 16 желтоқсан сағат 10 : 00 де)

  2. Желтоқсан оқиғасының құрбандары кімдер? (Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев)

  3. Тәуелсіз мемлекетіміздің рәміздері? (әнұран, ту, елтаңба)

  4. 1986 жылы 16 желтоқсан күні Д. Қонаевтың орнына кім келді? (Колбин келіп 17 желтоқсанда жастар Брежнев атындағы алаңға «Бейбіт және саяси» шеруге шығады)

  5. Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл болды? (31 жыл)

  6. ҚР – ның Констититутциясы қашан қабылданды? (1993 жылы 30 тамыз)

5 бала

Саят

16 желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Мерекеде ел қуанып

Шаттанып ән салған күн

6 бала

Айнамкөз

Жасасын азат ерлік күн

Жасасын бейбіт елмен жер

Бостандық алған қазақтың

Мәртебесін көрсін ел

7 бала

Айзере

Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы

Бесігін бөлеп тербеткен

Отаным қазақстаным


8 бала

Нұрдаулет:

Отан - деген ұлы ана

Отан деген ғұлама

Мен ғана емес атамда

Перзенті екен Отанға


Жүргізуші: Ата- аналарға Ситуациялық сұрақтар

  1. Егер әкім болсаңыз еліңе қандай көмек көрсетер едің?

  2. Егер сіз желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып саналы жас болсаңыз желтоқсан оқиғасына қатысуын мүмкін. Оқиғаға қатысу мақсатың не?

3.

Би: Орыс биі

Осымен тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіздік тұғырым атты ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2018
13556
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі