Ашық сабақ 1 сынып Менің отбасым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 1 сынып Менің отбасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ үлгісі мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.



Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Кім? не? деген сұрақтар арқылы зат есіммен практикалық тапсырмалар барысында таныстыру. Өз отбасы туралы қысқаша әңгіме құрату.



Тәрбиелік: Тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту, отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігін түсіндіру.



Дамытушылық: Оқушылардың еске сақтау қабілетін дамыту барысында жұмыс жасау.



Сабақтын барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс:

- мәтінде кездесетін бейтаныс сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару;

- дұрыс айтуға дағдыландыру;

- мұғалім мәнерлеп оқиды;

- оқушылар мұғалімнен кейін бірге дауыстап қайталайды;

- оқушылар тізбекпен оқиды;

- сөз тіркестерін құрау;

- сөйлемдер құрау.

1. Сурет бойынша жұмыс.

Бұл мақсатта 1-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс жасау:

- отбасы мүшелерін атау;

- өз отбасы мүшелерін айтқызу;

- кім? не? сұрақтары бойынша практикалық жұмыс жасау.

Оқушыға ана тілінде түсінік беру.

В казахском языке, в отличие от русского, вопрос кім? (кто?) задается только людям, а вопрос не? (Что?) всем остальным и одушевленным, и неодушевленным предметам. Мұғалім (кім?), оқушы (кім?), нан (не?), күшік (не?.

Мысалы:

Кім? Не?

мұғалім сызғыш

оқушы кітап

сатушы өшіргіш

ұшқық көбелек

қыз құс

бала балық

әже мысық

әке ит

2. Тыңдалым.

«Менің отбасым» атты тақырып төңірегінде жұмыс жасау. Ол үшін 2-тапсырма арқылы әр оқушымен үлгі арқылы жеке жұмыс ұйымдастыру.

3. Тілдесім.

3-тапсырма бойынша сұрақ-жауапты жұптық жұмыс түрі арқылы іске асыру, соңында топтық жұмыспен ұйымдастыру.

4. Сергіту сәті.

5. Оқылым.

«Ата ақылы» өлеңі бойынша тәрбиелік әңгіме өткізу, мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

«Сенің атаң бар ма?» деген сұрақ арқылы практикалық жұмыс жасау.

6. Жазылым.

Грамматикалық тақырыпты пысықтау мақсатында 5-тапсырманы оқушыларға өз бетінше жазбаша орындату.

V. Сабақты қорытындылау:

а) сұрақ-жауап ұйымдастыру;

ә) тақта алдында грамматикалық тапсырма бойынша жұмыс.

VІ. Үйге тапсырма.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2018
455
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі