Материалдар / Ашық сабақ 5 сынып Қалалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 5 сынып Қалалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары қазақ тілі мұғаліміне қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қырқүйек 2018
682
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8- сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары

Сабақтың мақсаты:білімділік:«Менің Отаным» модуль бойынша алған білімдерін пысықтап, қорыту

дамытушылық: оқушылардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту

тәрбиелік: Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Көрнекі құралдары: слайдтар, сөзжұмбақ.

 Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, сөйлесу, әңгімелеу, тірек сызба жасау, мәнерлеп оқу.

Сабақтың түрі: саяхат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу

Балалар, сабағымызды сөзжұмбақ шешуден бастаймыз.

Мына сұрақтар арқылы сөзжұмбақты шешеміз.

    1. сұрақ: Қазақстанның қай жерінде көмірге бай?

    2. Сұрақ Дедушка сөзінің аудармасы?

    3. Ешкінің төлі не?

    4. Брат сөзінің аудармасы?

    5. бұл не?

    6. Дерево сөзінің аудармасы?

    7. Спасибо сөзінің аудармасы не?

Ал ,балалар, қандай сөз шықты ? Дұрыс қалалар.

Дұрыс. Балалар, бүгінгі сабағымыз өткен сабақтардан өзгеше өтеді. Қазір біз Қазақстан қалаларына саяхат жасаймы з. (Экранда слайд «Қазақстанның картасы»)

  слайд ? 1

Петропавл қаласынан шығып Көкшетау, Астана, Қарағанды, Алматы қалаларына барамыз. Ол қалаларға жету үшін берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

Саяхатқа пойызбен шығамыз. Пойызға отыруға рұқсат алу үшін үй тапсырмасын тексерейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Ұшақ ішіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбына эссе жазу

Рақмет, жарайсыңдар! Үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер.Пойызға отыруға рұқсат. Ал енді пойызға отырайық, пойызбен бірге қимылдаймыз. Алға!

  (Экранда слайд «Пойыз», «Петропавл» вокзалы; «Көкшетау» вокзалы)

 Балалар, біз Көкшетауға келдік. Көкшетаудан Астанаға жүру үшін мына тапсырманы орындау керек. «Көкшетау» сөзіне тірек сызба құрастырыңдар.

Жақсы, жарайсыңдар! Енді тірек сызба арқылы Көкшетау туралы кім әңгімелеп береді? Жақсы, рақмет, саяхатымызды жалғастырайық. пойызға отырамыз. Кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Астана» вокзалы)

 — Міне, біз Қазақстанның елордасы-Астана қаласына келдік.

 Балалар, сендер Астана туралы не білесіңдер? (Экранда слайд «Бәйтерек»)

  Бәйтерек туралы айтып беріңіздер.

Кім Астанада болды?

 — Астанада нелер бар?

Жақсы, жол жүру үшін келесі тапсырманы орындайық. Назарларыңды теледидарға аударыңдар. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, оқып, орысшаға аударыңдар. (Экранда слайд «Сөйлемдер»)

 

1. Қазақстан Республикасында ... астана болды.

 2. Бірінші астанасы ... қаласы.

 3. ... астанасы — Қызылорда қаласы.

 4. ... астанасы — ... қаласы.

 — Дұрыс, Қазақстан тарихында төрт астана болды. Астана күннен күнге көркейіп келе жатыр. Астана — біздің мәртебеміз, мақтанышымыз.Тапсырмалар жақсы орындалды, сондықтан саяхатымыз жалғасады.

Пойызға отырыңдар, кеттік. (Экранда слайд «Пойыз», «Қарағанды» вокзалы)

 

Балалар, Қарағанды қаласына келдік. Көз алдарында не елестеді? (Экранда слайд «Көмір»)

 — Қазір екі минут ішінде «Көмір» сөзіне септеңіздер талдау жасаңдар.

Қарағанды қаласы Қазақстанда көмір Отаны деп саналады. Тапсырманы дұрыс орындадыңдар, саяхатымызды жалғастырайық. (Экранда слайд «Пойыз», «Алматы» вокзалы)

Балалар, мынау Онтүстік Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы.

 — Экранға назарымызды аударамыз.

 — Сендерге мынадай тапсырма қоямын. Берілген суретке қарап, Алматы туралы әңгімелеп беріңдер. (Экранда слайд «Алматы», «Медео», «Алма»)

 

Рақмет, әңгімең жақсы екен..Енді өзіміздің сүйікті қаламыз Петропавлға бет бұрайық,

 Сонымен, саяхатымыз аяқталып келе жатыр. Өз қаламызға оралдық, (Экранда «Петропавл» вокзалы)

Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Неге?

IV. Сабақты қорытындылау

 Жақсы, ендеше бүгінгі сабағымызды бес жол өлең стратегиясымен қорытайық.

(Экранда «Бес жол өлең стратегиясы»)

1. Сөзжұмбақтың негізгі сөзі?                                         1. Қалалар

2. Қазақстанның қалалары қандай?                                      2. Әдемі, үлкен

3. Ол қалаларға не істеді?                                           3. Барды, көрді, ұнады

4. «Қалалар» сөзіне сөйлем құрастыр.                                  4. Қазақстанда әдемі қалалар көп.

5. «Қала» сөзіне синоним сөздерді айт                                 5. Шаһар, кент





Рефлексия

V. Бағалау

 Бүгін сендер көп тапсырмалар орындап, модуль бойынша алған білімдерінді көрсете білдіңіздер

VІ. Үй тапсырмасы «Сүйікті қалам» атты тақырыпқа шағын шығарма жазу









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!