Материалдар / Ашық сабақ. 2-сынып. Цифрлық сауаттылық. Жоба идеясының мәтінін теру және редакциялау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. 2-сынып. Цифрлық сауаттылық. Жоба идеясының мәтінін теру және редакциялау.

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сынып. Цифрлық сауаттылық. Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2024
1006
16 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

28-сабақ. Жоба идеясының мəтінін теру жəне редакциялау

Бөлімі

VI бөлім. Роботтехника: «Билейтін робот» жобасы (ортақ тақырыптар: «Қоршаған орта», «Саяхат»)

Мұғалімнің аты-жөні:

Жұмәділлә Н.М.

Күні

08.04.2024ж

Сыныбы

2 «Г» Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

28-сабақ. Жоба идеясының мəтінін теру жəне редакциялау.

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.2.1.2 өз идеяларын мəтіндік редакторда жазу;

2.3.2.1 қосымшалар арасындағы мəліметтермен ауысу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Жобаға қажетті ақпаратты мəтіндік редакторда теріп, редакциялауды үйренеді.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

(1-7 мин.)






Топтастыру

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.

І. Қызығушылықты ояту.

«Ағаштағы алманы сақтап қал» ойыны.

https://www.flippity.net/Snowman.htm арқылы құрастырылған тапсырмаларды оқушылар әріптеп табу арқылы ағаштағы алманы сақтап қалады. Егер әріп қате болған жағдайда ағаштан алма түсіп қалады.

Бұл тапсырмаға жалпы оқушылар қатыса алады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, көңіл күйлерін көтереді.


Топтастыру. «Ақ серек, көк серек» əдісі.

Жалпы оқушыларға ыдыстан екі түсті қаламсап алу ұсынылады. Сол қаламсап түстері арқылы үстелдің екі бетіне топтасып жайғасады.

1-топ: «Ақсерек» 2-топ: «Көксерек». «Ақ серек, көк серек» қазақтың ұлттық ойындары екендігі айтылып өтіледі.

(МК, Ұ)

Ой қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

«Қоршаған орта» деген не?

Оқулықтағы 1, 2-суреттерде не бейнеленген?

Shape1

Shape2

Суреттерді салыстырып, қандай тақырыпта жоба идеясын ұсынуға болады?

Мәтіндік редактор Word Pad-та жобаңды теріп, қателерін қалай жөндеуге болатынымен танысайық.

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берілмесе, мұғалім өзі бағыттап, дұрыс жауабын табуға көмектеседі.

Мұғалім белсенділік танытқан оқушыларды «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.

Оқушының ынтасына қарай смайликтермен бағаланып отырылады.

«Жақсы»

«Талпын»

«Жарайсың»

Оқулық,

Цифрлық құрылғы

Компьютер

Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысы жүргізледі.

  • Жоба дегеніміз не?

  • Жоба жасау үшін бірінші не таңдау керек?

  • Жоба тақырыбына байланысты ақпаратты қайдан аламыз?

Қандай да болмасын бір ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша түрде ортаға салады. Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою мен проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамауы қадағаланады, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін сабақтың тақырыбымен, мақсатымен жəне бағалау критерийлерімен танысады.

Сабақтың ортасы

(31 мин.)



ІІ. Мағынаны ашу

(білімді өзектендіру үшін).

- Міне балалар, жоба тақырыбын таңдап,керекті ақпаратты жинақтап, іс-әрекетті жоспарлап алдық. Ал осы дайын жобаны компьютерде қандай мәтіндік редакторды қолданамыз?

Ия, дайын жобаны жазуда WordPad мәтіндік редакторын қолданамыз.

Жаңа сабағымыздың тақырыбы да «Жоба идеясының мәтінін теру және редакциялау». Мәтіндік редакторда мәтін теруді және оны редакциялауды үйренеміз. Терілген мәтін дайын болып есептелмейді. Мәтін тексеріліп,қателері жөнделеді.

Терілген мәтінге әріп пен сөз қосу, жою қателерді түзету мәтінді редакциялау деп аталады.

Мәтінді редакциялау үшін сөзді ерекшелеуді білу керек.

1.Меңзерді қажетті сөздің алдына қой.

2.Тінтуірдің сол жақ батырмасының үстінен екі рет шерт немесе басып тұрып оңға жылжыт.3-сурет.

Shape3

3.Сөзді ерекшелеп, батырмадан саусақты ал.

4.Delete немесе Backspace батырмасын бас.

Сонда қате жазылған сөз өшеді.

Сөзде қате әріпті өшіру үшін 4-суреттегі әрекеттерді орындау керек.

Shape4

Мәтіндік редакторда мәтін теру ережелерін білгеніміз дұрыс.

  1. Бас әріп Shift+әріп

  2. Тыныс белгіден кейін бос орын қойылады.

  3. Сөзде барлық сөз бас әріппен жазу үшін CapsLock батырмасы басулы болу керек.

Мұғалімді мұқият тыңдайды.

Мұғалім түсіндірмесі бойынша берілген суреттерге қарап тапсырманы орындайды.

WordPad мәтіндік редакторын қолданады.

Сұраққа жауап береді.

Суреттерге қарап топта талқылайды.

Жұмыс дәптеріне түртіп алады.

Жұмыс дәптеріне сөздікті үш тілде жазып алады.






Оқушылар бірін - бірі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.


Әр оқушы смайликтермен бағаланады.

Оқулық,

Компьютер

Led экран

Жұмыс дәптерлері



(Т) 1- тапсырма. Топтық жұмыс.

Санжар «Қоршаған ортаны қорғау» жобасының идеясын Word Pad-та терді.

Санжар мəтін теруді енді үйренген. Оның досы ретінде мəтінді редакциялауға көмектес. Мəтіндегі қателерді тап. Жасаған түзетулерді кестеге түсір.

І-топ: Бірінші сөйлеміндегі мәтін қатесін табады.

Жобода кетірілетін маселе –қоршаған ортаны қорғоу.

ІІ-топ: Екінші сөйлеміндегі мәтін қатесін табады.

Жобода қоршыған ортанің ластену маселелерін аңықтеу,


Shape5

Дескриптор

Берілген практикалық тапсырманы топтық талқылау жасайды.

Тапсырманы оқулықтағы үлгі бойынша орындайды.

Әр топ берілген кестені толтырады.



Топтар бірін-бірі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.

Компьютер оқулық

Сергіту сәті

Көз жаттығуын жасап, Led экраннан «Қозғалма, тоқта» сергіту сәті әуеніне қосылып, ән шырқап, қозғалыс жасап бой сергітеді.

Теледидар

Колонка


(Ө) 2-тапсырма

Оқулықта берілген мəтіндегі өзгерістерді орындау үшін қажетті əрекет пен пернелерді көрсетіңдер.

  1. Сөзді толық ауыстыру.

  2. Мәтінге сөз қосу.

Дескриптор •Жұптасып, берілген тапсырманы орындайды.

Берілген мəтіндегі өзгерістерді орындау үшін қажетті əрекет пен пернелерді көрсетеді.

Оқушылар бірін - бірі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.

Оқулық,

компьютер


(Ж) «Көршіңе əңгімелеп бер» əдісі

3- тапсырма

  • Мəтінді редакциялау үшін қандай əрекеттер орындалады?

  • Мəтінді ерекшелеп алу не үшін өте маңызды саналады?

Дескриптор:

Бір сұраққа жауап береді.

Екі сұраққа жауап береді.

Оқушылар бірін-бірі «Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.


Сабақтың соңы

(7 мин.) Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия

Shape6

Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында). Балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.

Белсенділік танытқан оқушылар «Отшашу» əдісі бойынша бағаланады.

Әр оқушының алған смайликтері сабақ соңында есептеледі.





Сабақтың ортасы — жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі, мұнда проблеманы шешу жолдары қарастырылады (Бұл кезеңді «Проблема шешу» немесе «Мағынаны ашу», «Өз қолымен жасау/орындау», «Операциялық кезең» деп те атауға болады).

Мұғалімнің міндеттері:

оқушыларға материалды игерудің белсенді тәсілдерін ұсынады;

оқушылардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игеруіне қажетті жағдайлар жасайды.



(Ж) «Көршіңе əңгімелеп бер» əдісі

Бұл əдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады:

- сұрақ қою, ойластыруға уақыт беру;

- одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұрау.


(Ө) «Жетістіктер баспалдағы» əдісі

«Жетістіктер баспалдағы» əдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын жəне өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғанын анықтайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!