Материалдар / Ашық сабақ "1836-1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі" 7 сынып

Ашық сабақ "1836-1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақстан тарихы пәні мұғалімдеріне қажетті сабақ жоспар
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Күні:

Сыныбы:8

Қатысқандар саны:24

Қатыспағандар саны:24

Мұғалім:Ибрагимова Айгүл

Мектебі: №222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп


Тақырыбы

Қорытынды

/Ресей империясының отаршылдық саясатының күшеюі,Ресей империясына Қазақстанның қосылуының аяқталуы/

Оқу мақсаты

Өткен тақырыптарды қайталайды.

Тақырып бойынша алған білімін пысықтайды.

Тапсырмаларды орындай отырып, тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыланады.

Оқыту дағдыларының деңгейлері

Түсіну,қолдану,жинақтау,бағалау.

Бағалау критериі

Өткен тақырыптар туралы түсінік алады және білімдерін бекітеді, оны тапсырмалар орындауда пайдаланады ,топпен талқылайды,пікірін ашық айта алады.

Тілдік мақсат

Термин сөздермен жұмыс жасай отырып,сөздік қорларын дамытады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім жылдам, Аялдама,Көтерілісті таны,Глоссарий,Тест.


Алдыңғы білім


ХІХ ғасырдың 50 жылдарындағы қазақтардың азаттық жолындағы күресі

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ынтымақтастық

атмосферасын қалыптастыру


5 минут

Шаттық шеңберін жасай отырып, оқушыларды стикер арқылы топқа бөлу.

Әр стикерге үй тапсырмасына байланысты сұрақтар жазылған.Оқушылар жеке-жеке жауап береді.Берілген түстер бойынша төрт топ болып құралады. Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу ,өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.

І-топ-Исатай

ІІ-топ Махамбет

ІІІ-топ Кенесары

ІҮ-топ Жанқожа ХІХ ғасырдың ортасында хиуалықтарға қарсы күресте ұйымдастырушылық қабілетімен дараланған көтеріліс басшысы кім?


Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің себебі?


1845 жылғы Жанқожа көтерілісінің нәтижесі қандай болды?


Жанқожа бастаған көтеріліске қандай рулар қатысты?


Арал теңізінің солтүстік жағалауында болған көтеріліс басшысы кім?





Есет батырдың Жанқожадан ерекшелігі неде болды?


Орынбор губерниясының әкімшілігі Есет батырды ұстауды кімге тапсырды?


Есет батыр көтерілісінің нәтижесі қандай болды?


Қоқан билеушілеріне қарсы қай жерлерде көтерілістер болды?


Ташкент билеушісі Мырза Ахмет қандай қосымша салық енгізді?


Қоқандықтарға қарсы көтерілістердің тарихи маңызы неде?


Стикер.Топтың атауы жазылған парақшалар.

Бағалау парақшалары.










































Сабақтың ортасы

8 минут

«Аялдама» әдісі. Топтық жұмыс.Сыныпқа айнала жылдар жазылған парақшаларға оқушылар топпен жарыса отырып,жауаптарын іледі.

1836-1838 жж,1837-1847 жж,1841 ж,1848 ж,1853 ж,1858 ж,1860 ж,1854 ж,1865 ж,1873 ж

Түрлі-түсті таратпалар,желім.

8 минут

«Көтерілісті таны» әдісін пайдаланамыз.Бұл әдіс бойынша оқушылар өздерінің логикалық ойлау және сыни ойлау қабілеттерін көрсетеді.Жасырын түрде көтеріліс беріледі.Топпен талқылай отырып,қандай көтеріліс екенін табады.

І-топ

Ұлы,орта,кіші жүз қазақтары бұл көтеріліске белсене қатысты.Көтерілістің әр кезеңдерінде сұлтанды қыпшақ,төртқара,керей,алшын,шекті және басқа рулар қолдап отырды.Патша өкіметінің сот-жазалау мекемелерінің мәліметтеріне қарағанда көтеріліске 80-нен астам сұлтан,би,старшындар қатысқан.І Николай патша көтерілісті жаншуға 300 казак отрядын жіберуге келісім берді.Бастапқы көтеріліс шайқастары жеңіспен аяқталды.Бұл көтерілісшілердің рухын көтерді.Көтерілісшілердің мақсаттарынан тайматынына көзі жеткен патша өкіметі қазақ жерін бекіністер арқылы отарлауды жалғастырды.Бұл көтеріліс жеңіліске ұшыраса да ,бұл қозғалыстың тарихи маңызы өте зор.Ол патша өкіметінің отар елге айналдыру үдерісін ондаған жылдарға тежеп тастады.Қазақ халқы осы көтеріліс арқасында орыс патшасының отаршылдық іс-әрекеттеріне тежеу салу үшін ұйымдасқан күрес қажет екенін түсінді. ІІ-топ

Хиуа ханының ұлы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында көптеген қамал тұрғызуы-бұл көтерілістің тууына себеп болды.Кіші жүздің шекті руынан шыққан ол орыстың бекіністеріне жақын маңда көшіп жүрсе де,хиуа және қоқан шабуылдарына ұшыраумен болды.Қазақ халқы Ресейдің көмегіне сүйеніп,қазақтардың саяси тәуерсіздігіне қол жеткізуге үміттенді.Көтеріліске көшпелі ірі рулар: шектілер,шөмекейлер,төртқаралар,қарасақалдар белсене қатысты.Көтерілісшілер саны алғашқыда 1500 болса кейіннен 5000 адам болды.Патша өкіметінің озбырлығы халықтың отаршылдарға деген жаулық көзқарасын өршіте түсті.Жылқысы жоқ кедейлер көтерілісшілерге өгіз мініп қосылды.Алайда патша әскерлерімен болған шайқаста нашар қаруланған қазақтар жеңіліске ұшырады.Дегенмен қазақ халқы өз мүдделерін,жерін қорғай алатынын көрсетті.

ІІІ-топ Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруалары болды.Сонымен қатар көтеріліске бірқатар старшын,билер де қатысты.Халыққа үндеу таратқан көтеріліс басшыларының көтеріліс мақсатын айқындаудағы,шаруаларды күреске көтерудегі орны ерекше.Алғашқы уақытта жекелеген старшындардың,билердің ханның және оның құйыршықтарына қарсы етек алған көтерілісі халық-азаттық қозғалысқа айналды.Көтеріліс басшылары патша өкіметінің езгісіне шыдамаған қазақ жастарын өз қол астына алып,оларға қамқор болды.Көтерілістің күшейіп бара жатқанынан қорқып шошынған билеушілер ауылдарға тұтқиылдан шабуыл жасап,малдарын айдап,дүниелерін тонады.Екі жақтың қарулы қақтығыстары жиіледі.Сол себептен жазалаушы отрядтар көптеп шығарылды,олар ойына келгендерін жасады.Өздерінен жақсы қаруланған арнайы әскери дайындықтан өткен патша жазалаушы күштерімен арпалысу қиын еді.Бұл көтеріліс жеңілгенімен батыс өңірінің дамуына ықпал етті,қазақтардың тәуелсіздік үшін күресті жаңа сатыларға шыға алатынын айқын көрсетті.

ІҮ-топ

1822 жылғы жарғы бойынша жаңа округтердің ұйымдастыру мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың шаруашылығының жағдайын мүлде құлдыратып жіберді.Мұның өзі кіші жүзде ұлт-азаттық көтерілістің басталуына алып келді.Көтерілістің басты мақсаты-отаршылдар күшпен басып алған жерді иелеріне қазақтарға қайтару еді.Патша өкіметі әскери шеп тұрғызып,қазақтарды ығыстыра бастады.Жағдайға қатты наразы болған және жайылымдық жерлерінен айырылған қазақтар Орынбордың генерал губернаторына хат жазып,отаршылдық саясатын батыл айыптады.Көтеріліс біртіндеп патша бекіністеріне тартып алынған жерлердің негізгі иелері жағалбайлы,жаппас,алшын,арғын,қыпшақ руларын да қамтыды.Біртіндеп көтерілісшілер саны 3000-ға жетті.Көтерілісшілермен тең жағдайда келісім жүргізудің орнына Орынбор әкімшілігі оны күшпен баспақ болып әскер аттандырды.Көтеріліс жеңіске жете алмаса да патша өкіметіне халықтың мүддесіне қарсы шығуға болмайтындығын дәлелдеді.




Таратпа парақшалар.

Сергіту сәті

5 минут

Оқушыларды сергіту мақсатында «Математикалық лото» ойынын пайдаландым.Есепті шығара отырып,шыққан санға байланысты тарихи оқиғаларды айтады.

500×3+210≈

1000+1000-289≈

400×4+131≈

2000-400+173≈

3000÷2+271≈



Қызықты тапсырма

9 минут










Аяқталуы

8 минут

«Глоссарий» әдісі.Оқушылар топ болып термин сөздермен жұмыс жасайды.Вакф,зекет,сойырғал,пристав,төлеңгіт,динар,баж сөздеріне анықтама береді.Қарама-қарсы топтар бір-бірін тексереді. Вакф- діни ұйымдар мен қызметкерлерге сыйға тартқан жер

Зекет-мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардан алынатын салық



«Тест» тапсырмаларына жеке-жеке жауап береді.Бағалау критериі арқылы өздерін тексереді.

Термин сөздер жазылған парақшалар.




Таратпа тесттер.Бағалау парақшалары.






Сабақтың соңы

2 минут

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін рефлексия парағына жазады.


Рефлекция парақшалары.






Мұғалім сабағының нәтижесі ,ең бірінші кезекте,сабақ аяқталған соң емес,оның барысында да сезілуі керек.Нәтижелер әрдайым әртүрлі бағытта болады; оқыту мен білім берудің жақсартылған әдістері болып табылады.Осындай әдістер көрініс тапқан және оқушылардың білімі мен біліктерін көрсете білген 8 сыныпта өтілген «Қорытындылау» /Ресей империясының отаршылдық саясатының күшеюі,Ресей империясына Қазақстанның қосылуының аяқталуы тарауы бойынша /тақырыбындағы сабағымды ұсынып отырмын.Сабақ оқушылардың бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын көрсетті.Қайталау-білім айнасы деп бекер айтылмаған.Стикерге үй тапсырмасына байланысты сұрақтарды жазып,үй тапсырмасын сұрадым,және стикердің түстері бойынша төрт топқа бөлдім. «Аялдама»әдісін пайдалану барысында оқушылардың бірлескен жұмысын,бір-бірін қолдауын,топтық рухтың қалыптасқандығын айқын байқадым.Олардың бір-бірін тыңдау,келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аудардым.Нәтижесінде өзін-өзі басқара алатын ,оқуға қабілетті тұлға тәрбиеленіп келе жатқанын ұқтым.

Келесі қолданған әдісім «Көтерілісті таны» .Бұл әдіс бойынша төрт топқа көтерілісті жасырын түрде мәтін құрап,өздеріне табуға бердім. Оқушылар өздерінің логикалық ойлау және сыни ойлау қабілеттерін көрсете білді. Топпен талқылай отырып,қандай көтеріліс екенін тапты. Оқушыларды сергіту мақсатында «Математикалық лото» ойынын пайдаландым.Бұл ойын оқушылардың сыни ойлау қабілетімен қоса іс-әрекеттегі зеректік,жылдамдық қабілеттерін көрсетті. Пәнаралық байланыс та болды.

Келесі қолданған әдісім «Глоссарий».Бұл әдісте оқушылар термин сөздермен жұмыс жасады. Бұл әдіс бойынша шатасқан әріптер бойынша термин сөздерді құрастырып,анықтама бере білді.Оқыту үшін бағалау-оқушылар үшін өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын жәнеі өзін –өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс.Сол үшін оқушыларға өздеріне бір-бірін бағалаттым. Оқушылардың білімін жинақтау мақсатында тест әдісін қолдандым.Тестте берілген сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге,өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.Сол себептен жеке тапсырма ретінде осы әдісті алдым.Және берілген уақыт біткеннен кейін бағалау критериі жазылған парақшаларды таратып,оқушылардың өздеріне тексерттім.Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алдым.



Неліктен?


.....................................................

.....................................................

.....................................................

.....................................................

.....................................................

.....................................................


.........................................................................................................................................................................................................................................................................

Ұсынысым................................................................................................................ ....................................................................................................................................

Сабақты қорытындылай келе төмендегідей ой түйдім:

-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдері анық байқалды;

-оқушылардың сыни ойлауына ықпал жасалды;

-пайдаланған әдістерім оқушылардың білімін одан әрі жетілдіруіне көмектесті;

- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне,басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал жасалды;

















































222Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп









Ашық сабақ

Пәні:География

Пән мұғалімі : Ибрагимова А

Сыныбы: 10 «а»



























2017-2018 оқу жылы

Жариялаған:
Ибрагимова Айгүл
07 Қараша 2018
1097
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі