Материалдар / Ашық сабақ. 4-сынып. Қазақ тілі. тақырыбы: "Зат есімнің септелуі"

Ашық сабақ. 4-сынып. Қазақ тілі. тақырыбы: "Зат есімнің септелуі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптың қазақ тілі пәні бойынша өте қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
1829
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:

Қазақ тілі

Сынып:

4

Өтілу мерзімі:


Мұғалім:

Қойшыбай Ермұрат

Тақырыбы:

Зат есімнің септелуі


Мақсаты:

  1. Оқушыладың тақырып туралы білімдерін нақтылау;

  2. Тақырып бойынша тапсырмаларды жұпта, топта бірлесе және жеке-дара орындау машықтарын арттыру;

  3. Жекелеген жалғау түрлерін сұрақтарымен қоса ұғынады.

  4. Пікірлерін ортаға сала алады.

  5. Зат есімнің септелуі және септік жалғаулары сияқты ұғымдарды тану, бекіту.



Күтілетін нәтиже:

  1. Зат есімнің септелуін іс жүзінде қолдана біледі.

  2. Өздігінен іздену арқылы белгілі бір нәтижеге жетуге болатына көзі жетеді.

  3. Сабақты қызықты іс-әрекет ретінде қабылдайды.

  4. Еркін атмосферада, әрекет етеді.

  5. Шығармашылық ізденісте болады

Әдіс-тәсілдер:

СТО, АКТ, топтық, жұптық жұмыстар, бағалау

Ресурстар:

Постер, маркер, стикер, интербелсенді тақта

Бағалау түрі:

Бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалау


БАРЫСЫ:


Барысы:ті:


Сабақ

бөлімдері:


Мұғалімнің

іс- әрекеті:


Оқушының

іс-әрекеті


Ресурстар:



1.

Сабақтың басы:

«Қызығу-

шылықты ояту»

«Орнын тап» ойыны арқылы тақырыпқа деген қызығушылық-тарын ояту, тақырыпқа болжам жасау


Блум таксономиясы:

БІЛУ:



/5 мин/


Мұғалім: Сыныпты түгелдеп, оқушыларға «Қызығушылықты ояту» тапсырмасын ұсынады.

«Орнын тап» ойыны
есте/


Заттар, нәрселер: парта, терезе, орындық, дәптер.
Өсімдіктер, жемістер: жусан, қарақат, өрік, бүлдірген.
Жануарлар: қоян, түлкі, барыс, арыстан.
Адам: дәрігер, мұғалім, зергер, тігінші.
Табиғат құбылыстары: найзағай, жел, дауыл, жаңбыр.


Керекті сөздер: терезе, парта, жусан, қоян, түлкі, барыс, арыстан, қарақат, түлкі, мұғалім, жел, орындық, өрік, барыс, дәрігер,
зергер, дауыл, дәптер, бүлдірген, арыстан, тігінші, жаңбыр.


Мұғалім:

  • Балалар, сендер бұл сөздерден қандай ұқсастықтарды я болмаса ортақ қасиеттерді байқадыңдар?

Мүмкін болатын жауаптар:

  • Барлығы да зат атаулары

  • Кім?, не? сұрақтарына жауап береді

  • Атау септік тұлғасында тұр.

Зат есім туралы білетіндерін ортаға салады. Осы орайда зат есімнің жалғаулары туралы қайталап өту.










АКТ, слайд

2.

«7» санының ерекшелігі

/2 мин/

Қазақ дүниетанымындағы «7» саны туралы

  1. Жеті ата

  2. Жеті қазына

  3. Жеті жарғы

  4. Жеті қат көк аспан



Слайд, кесте, мағлұматтар





3.


Мағынаны тану:

Сабақтың ортасы:

ТҮСІНУ



/10 мин/

Зат есімнің септелуі

Мұғалім:
- Олай болса, мына суретке назар аударайық.

Бұл шертіп ойналатын көне ұлттық аспап - Жетіген.
Жетіген жеті ішекті, жеті тиекті, бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгері – кейінді орналастыру арқылы келтіріледі. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалады. Ішектері аттың қылынан тағылады. Осы аспап арқылы өнерпаздар өз мұңын халыққа жеткізген. Қазір мен сендерге осы аспаптың шығуы туралы бір ертегі айтпақпын.
Жетіген туралы ертегі:

  • Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, ҚАЗАҚ ТІЛІ елінде, ЗАТ ЕСІМНІҢ жерінде «СЕПТІК» деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдарынан айырыла бастапты.
    - Атау атты ұлы қайтыс болғанда, шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп, тағыпты да үнсіз егіліпті.
    - Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен» деп егіледі. Арада тағы ай өтеді. Барыс атты ұлы дүниеден кетеді. Сонда шал тағы да үшінші ішек тағып «Кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен» деп жоқтайды. 
    - Табыс атты ұлы өлгенде «Нені айтып, кімді ғана қайғырайын» дейді.
    - Жатыс атты ұлы аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың» - деп бесінші ішекті тағып егіледі.
    - Шығыс ұлы қайтыс болады. Алтыншы ішек тағылып «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын» - деп егіледі.
    - Ал жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір сүрмекпін, енді немен жұбанамын» - деп жетінші ішекті тағып, шал қайғырып жоқтау айтады.
    - Міне, осылай жеті ішек, жеті тиек тағылған ағаштан «Жетіген аспабы» пайда болыпты.


- Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егілді? – Септік шал
- Ілік қайтыс болғанда шал не деді? – ненің зияны, кімнің көзі тиді екен деді.
- Барыс қайтыс болғанда шал не деді? – кімге айтып жылайын, неге ғана өлді екен? – деді.
- Табыс өлгенде не деді? – нені айтып, кімді ғана қарғайын деді.
- Жатыс ұлы өлгенде не деді? – кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың? – деді.
- Шығыс қайтыс болғанда не деді? – неден қайтыс болдың, кімнен сені сұрайын? – деді.
- Көмектес ұлы қайтыс болғанда шаш не деді? – кіммен өмір сүрмекпін, енді немен жұбанамын? - деді.





АКТ, слайд



4.


1-тапсырма:

/жұптық жұмыс/

/5-10 мин/







Ертегіні негізге ала отырып кестені толтыру


Септік түрлері

Сұрақтары

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ