Ашық сабақ, 1 сынып Ә ә дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, 1 сынып Ә ә дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып: 1

Пәні: Сауат ашу

Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Ж.

Мектеп: №10 мектеп-лицейі

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ә ә дыбысы және әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу) қолдану

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім не туралы айтқысы келгенін түсіну

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Ә әрпі мен дыбысын басқа дыбыстардан ажыратады;

  • оқу түрлерін қолданады;

  • мәтін мазмұнын түсінеді .

Көптеген оқушылар:

  • сөздерді, мәтінді тұтас жүргізіп оқиды;

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

Кейбір оқушылар:

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды;

Бағалау критерийлері

Сөздегі дыбыстардың түрлерін ( дауысты / дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстыларды анықтайды

мәтін мазмұны бойынша сұрақ қояды;

Құндылықтарды дарыту

Ата-ананы сыйлау,

Пәнаралық байланыс

Математика (сөзде қанша әріп, дыбыс барын санайды)

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Тілдік мақсат

Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, жіңішке дауысты дыбыс, жуан дауысты дыбыс.

Ә қандай дыбыс?

Неліктен?

Ә әрпі сөздің қай жерінде кездеседі?

Ә дыбысы кездесетін қандай сөздер білесіңдер?

Бастапқы білім


Оқушы: Осыған дейінгі өткен әріптермен сөздерді оқиды, олармен сөйлем құрай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық тренинг.


Әрбір адам – досым, сыныптасым,

Әрбір ісің – тіршілік, адамдық

Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену,

Әрбір сөзін – шындық, бірлік, адалдық.


Сәлеметсіздерме балалар. Бүгін аптаның қай күні?

Жұма күніміз сәтті болсын!

Топқа бөлу: Сурет бойынша «Ә» дыбысына байланысты сөздермен топқа бөлу. Берілген суреттердің біреуін таңдап, өз орындарына отырады. (Әтеш, әткеншек, әңгелек)

1-топ.Әтеш.

2-топ.Әткеншек

3-топ.Әңгелек













Әтеш, әткеншек, әңгелек суреттері

Сабақтың ортасы




Балалар, топтың ережесін есімізге түсірейік.

Топ ережесі

1.Бірін-бірі тыңдау

2.Ұйымшылдық

3.Белсене қатысу

4.Ақылдасып жұмыс істеу.

5.Шуламау

Мұғалім: Ұжымдық тапсырма

Балалар өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?

  • З дыбысы қандай дыбыс?

  • З дыбысы сөздің қай буынында кездеседі?

  • З дыбысы кездесетін сөздер ойлайық?

Заман, қазан, тоғыз (дыбыстық талдау)

Ереже: З дыбысы дауыссыз дыбыс. Зз дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.


Ұжымдық тапсырма.

Жұмбақ жасыру

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. Бұл не? (Әтеш)


Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (Дәрігер)


  • Балалар осы жұмбақтардың жауабында бір дыбыс қайталанып келіп тұр. Бұл қай дыбыс деп ойлайсыңдар? Оқушылар ә дыбысы екенін айтады.

  • Дұрыс ә дыбысы.

  • Ә – Ә қалай естіліп тұр.

  • Ә – Ә - Ә (бәрі айту)

  • Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз.

Ә ә дыбысы және әрпі.

Ә дыбысы қалай айтылып тұр.


Дыбыстық талдау

ӘShape4 Shape3 Shape2 Shape1 теш

1 топ. Ә дыбысы басында кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

2 топ. Ә дыбысы ортасында келетін сөздерге мысал келтіріңдер.

3 топ Ә дыбысы соңында келетін сөздерге мысал келтіріңдер.

1,2,- топтың оқушылары мысалдарды бірден келтіруі мүмкін. Алайда 3-топ оқушылары қиналады. (Осы кезде мұғалімнің көмегі арқылы «Ә» дыбысы сөздің соңында сирек кездесетінін айтып, қолдау көрсетемін.) (сірә, жүдә, ділдә)

Артикуляциялық жаттығу

Ә дыбысының айтылуымен жұмыс жасау

(практикалық-хормен, жеке айтқызамын)

Еш кедергісіз жіңішке, созылып айтылып тұр. Ауыз сәл қысыңқы ашылып, иек төмен түсіп, тіл төмен тусу арқылы жасалғандығына назар аударады. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.

Оқулықпен жұмыс.

Оқылым

ән әке дәрі сәуір

сән Сәкен дәрігер Дәуір

дән тәтті тәулік Әсет

  1. Мұғалімнің оқуы

  2. Хормен оқу

  3. Тізбектей оқу

  4. Іштей оқу

Кері байланыс:

Қандай сөздер сендердің түсінулеріңе қиын болды?

Сөздік жұмысы

Дәуір – ер баланың есімі

дәуір – ғасыр, уақыт, мезгіл дегенді білдіреді.

Бірінші бағандағы сөздер неше буыннан тұрады? Екінші бағандағы сөздер ше?

Қалай ойлайсыздар, кейбір сөздер неге бас әріппен жазылған?

Топтық жұмыс.

1топ. әнші

2топ. дәрі

3топ. Әсет сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.


Дескриптор:

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды

Бағалау:

Топтар бірін-бірі «Қол белгісі» әдісімен бағалайды



Ұжымдық жұмыс

Мәтінді іштей оқиды

Тізбектеп, дауыстап оқиды.

Мәтінді қаншалықты түсінгенін сұрақтар қою арқылы тексеремін.

Шана.

Әкем туған күніме шана сыйлады.Мен қатты қуандым.Әкеме рақмет айттым. Шана әдемі. Қыста шанамен сырғанаймын.


Дескриптор:

Мәтінді дұрыс оқиды.

Мәтінге байланысты сұрақтар қояды.


Кері байланыс:

Мәтін не туралы?

Мәтінде Ә әрпі неше рет кездесті

Біз өз ата-анамызға ризашылық білдіреміз бе?


Мақал

1.Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

2. Әке – асқар тау.

- Сендер ата-аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?

- Қаншалықты өз ризашылықтарыңды білдесіңдер?

- Қандай жылы сөздер айтасыңдар?

Бағалау: Топтар бірін-бірі «Қол белгісі» әдісімен бағалайды





























Дәрігердің суреті





Ә дыбысының баспа жазба түрлері



























Оқулық








































Сергіту сәті


Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,

Қарлығашқа ұқсайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Білімде алда болайық.



Сергіту сәтіне арналған жинақ


Жазу жұмысы.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.


Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.

Ә әрпінің алғашқы жолдарын толтыру.

Ә әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар.


Дескриптор.

Әріп элементтерін дұрыс салады.

Әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады?

Жазу жолын сақтайды.

Сөзді сауатты, көркем жазады.

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Жаңылтпаш тез айтылады.

Жұптық жұмыс. Жұпта жаңылтпашты дұрыс орналастырады.

Жаңылтпаш

Келген малшы

Әрі әнші,

Әрі аңшы.


Дескриптор:

  • Жаңылтпашты жылдам құрайды.

  • Жаңылтпашты қима қағаздар арқылы жабыстырады.


Жұптар бірін-бірі бағдаршам әдісі бойынша бағалайды.



Жазу дәптері




Электрондық оқулық




















Қима сөздер, желім





Сабақтың соңы


Рефлексия.

Балалар, сонымен, бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?

  • Ә дыбысы қандай дыбыс?

  • Ә дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

  • Ә дыбысы сөздің басында кездесетін сөздерге мысал келтір.

  • Ә дыбысы сөздің ортасында кездесетін сөздерге мысал келтір.


«Шашылған әріптер» әдісі арқылы оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерін сұрау.


н

п

о

к

ә

а

р

ө

с

с

ү

қ

ы

д

ш

б

ж

т

ы

і











Шашылған әріптер

Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар үшін:

Тапсырма:

Мәтін бойынша сұрақ қояды, мақал-мәтелдер айт.

Қабілеті төмен оқушылар үшін:

Тапсырма:

Мәтіннен «Ә» дыбысын тап.

Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

«Смайлик» арқылы бағалауды топтардың қызығушылығын арттыру үшін пайдаландым.

«Бағдаршам» арқылы бағалауды оқушылардың ынтасын арттыру үшін қолдандым.

Денелерін тік ұстап, түзу отыру. Өшіргіш, қалам, желімді аузына салмау.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
2360
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі