Сабақтың
тақырыбы
|
«Туған ел» көрмесі
(1-тоқсан.1-бөлім.)
3-сабақ
|
Дағды
|
Тыңдалым және
грамматика
|
Оқыту
мақсаттыры
|
4.1.2.1. бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын
мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну.
4.1.3.1. тыңдаған материалдың
мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру/сөйлемді толықтыру және
түйінді тұстарын анықтау/кесте толтыру/ кластер
құрастыру.
4.5.1.5. сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем
құрастыру.
|
Тілдік
міндеттер
|
халық, ұлт, шаңырақ, ту,
бейнелеу, мәңгі
|
Алдыңғы
білім
|
Бурабайда
|
Сабақтың
барысы
|
С.кезең.і
|
Жоспарланған оқыту
іс-әрекеттері
|
уақыты
|
Қар.қат
|
Оқыту
ресурстары
|
Кіріспе
|
«Микрофон» әдісі арқылы
алдыңғы білімге қатысты сұрақтар қойылады. Оқушылар шеңбер бойымен
тұрады. Алдымен микрофонды мұғалім алып, өткен тақырыпқа қатысты
бір сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі оқушыға бір сұрақ қояды.
Осылай ойын жалғасады. Бұл алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру
мақсатында жүргізіледі.
«Жаңа сөз үйрен» айдары
оқушыларды сабаққа қатысты жаңа сөздерді меңгерту мақсатында
жүргізіледі. Оқушыларға бірнеше жаңа сөздерге қатысты суреттер
көрсетіледі. «Суретті сөздік» арқылы оқушылар жаңа сөздерді
меңгеріп сөз тіркестерін, сөйлемдер
құрастырады.
«Жаттығайық» айдары оқушыларды
меңгерген жаңа сөздерін бекітуге бағытталған және де Қазақстан
туралы мәліметтерді толықтыруға арналған.
|
2 мин
|
Мұғ-Сынып
|
Микрофон
Жаңа сөздерге қатысты
суреттер
|
«Анықта» айдарындағы тапсырма
оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында
берілген. Тапсырманы орындау барысында оқушылар сабақтың басында
меңгерген жаңа сөздерді қолданып сөйлеуіне жағдай туғызу керек.
Тапсырма сыныппен және топпен орындауға арналған. Бұл тапсырманы әр
сурет бойынша жеке топтарға бөліп беруге болады. Оқушылар оқулықта
берілген сурет бойынша жаңа сөздерді қолданып, «Ортақ шаңырақ»,
«Біздің көше», «Қазақтың даласы», «Әсем табиғат» тақырыптары
аясында сөйлейді.
Мұғалім оқушыларды мадақтау
сөздері арқылы бағалайды.
«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Нашар»,
«Талпын», «Жауабыңды толықтыр!» т.б. (мұғалімнің қалауы
бойынша)
|
3-мин
|
Топтық
жұмыс
|
|
Негізгі
бөлім
|
Балалардың салған суреті
туралы мәліметті оқушылар жазбаша
орындайды.
|
5 мин
|
Жеке
|
.
|
«Кел, сөйлесейік» айдарында
ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың сөйлесім дағдысын дамытуға,
ойлау дағдыларын жетілдіруге, оқушының өз ойын жасқанбай айтуына,
қорытынды жасай білуге бағытталған. «Неліктен?» деген сұраққа жауап
беру арқылы оқушының сыни ойлауы
қалыптасады.
|
5 мин
|
Мұғалім -
сынып
|
оқулық
|
«Тыңда» айдарында ұсынылып
отырған тапсырма оқушылардың тыңдау арқылы есте сақтауын және
оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар диалогті тыңдайды,
қандай таныс сөздердің есінде қалғандығын атап
айтады.
Саралау
тапсырмасы. Оқушылар диалогті оқып
болған соң, өз сөзімен не туралы екенін баяндап береді. Мұғалімнің
шеберлігіне қарай, қабілеті жоғары оқушылар «Репортер» әдісін
қолданып, Жүргізуші мен оқушылардың сұхбатын рөлдік ойын ретінде
көрсетуге болады. Оқушыларға тірек сөздер немесе диалогка қажетті
сөз тіркестері алдын ала берілуі қажет.
|
3 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Сурет,
репортер әдісіне арналған
микрофон, тілшілердің папкасы,
қалам
|
«Тыңда және жауап бер»
тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді қайталап бір рет тыңдайды.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Бұл тапсырма ауызша
орындалады. Тапсырма оқушылардың есте сақтауын, алған білімдерін
бекітуге арналған.
|
5 мин
|
Жеке ж. Жұпт.
ж.
Сынып
|
|
«Тыңда және жауап бер»
айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа
жауап береді, кестені толтырады.
1.Диалогке қанша адам қатысты?
Оларды атап бер.
2.Балалар қайда
тұр?
3.Балалар өз суреттері туралы
не айтты?
4.Диалогке кім қатыспады?
Неліктен?
|
7 мин
|
Жеке
ж.
Сынып
|
оқулық
|
Қор.
бөлім
|
Сабақты қорыту және есте
сақтауды дамыту мақсатында оқушылармен «Ең жылдам» әдісін қолдана
отырып, ойын ұйымдастыруға болады. Бұл әдіс арқылы оқушылар
логикалық ойлауда ширақтыққа, жылдамдыққа тез бейімделеді және
оқушылардың қызығушылықтары арта түседі.Оқушыларға бүгінгі сабаққа
қатысты сөздер керісінше жазылып беріледі. Сөздер тақтада маркермен
А4 парағын жазылып ілініп тұрады. Кез келген оқушы шығып сөзді
дұрыс жазып беруі керек. Жылдам әрі қатесіз жазған оқушы
марапатталады.
Мысалы: қылах, тлұ, қарыңаш,
ігңәм, ленағут, емрөк,терус т.б.
Рефлексия.
«Жетістік баспалдағы» оқушыларға жетістік
баспалдағы ұсынылады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша қай
баспалдақта тұрғанын көрсетеді.
Үйге тапсырма ретінде
оқушыларға «Туған ел» тақырыбына фотоколлаж жасап келуге тапсырма
беруге болады.
|
3 мин
|
Сынып-мұғалім
|
Керісінше жазылған сөздері бар
парақша
«Жетістік баспалдағы»
|
Оқушылардың тақырыпты
қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалімдер оқушылардың
тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек.
Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс
табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін
қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы
керек. Сабақ барысында оқушы үшін, жұмысын жандандыру мақсатында
кері байланыс жүргізудің маңызы зор.
|
Бағалау
критерийлері
-
Туған ел тақырыбы төңірегінде
сөйлейді, жаңа сөздерді меңгереді.
-
Бейтаныс сөздер мен сөз
тіркестері бар мәтіннің мағынасын
анықтайды.
-
Тыңдаған мәтіннің мазмұны
бойынша сұрақтарға жауап береді.
-
Сөздердің орын тәртібін
сақтап, жай сөйлемдер құрастырады.
|
Пәнаралық
байланыстар
Дүниетану
|
Рефлексия
|
Сабақ мақсаттары/оқу
мақсаттары қол жетімді болды ма?
|
|
Бүгін оқушылар нені
үйренді?
|
|
Оқыту ортасы қандай
болды?
|
|
Мен өз уақытымды ұтымды
пайдалана алдым ба?
|
|
Мен жоспарыма қандай
өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
|
Қорытынды бағалау. Ең жақсы
өткен екі дүние не?
Қандай екі дүние сабақтың одан
да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді?
Осы сабақтың барысында менің
келесі сабағыма қажет болуы мүмкін мәліметтер немесе сыныптағы
жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты
алдым?
|