Материалдар / Ашық сабақ "1986 Желтоқсан оқиғасы" 9 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ "1986 Желтоқсан оқиғасы" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1986 жылғы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл- қыздарымыздың рухына арналады. Оның бір айғағы – 1986 жылғы студент жастарымыздың қарақшылықпен жазалануы, қорлануы. Желтоқсан – Дауыс боп бұқан ескенсің, Азаттық күйі қашаннан, Көкейін елдің тескенсің. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болды. Ұмытылмайтын себебі, ол – оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Желтоқсанда жарқырап, мезгілсіз аққан жұлдыздар ең биікте тұруы керек. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендік жолында өз өмірін қиған құрбандардың рухына игі борышы. Бұлақты көлге, әскерді елге қарсы қоюға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2018
818
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы
Мақсаты: 1.1986 жылғы 16-17 желтоқсандағы бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген ғаламат оқиға жөнінде жастарымызға жаңа тұрғыда насихаттай отырып,туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін, туған халқын сүюге, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
2. Егемендіктің мәнін түсіндіру.
3. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді зерделеу.
Көрнекілігі: Желтоқсанға байланысты шығарылған плакат, Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған бүктеме, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Барысы.
Мұғалім: 1986 жылғы болған оқиға халық жүрегінде мәңгі сақталады. Біздің бүгінгі кешіміз елінің тәуелсіздігі үшін өмірін қиған жауқазындай ұл- қыздарымыздың рухына арналады. Оның бір айғағы – 1986 жылғы студент жастарымыздың қарақшылықпен жазалануы, қорлануы.
Желтоқсан –
Дауыс боп бұқан ескенсің,
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.
Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болды. Ұмытылмайтын себебі, ол – оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында.
Желтоқсанда жарқырап, мезгілсіз аққан жұлдыздар ең биікте тұруы керек. Халқымыздың тәуелсіздігі, егемендік жолында өз өмірін қиған құрбандардың рухына игі борышы. Бұлақты көлге, әскерді елге қарсы қоюға болмайды, өйткені әділет жеңбей қоймайды.
Барлығы 99 адам сотталды, оның ішінде Қазақ КСР Жоғары соты 11 адамды, Алматы қалалық соты – 59 адамды жазаға тартып, 2 адам ату жазасына кесілді, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 1992 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 46 адам ақталды.
1986 жылғы желтоқсан айында кезектен тыс өтілген жедел пленумында Қазақстанның 1 секретары Дінмұхамет Ахметұлы Қонаевті орнынан алып, оның орнына елімізден мүлдем хабары жоқ орыс азаматы Генадий Васильевич Колбинді әкеліп қоюы еді. Бұл Республика халқы мен жастардың назарлығына әкеп соқтырды. Бірақ ол бейбіт шеруді республика басшылығы әскери гарнизонмен басып, жауапқа тартты.
Міне, осы өкіметтің қорғануындамыз, әділетті шешім қабылдауына ықпал ете аламыз деген жастардың сенімдерін сол үкіметтің өзі таптап жапа көрсеткеніне табаны күректей 19 жыл болды. Әуелі біз сіздерден, осы жерде сол желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, 1 минут үнсіз тұруларыңызды сұраймыз.
1- оқушы : Ерлерді ұмытса да ел , сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел,жел ұмытпас.
Ел үшін жанын қиып , жауды қуған.
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі ,желі, шөлі, белі ,-
Ерлерді ұмытса ел ұмытпас, -деп М.Жұмабаев ағамыз айтқандай дүниені дүр сілкіндіріп , қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз.
2-оқушы: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым .
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Кеудемдегі қоламта қоздатқаным.
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнің.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,
Жалтақтап кете барған боздақтарым.
3-оқушы: 1986 жылдың желтоқсаны бүгінгі біз үшін артында қалдырған тарихи сабақтарымен қымбат. Желтоқсан күндері осы жалпы ұлттық идеяны көтеріп, оның жолына өз өмірін арнаған Қ. Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, Л. Асанова, С.Мұхамеджанова және басқа да мыңдаған ұл- қыздарымыз ұлт тарихында әрқашанда құрметпен аталуға лайық. Олай болса бүгін біз бір сәт асыл азаматтарымыз Желтоқсан жұлдыздарының ерлігі,қайсар өмірі жайлы көпшілік алдында тағы бір айта кетсек артық болмас.
4- оқушы: Қ.Рысқұлбеков -1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің құрбаны, Халық Қаһарманы. Ол 1986 жылы алматыдағы сәулет құрылыс институтына оқуға түсті. Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Жастарды көтеріліске ұйымдастырғаны үшін кесілген өлім жазасы 20 жылға ауыстырылды. 500 күннен астам өлім камерасында өзегі талып,үміт пен үрей құшағында отырған Қайрат енді 20 жылға Свердловскіге айдалып бара жатып, кенеттен Семейден шықты. 21-мамырда Семей түрмесінде 21- камерада белгісіз жағдайда қаза тапты.
5-оқушы : Сәбира Мұхамеджанова 1985 жылы 8 жылдық мектепті үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищенің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түскен. Сол жылы ол бар жоғы 16 жаста еді. 16 -желтоқсан күні астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін,өзінің ар-намысына,анасына,атасына масқара сөздер айтып балағаттағанына, училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай Сабира жатақхананың 5 қабатынан құлап өледі.
6-оқушы: Ләззат Асанова –Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыда Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. 1986 жылы17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді. Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз ! деген ұранмен шықты. 1986 жылы жазалаушылардың қолынан қаза тапты.
7-оқушы: Көтерілді жастарымыз алаңға,
Көтерілді студент қыз, балаң да.
Қан төгілді намысы үшін қазақтың,
Ерліктің жайылды кең ғаламға.
8-оқушы:Қаһарманын ұмытпайды халықтар,
Өткен күнді тарихымыз анықтар.
Ерлігіне тағзым етем қашанда.
Тәуелсіздік алып берген Алыптар!
Ән шашу
9-оқушы: Желтоқсанның ызғары-ай,
Кірпікке қатқан мұздары- ай.
Елім –ай деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай.
10-оқушы: Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел.
Бұл жер , қалқам,асқақ рух жарылысы өткен жер.
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер.
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп ,тепкен жер.
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк.
Жас бүлдіршін,мұз құрсанған шыршаларға қарап өт.
Сол арада сатқындық та елестейді қара бет.
11-оқушы: Қара беттің көбі бүгін дара тұлға,дара бет.
Жас бүлдіршін,мұз құрсанған шыршаларға қарап өт.
Заманыңның жеңісі,жеңілісін санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен жас тұлпары , нары жоқ.
Ал, біреулер намысы жоқ , жігер, қауқар,қары жоқ.
Кемсітпекші Желтоқсанның жалаң аяқтары деп.
Жоқ! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от.
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп.
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп.
12-оқушы: Тірліктегі әр ісінің жаңғырығы болады.
Бұл табиғи жасырын заң өзгеріссіз қалады.
Сол заңға сай сені бақыт ,не сор іздеп табады.
Дүниені дүр сілкінткен жас толқынның саналы.
Даңқын ешкім,ешкім бүркей алмас ,оны да еске алады.
Желтоқсанның бас алаңы , қайсар рух алаңы.
Ән шашу

13-оқушы: 1991 жылғы желтоқсандағы Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы Жарлығына байланысты Қазақ КСР-нің 65 бабымен Қ. Ноғайбайұлы, Л.Асанқызы, Е. Сыпатайұлы, С.Мұхамедқызы, Ж.Тайжанұлы ақталды.
14-оқушы: М.Шаханов Желтоқсанда мерт болған Қ.Рысқұлбековтың өліміне ерекше тоқталып, жүзінен намыс алауы лапылдаған осы жігіт тірі болғанда сөз жоқ халқының айбарлы ақыны, үлкен қоғам қайраткері болар еді. Оның түрмеде отырып жазған хаттары, өлеңдері, ой-толғамдары қазір менің қолымда дейді үнсіз ойлана.
Асыл бейне
Көзіңнен айналайын төңкерілген,
Көрікті қабағымен көмкерілген.
Жанарың алға ұмтылып атылып тұр
Сұмдардың өткеліндей өңіменен.
Бұл күнде осы бейнең қайда жатыр,
Үстінде топырақтан бар ма шатыр?
Жазықсыз, жас тәңінді қинағанша
Япырмау, қайда болдым мен бір пақыр?
Мақсатқа тірі болсаң жетер ме едің,
Туғаннан Халқым дедің, Ұлтым дедің.
Ұшқанша көкірегіңнен ақтық демін,
Сол сәтте тірлігіңді көрсем егер
Жолыңда құрбан болып кетер едім.
15-оқушы: Еліміз осылай болды егеменді,
Шаңырағым еншілі демек енді.
Бас көтердік жеке-дара мемлекет боп,
Бар әлеммен тең ұстап тереземді.
Ел мақсаты 50-елдің қатарына ену енді
Республикам елдердің алды болсын,
Құт болсын Нұр жолы Нұр-ағаның
Келешекте Қазақстан Республикасы,
Орта Азия Барысы болсын енді.
16-оқушы: Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп.
Желтоқсанда егеменді ел болсам деп талпындың,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Ән шашу
17-оқушы: 1991 жылғы 16 желтоқсан ҚР-ның тәуелсіздік алған күні. Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түркия Республикасы таныды.
18-оқушы: Тәуелсіз Қазақстанның дипломатиясы тарихында алғаш сенім грамотасын тапсырған – Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі – Арғын Өзпай.
1991 жылдың соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды. 1992 жылдың ортасына қарай Республика тәуелсіздігін жер шарының 30-астам елі мойындады. АҚШ, Қытай, Иран, Пәкістан, Канада, Швейцария болды.
19-оқушы: 1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық және консульдық өкілдіктер ашты. Алматы мен Астанада 50 – астам шетелдік елшілік және халықаралық, ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.
1992 жылғы наурыз – Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды.
1992 жылы ҚР Мемлекеттік рәміздері Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны анықталды.
1993 жылы Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы бекітілді. Ұлттық валюта енгізілді.
20-оқушы: Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналды азатқа.
Орыс, ұйғыр, неміс те,
Үнін қосып жеңіске.
Жұдырықтай жұмылды,
Келешегі кең іске.
Ән шашу.
21-оқушы: Пай, пай!
Киелі неткен жер!
Тұлпарлар дүбірлеп төккен жер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіске топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Үлкен жүректі, ұлы сезімді, шалқар шабытты ақын Мұқағали жырына арқау болған, біздің атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.
22- оқушы: Талай-талай, қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай тіршілік иесі нәр алып жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Неткен байтақ, неткен ұлы сен елім,
Нендей күйге жүрегімді бөледім,
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
23-оқушы:
Мұғалім: Тойланып мың мереке, ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтің мына сөзі Жасыраты жоқ, кейде мен іштей ойлагамын, түн ұйқымды төрт бөліп, ұйықтамай шығар түндерім де болады. Сондағы бар ойлайтыным – елімнің, жерімнің тағдыры, ертеңгі болашағы. Мұным кейбіреулерге жаттандылау да болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл менің имандай шыным - дейді. Бұл сөзінің дәлелі қазіргі таңдағы атқарылып жатқан, жетіп жатқан жетістіктеріміз емес пе?
Ақталды боздақтардың ақ талабы
Әділ іс әрқашанда ақталады.
Елі үшін жанын қиған асыл жандар
Ел есінде мәңгі сақталады – дей келе желтоқсан күніне арналған іс – шарамызды жабық деп жариялаймыз.
Ән шашу.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!