Материалдар / Ашық сабақ 1-сынып сауат ашу "Ұлттық ойын түрлері"

Ашық сабақ 1-сынып сауат ашу "Ұлттық ойын түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып сауат ашуға арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2020
734
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САУАТ АШУ

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;

1.2.1.2 Оқудың түрлерін қолдану;

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау


Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ойын-игра

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин











4 мин

Жағымды ахуал туғызу

-Балалар, сабағымызды бастамас бұрын орнымыздан тұрып қонақтарға амандасып алайық.

Ұлдар – ассалаумағалейкум!

Қыздар – сәлеметсіздер!

Орыс тілінде – здравствуйте!

Ағылшын тілінде – hello!

-Қонақтармен амандасып алдық, енді бір біріміздің қолымыздан ұстап бүгінгі сабаққа сәттілік тілейік!


-Балалар, біз барлығымыз мультфильм көргенді жақсы көреміз бе?

-Ендеше мультфильмнен үзінді көріп алайық. «Қап, бәлем, тоқтай тұр!».

-Қандай кейіпкерлерді көріп тұрмыз?

-Қоян мен қасқыр қандай көлікпен келе жатыр?

-Велосипедтің қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

-Велосипед тебу бұлшық етті жаттықтырып, ағзаның төзімділігін арттырады екен.
-Тағы бір мультфилмге назар аударайық. «Қолтырауын Гена»

-Қолтырауын Гена мен Қалқан құлақ қандай көлікпен келе жатыр?

-Вагон.

-Велосипед, вагон сөздерінің басында біз қандай дыбысты естіп тұрмыз?

-Сонымен біз бүгін қандай дыбыспен танысады екенбіз?

-В дыбысы.

Шаттық шеңбері












АКТ

Сабақтың ортасы

5 мин




1 мин




1 мин






3 мин













2 мин








5 мин















5 мин




















-В дыбысы – дауыссыз дыбыс. Оны көк бояумен бояймыз. В дыбысы орыс тілінен енген сөздерде ғана кездеседі. В дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (электронды оқулық).

-Енді В дыбысының жазылуын үйренейік.

Сергіту сәті. Мен көрсетіп тұрған буындарды әндетіп айтайық. Ва ва во во ву ву

-Енді балалар, жұмбақ шешіп көрейікші.

Бір аяқты, бір басты,

Жүгіреді тым қатты (велосипед).

Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды (автобус).

Табанында жолы бар, 
Төбесінде қолы бар. (Трамвай)

Жұптық жұмыс

-Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Т

Р

А

М

В

А

Й

А

В

Т

О

Б

У

С















В

Е

Л

О

С

И

П

Е

Д

В

А

Г

О

н















«Шашылған буындар»

1-топ: Бәйге

2-топ: Көкпар

3-топ: Теңге алу

4-топ: Аударыспақ

-Балалар, қандай сөздер шықты?

-Бұлар қазақтың ұлттық ойындарына жатады.

-Бұл ойын туралы не білесіңдер?

- Ұлттық ойындар туралы мағлұмат алып, ойнап көрейік.

1. «Бәйге» бейнефильмі.

Бәйге ойынын ойнап көрейік. Мына сөздерді оқы. Вагон, велосипет, аквариум, автобус

2. «Теңге алу» бейнефильмі. Қандай дыбыс екенін тап.

3. «Ханталапай». Әр топтан 4 оқушы шығады.

4. «Аударыспақ», «Көкпар» ойындары (бейнефильм). Бұл ойындарды текке ойнамаған. Ол кезде соғыс өте көп болған. Сондықтан ер адамдарды төзімділікке, шыдамдылыққа, тапқырлыққа, батырлыққа тәрбиелеген.

-Бұл бейнефильмнен көрген ұлттық ойындардың көбі немен байланысты болған екен?

-Олар атты не үшін қолданған?

Мәтінмен жұмыс

Аударыспақ – бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ойында аты мықты, білікті жігіттер жеңіп шығады.

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды.

Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ойынға жуас жылқы таңдап алады. Ойыншылар жердегі орамалды іліп алу керек. Сонда жеңімпаз атанады.

Бәйге – бұл ат жарысы. Бәйге атына салмағы жеңіл жас балалар мінгізіледі. Бәйгенің үш түрі бар: Аламан бәйге, Құнан бәйге және Жорға жарысы.

-Сонымен балалар, қандай ұлттық ойын түрлерімен таныстық?

-Ұлттық ойындар қалай ойналады екен?

-Өте жақсы. Балалар, әрбір халықтың өзінің ұлттық салт-дәстүрлері болады екен.


Электронды оқулық



АКТ









АКТ





Суретті парақшалар









Буындар жазылған парақшалар
















770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ