Материалдар / Ашық сабақ 45 топ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 45 топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалды колледжде сабақ беретін ұстаздар пайдалануға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2023
205
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Методическая инструкция

СМК-МИ-7.5.-26-01

Күнтізбелік – тақырыптық жоспар жасау бойынша әдістемелік нұсқаулық/

Методическая инструкция по составлению календарно – тематических планов


Издание /басылым

1/2017

Стр/бет.

0









Шебер сабақ




Тақырыбы: «Дирижирлеу техникасы».





Пәні: «Хор сыныбы»

Мамандығы: 0108000 «Музыкалық білім беру»

Курс: IV

Топ: 45


















Жүргізетін музыка пән оқытушысы:

Бузаубагарова Р.Ш.





Семей, 2022











Келісемін:

Директордың ғылыми-әдістемелік

жұмысы жөніндегі орынбасары

__________Д.Т.Оспанова

« 12 » желтоқсан 2022 ж


Бекітемін:

директордың оқу жұмысы

___________ жөніндегі орынбасары Боленбаева А.К.

« 12 » 12. 2022 ж.


















Музыка пәндік әдістемелік комиссиясының отырысында

қаралды және бекітуге ұсынылды

ПӘК төрағасы_______________Бузаубагарова Р.Ш.

«12» желтоқсан 2022 ж
















«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

(білім беру ұйымының атауы)

Орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған педагогтың сабақ жоспары


«Дирижирлеу техникасы».


(сабақ тақырыбы)

  Пән атауы: «Хор сыныбы»

  Дайындаған педагог: Бузаубагарова Р.Ш.

  2022 жылғы " 15 " желтоқсан

  1.Жалпы мәліметтер:

      Курс, оқу жылы, топ: IV; 45

Сабақ типі: - практикалық, алған білімдерін тиянақтау және тереңдету.

2. Мақсаты: Студент хор ұжымымен жұмыс жасау барысында, дирижерлық техниканы пайдалана отырып шығарманың көркемдік мәнін ашу.

Міндеттер:

Білімділік: 

  • хормен жұмыс істеуге қажетті дирижерлық техниканы меңгеру.

  • хормен және кейінгі өз бетінше жұмыс істеуге қажетті білім мен дағдыны меңгеру және жинақтау.

Дамытушылық:

  • мәнерлі дирижерлеуде көркем-бейнелі ойлау дағдысын дамыту.

  • партитурадағы «хор дыбысын» түсіну үшін бейнелі - есту әдісін дамыту.

  • музыкалық сөз тіркесінің бейнелі мәнерлілігін қимыл-қозғалыс жүргізу жеткізу дағдысын дамыту.

  • музыкалық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

  • мәнерлі дирижерлеуде көркем-бейнелі ойлау дағдысын меңгереді;

  • өз бетінше жұмыс істей алатын мәдениетті музыкант тәрбиелеу.

  • еңбексүйгіштікке, жауапкершілікті сезінуге, тәртіптілікке тәрбиелеу.

      2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

  • мәнерлі дирижерлеуде көркем-бейнелі ойлау дағдысын игереді;

  • дирижерлық техниканың дағдылары мен тәсілдерін меңгереді;

  • бағдарлама деңгейіне сәйкес музыкалық шығарманы талдай алады.

  • шығарманы орындау барысында динамикаларды, штрихтарды уақытында қолдана алады.



2.2 Күтілетін нәтиже:

* студент дирижерлық техниканың дағдылары мен тәсілдерін меңгереріп, бағдарлама деңгейіне сәйкес музыкалық шығарманы талдай алады.

2.3 Бағалау критерийі:

* Музыкалық шығарманы талдай алады;

* Шығарманың мазмұнына байланысты дирижерлық техниканы пайдалана отырып штрихтар, динамикалық белгілерді көрсете алады;

* Шығарманы дирижирлеуде көркем-бейнелі ойлауды, мәнерлі дирижерлеудің әдісін көрсете алады;

      3. Сабақты жабдықтау: партитура;

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:

партитура материалдары;


    3.2 Техникалық құралдар, материалдар:

Фортепиано аспабы, пипютр;

      4. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезең.

Білімалушылармен амандасу, студенттердің психологиялық көңіл-күйі байқау.

  1. Тамақ қыздыру жаттығулары

  2. Тақырыпты игерту.

Кіріспе сөз.

Саламатсыздарма әріптестер, студенттер. Бүгін сіздердің назарларыңызға "дирижирлеу техникасы" тақырыбында 4 – курс студенттерімен ашық сабақты – өткізгелі тұрмыз.

Сабақтың мақсаты әр студент хор ұжымымен жұмыс жасау барысында, дирижерлық техниканы пайдалана отырып шығарманың көркемдік мәнін ашу.

Дирижерлық техника деген ұғымды біз қалай түсінеміз?

Бағытталған мақсаттылығы, ырғақтың уақытылылығы (ритмичность), ұтымдылығы (қажетсіз қимылдардың болмауы) және дирижерлық үлестердің (жесты) жетілдірілуі.

Басқаша айтқанда, дирижер физикалық энергияны ең аз жұмсай отырып, орындаудың максималды дәлдігіне қол жеткізу.

Ұжымның қабылдауының тиімділігі көп жағдайда дирижерлық техниканы меңгеру дәрежесіне байланысты.

Атақты пианист И.Гофман айтқандай «Өнерде еркін болу үшін, – техниканы толық меңгеру керек. Бірақ біз орындаушыны техникасына қарап емес, оны қалай қолданатынына қарап бағалаймыз деген екен.

Жақсы техника дәлдік (точность) пен жеңіл басқаруға, орындаудың шығармашылық еркіндігіне қол жеткізуге көмектеседі. Дирижердің үлестері (жесты) әрқашан анық, үнемді, пластикалық және мәнерлі болуы керек.

Өкінішке орай, мұндай қасиеттерге жету үшін көбінесе бізге не кедергі жасайды ол біздің бұлшықеттердің шамадан тыс кернеуіне немесе жүйке кернеуіне байланысты дирижер аппаратының «тығыздығы» (зажатость) арқылы кедергі келтіреді. Сондықтан біз бұл жағдайларда жұмысты осындай «қысылған» бұлшықеттерді босатудан бастауымыз керек.

Дирижерлеу әртүрлі қозғалыстардан тұрады. Жаңадан бастаған дирижер үшін қозғалыстардың қаттылығы тән. Ол неден деп ойлайсыздар:

  • физикалық: физикалық дамымауы, табиғи икемсіздігі, ауыр атлетика;

  • психологиялық: партитураны білмеу және нақты іс- әрекет жоспары болмауы, көркемдік тапсырманы орындай алмауы, сахналық қобалжу мен аудиторияның қорқынышын жеңе алмау;

Бірінші бөлім:

  1. Тыныс алу жаттығулары:

- демді алып және оны шығару;

- демді глубоко алып «С» дыбысы арқылы шығару;

- демді алу және «С» дыбысына стокатто арқылы шығару;


  1. Тамақ – ерін қыздыру жаттығулары:

- екі дыбысты ауызды жауып (м –м –м- м-) арқылы шығарып жоғары – төмен айту;

- тыныс алып «ма –мэ –ми –мо -му» дыбыстарын жоғары легато – тынысты шығарып төмен«ма – а, мэ –э,ми – и, мо –о,му -у» стокаттоға айту; До-ре-до-ми-до-фа-до-соль-до-ля-до-си-до-до;

- диафрагмамен жұмыс жасау жаттығуы: « ф» дыбысын ішпен итеру арқылы бірнеше рет қайталау;

- дикцияға «Бра –бра-бра-бра-бар –бра -бра»;

- ерінді қызыдыру жаттығуы (ле –ле- ле- ле- ле- ле -о);

- кантиленаға бір тыныста айтып шығу;

Жаттығулардың бірінші бөлімі аяқталды.


Екінші бөлім:


Практикалық жұмыс.


Студенттер:

Социалов Диас акапелла шығармасы «Студент жастардың қоштасу әні».

Сөзі: Б.Тәжібаевтікі; әні: Е.Хасанғалиевтікі. (анықтама беру)

Ақанова Сауле сүйемелдеу шығармасы «Мың бала» сөзі: Б. Мәжитұлынікі; әні: Б.Дәлденбайдікі. (анықтама беру)

Шығармаларына талдау жаусау (жанр, тональность, өлшемдер, пауза, динамика, штрихтар, дикция, тыныс алу, артикуляция);

Әр партиялармен жұмыс жасау;

1 – 2 сопрано, альт дауыс партияларды қайталау;

Партияларды қосып сольфеджио түрінде орындау.


IV. БЕКІТУ.

  V. ҚОРЫТЫНДЫ.

Сабақты қортындылай келе студенттер өз шығармаларының көркемдік бейнесін дирижерлық техникасы арқылы аша білді хор ұжымымен жұмыс жасай білді.

Сабаққа қойылған міндеттерді көрсетуге тырыстық, әрине бір сабақ жеткіліксіз, бұл процесс жанағы дұрыс тыныс алу, интонация, дикция, ансамбльдік жүйе, динамика, штрихтарды сабақтан сабаққа міндетті түрде қайталанып отырады.

      VI. КЕРІ БАЙЛАНЫС. РЕФЛЕКСИЯ. РЕФЛЕКСИЯ НЫСАНАСЫ

Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттікпе қалай ойлайсыздар?

Қандай қиыншылықтар болды?

  VII. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ.

Шығармалардың партияларын әр студенттен әр студенттпен жекелеме жұмыс жасау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!