Ашық сабақ "1-10 ға дейін тура және кері санау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "1-10 ға дейін тура және кері санау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Меткепалды даярлық сыныбы.Математика негіздері.Тақырыбы: "1-10 дейін тура және кері санау"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім

Математика негіздері

Педогогтің аты-жөні


Күні


Сабақтың тақырыбы

«1-10 тура және кері санау»

Мақсаты

1-10 дейінгі сандарды тура және кері санауға,көршісі мен орнын таба алуға үйрету.Артық,кем,тең таңбаларые бекіту.Есептер шығару ұғымын қалыптастыру.


Көрнекіліктер

11111111111744ККнрророХат,цифрлар,қызыл және жасыл түсті карточкалар,жұмыс дәптері.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезендері

Педогогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Жоспарланған уақыт

І. Ұйымдастыру кезеңі





ІІ. Негізгі кезең

























































ІІІ. Қорытынды кезең.Рефлексия.



Көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті.

Төріме міне еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал кәәнеки бәріміз

Сәлем дейін үлкенге.

Сәлеметсіздерме,қонақтар!

-Балалар,бізге бүгін хат келіпті.

«Сәлеметсіздерме,балалар!Мен Математика ханшайымымын!Сендердің сандарды,цифрларды,математикалық таңбаларды білетіңдерінді естіп,сендерге сыйлық беріп жібердім.Бірақ оны алу үшін менің еліме саяхат жасап,тапсырмаларымды орындауларын қажет.Сәт сапар!»

-Балалар,сендер математиканы жақсы көресіңдер ме?Ендеше саяхатқа баратын көлікті білу үшін,үстелдерінде тұрған қағаздағы сандарды рет-ретімен қоссаңдар,білетің боласыңдар.

Дидактикалық ойын «Сандарды ретімен қос»

-Балалар,зымыранмен ұшу үшін дұрыс батырмаларды басу керек.

Ойын «Көршісін тап»

Балаларға допты лақтырып,көрші сандарды атау.

-Енді,орнымызға жайғасып,ұшуға дайындаламыз.

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0 Кеттік!

-Балалар,ұшып бара жатқанша сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ жасыру

1.Қазда бар екі аяқ.

Тауықта бар екі аяқ.

Екеуің қосып санасақ

Болады қанша аяқ?

2.Табақта бес алма

Қолымда екі алма.

Барлығын қосқанда

Болады неше алма?

3.Орманда кірпі келеді

Саңырауқұлақ тереді

Кездесті міне керегі

Екеуі қайың астынан

Біреуі терек қасынан

Қанша олар болмақ есепте

Тоқылған салса себетке?

4.Пісіп тұрған төрт алмұрт

Қызығатын көрген жұрт

Екі алманы бұтақтан

Үзіп алды Мұратхан

Қанша қалды алмұрттан?

-Жарайсыңдар,балалар!Міне біз Математика патшалығына келіп қалдық.Мұнда сандар сендермен кездесеміз деп,қобалжып оырндарын ауыстырып алыпты.Орындарын табуға көмектесейік.

Дидактикалық ойын «Ретімен орналастыр»

(Сандарды 1-10 дейін ретімен орналастыру қажет)

-Өте жақсы!Келесі тапсырма суреттегі заттарды санап,сәйкес прищепка тағу керек.

Ойын «Сәйкестендір»

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.

Оң аяқ,сол аяқ

Жаттығі оңай-ақ!

-Өте жақсы,балалар.Математика ханшаймының тапсырмасын орындадыңдар.Келесі тапсырма есептер шығару.Тақтаға шығып қарапайым арифметикалық есептерді шығарады.

«Дұрыс –бұрыс» ойыны

Артық,кем,тең таңбалары бар карточкаларды көрсету.Дұрыс есеп болса,жасыл карточка көтереді.Дұрыс емес болса,қызыл.

-Балалар,жарайсыңдар.Енді бізге өзіміздің сыныбымызға оралу қажет.Ол үшін қажетті код айту керек.Кодты табу үшін мен балғамен неше рет ұрамын санап,тиісті сандарды ретімен қою керек.

5.2.4.6.3.Кеттік

-Міне балалар,біз саяхаттан сыныбымызға оралдық.Сендерге саяхат ұнады ма?Қандай тапсырма ұнады?

-Матемаика ханшайымының сыйлығы үстел үсті ойыны мен ертегілер кітабы.







Хатты қызығушылықпен тыңдайды.











Зымыран сурет





Сандардың көршілерін атайды.

Балалардың жауаптары:






Төрт аяқ





Жеті алма




Үш саңырауқұлақ






Екі алмұрт




Сандарды ретімен орналастырады.




5.2.4.6.3







Балалардың жауаптары





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2022
1123
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі