Ашық сабақ, 1 сынып У у дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, 1 сынып У у дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Сауат ашу Мектеп: №10 мектеп-лицей

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Менің мектебім.

Күні: 26.10.17 Мұғалімнің аты-жөні: Сүлейменова Ж.

Сынып: 1 «В» Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


У у дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

1.2.1.2 Оқудың түрлерін қолдану

1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу

1.3.1.1 Сөйлемді бас әріппен жазып, сөйлем соңыне тиісті тыныс белгілерін қою.

1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру.

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Сөздегі дыбыстың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке) анықтайды;

  • У у әрпін таниды және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

  • У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болатынын түсінеді.

  • Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады.

Көптеген оқушылар:

  • Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіреді;

  • Сызба арқылы сөйлем құрастырады;

Кейбір оқушылар:

  • Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Бағалау критерийі



  • Сөздегі дыбыстардың түрлерін ( дауысты /дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстыларды анықтайды

  • У у әрпіне байланысты сөздерден сөйлем құрастырады;

Тілдік мақсаттар

Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, жіңішке дауысты дыбыс, жуан дауысты дыбыс.

У дыбысы қандай жағдайда дауысты болады?

У дыбысы қандай жағдайда дауыссыз болады?

У әрпі сөздің қай жерінде кездеседі?

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында жауапкершілікті сезіну

Пәнаралық байланыстар

Математика (сөзде қанша әріп, дыбыс барын санайды)

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім


Оқушы: Осыған дейінгі өткен әріптермен сөздерді оқиды, олармен сөйлем құрай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы 2 мин










Психологиялық дайындық

Әрбір адам – Туысым,досым,жұрағат

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу,ұлағат

Әрбір ісің – тірлік,тірек,адалдық,

Әрбір сөзің – шындық ,бірлік,адамдық.

Топқа бөліну 4 топ (Түстер арқылы)

1-топ. қызыл

2-топ. сары

3-топ. жасыл

4-топ. көк

Топ ережесі

1.Бірін-бірі тыңдау

2.Ұйымшылдық

3.Белсене қатысу

4.Ақылдасып жұмыс істеу.

5.Топтық шешім қабылдау


шаттық шеңбер



түрлі түсті қағаздар

Сабақтың ортасы

3мин




4 мин









5 мин
















4 мин
























5 мин

















1 мин


4 мин













2 мин








3 мин









«Үндемес ойыны» арқылы өтілген әріптерді еске түсіру.

А, Н, Л, Р, О, Т қандай әріптер? Талдау

Әріп дегеніміз не?

Дыбыс дегеніміз не?

Бағалау: Оқушылар бірін- бірі «Қол белгісі» әдісімен бағалайды.

Ұжымдық жұмыс

Ой тастау.

Балалар ненің дыбысын естіп тұрмыз?

-Жел

-Ендеше бәріміз бірге осы дыбысты шығарып көрейік.

(Уу-у-у—у-у-у-у)

Ендеше бүгін біз сендермен жаңа дыбыспен танысамыз.

Қалай айтылып тұр?

УУУ

Дұрыс балалар, бұл дыбыс. Әріппен таңбаланады.

У дыбысының баспа, жазбаша түрімен таныстыру.

У дыбысының айтылуымен жұмыс жасау (практикалық-хормен, жеке айтқызамын)

Уық — кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш.

Электрондық оқулықтан у дыбысының бірде дауысты,бірде дауыссыз екенін түсіну.

У у дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып кездесетіндігін түсіндіру. Слайд, сурет арқылы.

У – ашық, жуан, еріндік дауысты дыбысты белгілейтін әріп.

У дыбысының емлесіне түсінік беру

Егер у дыбысы дауыссыз дыбыстан соң келсе, дауысты болады. Су, ну.

Ал дауысты дыбыстан кейін келсе дауыссыз болады. Тау, ау.

Мысалмен жұмыс: Оқу, ауа, анау, уақыт.


Артикуляциялық жаттығу

Енді балалар у әрпін жазып үйренейік. Жазу жұмысы. Электрондық оқулықтан көрсету.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.

У әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар.

У дыбысының элементтерін атау.

У дың бас әріпі екі элементтен тұрады. Ілгекше, түзу көлбеу сызықтан тұрады.

У дың кіші әріпі екі элементтен тұрады. Ілгекшеден,түзу сызыққа жалғасақан баудан.

У әрпінің алғашқы жолдарын толтыру.

Дескриптор.

Әріп элементтерін дұрыс салады.

Әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады.

Жазу жолын сақтайды.сөзді сауатты, көркем жазады.


1 Тыңдалым.

Мәтінмен жұмыс

Арал мен Орал өзенге ау салды.

Бір кезде жел күшейіп,уууууу деп уілдеп кетті.

Олар ауды жинай бастады.Міне, қызық! Ауға ау, ауа, аула, аулау, ару. Аруна, алу, Алуа деген сөздер ілініп қалыпты.

Сөздік жұмыс. Ау - балықты тобымен аулап ұстау үшін кендірден,жіптен жасалатын тор

Кері байланыс: Ауға ілінген қандай сөздер болды екен?

Бағалау: Оқушылар бірін-бірі «Қол белгісі» әдісі арқылы бағалайды.


Балалар енді ауға ілінген сөздерді оқулықтан оқиық.

2 Оқылым.

АУ РУ АУЛА АЛАУ АЛУ АРУНА АУА АРУ ЛАУЛА АУЛАУ АЛУА АРАЛАУ

Кері байланыс

- Қандай сөз түсініксіз болды?

Науа– мал суаратын астаудың бір түрі.

Ту мемлекеттік рәміз болып табылады.


Сергіту сәті


Топтық жұмыс.

1-топ. Қима қағазды дұрыс орналастырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасайды.(тау)

2-топ . Берілген сөздерден У әрпін тауып, дауысты немесе дауыссыз екенін ажыратады.

Ожау, оқушы, су.

3- топ.Әріптерден сөз құрайды.

у р е с т --Сурет

4 - топ. Құрамында у дыбысы кездесетін сөздер айту.

Кері байланыс:

Тау сөзінде у дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?

Оқушы сөзіндегі у дыбысының орнын анықта.

Бағалау: Топтар бірін-бірі «бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.


Тіл ұстарту жаттығуы:

-уа,-уа,-уа- Таза ауа.

-ау,-ау,-ау, Биік тау.

Кері байланыс:

Сөз неден құралады? Сөз әріптен, дыбыстан құралады.

Сөйлем неден құралады? Сөйлем сөзден құралады.


Жұптық жұмыс

Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрау.

Shape1


Кері байланыс:

Сөйлем неше сөзден құралған?

Бағалау: Жұптар бірін –бірі бағдаршам әдісі бойынша бағалайды.

«Кезбе тілші» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

1.Бүгін қандай әріппен таныстық?

2.У дыбысы қандай дыбыс?

3.У дыбысы қай кезде дауысты болады?

4. У дыбысы қай кезде дауыссыз болады?













Электрондық

оқулық
































аудиожазба










видеоролик























Сабақтың соңы

2 мин


«Блаб» әдісі арқылы оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенін параққа белгілейді.


Саралау


Бағалау

Денсаулық ж/е қауіпсіздік тех.сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар:

Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Қабілеті төмен оқушылар:

У әрпін таниды және оны дыбыспен сәйкестендіреді

«Басбармақ» арқылы балалардың түсіну деңгейін білдіреді.

«Смайлик» арқылы бағалау оқушылардың қызығушылығын арттырады.


қаламдарын дұрыс ұстау, партада дұрыс отыру,жолда жүру ережесін білу













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2018
1518
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі