Материалдар / Ашық сабақ 3 сынып "Қаратпа сөз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 3 сынып "Қаратпа сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге,әдіс тәсіл түрлері бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
829
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім:

«Жақсыдан үйрен жаманнан жирен». Жақсы мен жаманды айыра білемін. »

Күні: 4 10 2018жыл

Мектеп: Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Избасарова А

Сынып: 3 В

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны: 21

Сабақтың тақырыбы

19-сабақ. Қаратпасөз. 1-4жаттығу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату жəне тыныс белгілерін дұрыс қою;

3.2.4.1 өз бетінше мəтіннің тақырыбын жəне мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық жəне стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Қаратпа сөздерді анықтай алады.

Көпшілігі: . Диалогке қатысады; мұғалімнің көмегімен мəтіндегі негізгі ойды анықтай алады

Кейбірі: Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай

Бағалау критерийлері

Сабаққа белсенді қатысады.

Мәтіннің мазмұнын түсіне алады.

Мәтін бойынша жоспар құрастыра алады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық және құрмет

Тілдік құзіреттілік


Пәнаралық байланыс

музыка сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Алдыңғы оқу

Сөйлеу мәдениетін үйренемін

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2 минут

(Ұ) Шаттық шеңбері:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек, 1 рет қол шапалақтаймыз.

Ұйымшыл боламыз десек, 2 рет қол шапалақтаймыз.

Белсенділік танытамыз десек, 3 рет шапалақтаймыз

Сыныпты әр топтық атауы жазылған түрлі түсті стикерлер арқылы үш топқа топтарға орналастыру

І топ Жақсының өзі де жақсы ,сөзі де жақсы

ІІ топ Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.

ІІІ топ Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп.

«Конверт – сұрақ» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау сұрақтары беріледі

Бағалау Қол шапалақ





Шаттық шеңбері



Стикерлер


«Конверт сұрақ» әдісі

Сабақтың ортасы

  1. минут



Ұжымдық жұмыс

«Стоп кадр »әдісі арқылы «Жақсылық пен Жамандақ » атты мультфильмді көрсету

Көрсетілген мультфильм арқылы бүгінгі өтілетін бөліміміздің атауын ажыратады.

Мультфильм кейіпкерлерін ата

Саған қай кейіпкердің ұнады?

Айтылым

1-жаттығу кестедегі сөйлемдерді салыстыр. Олардың мазмұнына қарай ,тыныс белгілеріне назар аудар.

Арайлым, сен кітапханаға барасың ба?

Арайлым кітапханаға барды.

Әже, ертегі айтып беріңізші.

Әжем ертегі айтты.

Дүкеннен керек заттарды алуды ұмытпа ,қызым.

Қызым дұкеннен керек заттарды алып кел.

Сөйлемдерді салыстыру барысында не байқадың?

Оқушылардың пікірін тыңдау.

Бағалау Мадақтау

Тыңдалым

2-жаттығу Мәтінді мұқият тыңда

Нұржан кішкентай ағаштың артық бұтақтарын қия бастады. Байқамай, қабығымен қоса діңін кертіп тастады.

-Балам –ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді не ол жылайтын болды .

Нұржан қалт тұрып қалды.

-Қалайша , ағаш та жылай ма?!-деді таңданып.

-Әрине ,оның да жаны бар, ол да тіршілік иесі. Оны сезіне білуің керек,-деді бағбан.

Балдырған журналынан

Жұптық жұмыс

*Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой.

* Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқы. Оған өз ойыңды білдір.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөзге назар аудар. Бұл сөз не үшін қолданылып тұр деп ойлайсың?

Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр.Дәптерге жазу

Жоспар :Нұржанның іс –әрекеті

Нұржанның таңдануы

Бағбанның сөзі

Бағалау «Бірін-бірі бағалау» стратегиясы.

  • Жарайсың!

  • Сабақта атқарған жұмысыңа көңілім толды!

-Сен одан да жақсы жұмыс істей алатын едің!

Жаңа ақпарат

Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз деп атайды.Дана, сен хайуанаттар бағына барасың ба?

Жеке жұмыс Дәптермен жұмыс

3-жаттығу

Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы . Қаратпа сөздерді тап.Көшіріп жазу Тыныс белгілеріне назар аудару

Шырағым, Кәмаш, мына Қарасақаудың баласы саған бүлдірген әкеліпті. Өзі бұрын есік ашпаған бала екен.Жақсылып көйлек кигізіп жібер.

-Иә, балам, оқып жүрсің бе?

- Оқып жүрмін, Абай ата М. Әуезов

Бағалау смайлик

Жаңа ақпарат

Қаратпа сөз үтір арқылы ажыратылады.

Марат, сен үйдесің бе? Иә,Марат, мен сені күтіп тұрмын.Көп кешікпе, Марат.

Топтық жұмыс

І топ Көп нүктенің орнына қаратпа сөз қойып , көшіріп жаз 
1. ..., мені көшеден өткізіп жіберші. 2. Терезені дүрыстап жапшы, ... .3. Иә, ..., оқып жүрсің бе?

ІІ топ Көп нүктенің орнына тиісті қаратпа сөздерді қойып,оқу. 1.Өмір жасың ұзақ болсын,.....! 2. Айтыңыз ,........., не жағдай болды?
4. Рахмет,..........!

Керекті сөздер: Сәкен қарағым, көке , балам

ІІІ топ Сызба бойынша қаратпа сөздерді қатыстырып сөйлем құра

  1. ------------, ---------- --------------- -------------- ?

  2. ------,-------, ------------------.

  3. ---------------- , --------------.

Бағалау Бағдаршам


Мульфильм















Мадақтау сөздерін қолдану











Аудио таспа тыңдату



«Бірін-бірі бағалау» стратегиясы.












































Сергіту сәті

1 минут

«Арқаға жазылған комплименттер»

Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, әр оқушының арқасына яғни бір-бір оқушыға жылы,, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді


Арқаға жазылған комплимент әдісі

Аяқталуы


2 минут


Ұжымдық жұмыс «Қабырғадағы ереже » әдісі

Қаратпа сөздерге байланысты бірнеше сөздер беріледі Берілген сөздерді тыныс белгісіне байланысты қабырғадағы ережеге байланысты өз орнын табады

Мысалы1.Достым,сен асықпай жөніңді айтшы.
2.-Айтыңыз,көке,не жағдай болды?
3.Бұл жасаған қателігің дұрыс емес,шырағым.

Бағалау басбармақ

Қабырғадағы ереже » әдісі

Сабақтың соңы

1минут

Үйге тапсырма 4-жаттығу

Рефлексия Жетістік сатысы

Стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Ұжымдық жұмыс

Ұжымдық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Ұжымдық жұмыс

Қолшапалақ

Мадақтау

Бірін-бірі бағалау

Смайлик

Бағдаршам

Басбармақ

1. Дүниетану, көркем еңбек

2. АКТ арқылы

Рефлексия

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!