Ашық сабақ 5санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру 2сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 5санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру 2сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне тәжірибелік әдіс-тәсіл қоры ретінде керек.Жаңаша оқыту әдістемесі бойынша жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

82- сабақ. 5 санына көбейту жəне бөлу кестесін құрастыру

Тақырыбы: Күн тəртібі.

Мектеп:10 Тараз қаласы

Күні: 6.02.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні:Майрова Береке Смановна

2 «Ә» сынып

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Оқыту

мақсаттары

2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.

2.5.1.3.Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару.

Сабақтың

мақсаттары

Барлық оқушылар:

5-ке көбейту мен бөлу кестесін құра алады.

Көптеген оқушылар:

5-ке көбейту мен бөлу кестесін біледі жəне қолданады.

Кейбір оқушылар:

5-ке көбейту мен бөлу кестесін есептеулерде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

5-ке көбейту мен бөлу кестесі қалай құрылғанын түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

2–5 -ке көбейту мен бөлу кестесі, көбейтудің ауыстырымдылық

қасиеті, көбейту мен бөлу компоненттерінің атаулары.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар

топтамасы

Талқылау:

Есептеулерде қандай ережені қолдандыңдар?

Келесі қандай өрнек болады?

Осы мысалдың жауабын тез есептеу үшін нені білу керек?

Жазу:

5 санына көбейту мен бөлу кестесін жазу.

Тірек білім, білік,

дағдылар

2-4 сандарына көбейту мен бөлу кестесі, көбейту мен бөлудің

байланысы, көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт (минут)

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар


0–2

Қызығушылықты ояту. «Күн тəртібі.»

Уақытқа ұқыптылықпен қарау, оны дұрыс бөлу

денсаулықты сақтауға ғана емес, сонымен бірге оқу мен

еңбекте жақсы нəтижелерге қол жеткізуге де

көмектеседі.

Галерея құрастыру.


3-6

Өзектендіру.

1-тапсырманы орындау ұсынылады.

Оқушылар жауаптары бірдей мысалдар жұбын

табады жəне күн тəртібі туралы айтып береді.

Оқулық


Суреттерін іліп шығу




7–10





Кері байланыс

Алдыңғы оқу. Математикалық диктант( бірін- бірі бағалайды)

Тақтаға өрнектер жазылған.

Есептеңдер:

2 · 5= 5 · 2=

3 · 5 = 5 · 3=

4 · 5 = 5 · 4=

Сендерге жылдам есептеуге не көмектесті?

(2,3, 4 сандарына көбейту кестесін білу.)3-4 баладан 2,3,4 көбейту кестесін сұрау. Компоненттерін атау.

Екінші бағандағы өрнектердің жауаптарын

есептеулерде қандай ережені қолдандыңдар?

(Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен

көбейтінді өзгермейді.)

Келесі қандай өрнек болады? (5  5.)

Осы мысалдың жауабын тез есептеу үшін нені

білу керек? (5 санына көбейту кестесін.)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын құрыңдар.

1 слайд


Парақшаны ілу







Постер қорғау



11–26


































Сергіту сәті:

Жаңаны ашу.Ойлан-жұптас-бөліс

Ал қазір амалдардың орындалу реті бойынша жұмыс жасаңдар:

өрнекке мұқият қараңдар;

жақшасыз өрнектердегі амалдардың ретін еске түсіріңдер;

амалдарды орындаңдар;

жауапты параққа жазыңдар жəне аяқтағандарыңды

үнсіз көрсетіңдер.

Өрнектер: 12+4·2

2·7–18: 2

3 · 3+ 25:5

Кім өрнектің мəнін тапты? (Жауаптың барлық

нұсқаларын жазамыз.)

Кімде қандай да бір өрнекті шешуде қиындықтар болды?

(3-тапсырма)

Неліктен? (5-ке көбейту жəне бөлу кестесін

білмейміз.)

Сабақтың тақырыбы не? ( 5-ке көбейту жəне бөлу

кестесі.)

Біз алдымызға қандай мақсаттар қоямыз?

(5-ке көбейту жəне бөлу кестесін құрастыру жəне

оны қолдануды үйренуді.)

Қалай ойлайсыңдар, 5-ке көбейту кестесін

құрастыруды қандай жағдайдан бастаймыз? Топта

талдаңдар.

(Жауаптар əртүрлі болуы мүмкін 5·1, 5·2)

Неліктен 5 · 2 жағдайынан бастамаймыз?

5 ·5 көбейтіндінің мəнін қалай есептедіңдер? (5+5

+ 5 + 5 + 5)

5-ке көбейту кестесін дəптерге жазыңдар.

Өзіндік жұмыс

5 санына көбейту кестесін өздерің

құрастырыңдар.(Тексеру.)(бірін-бірі тексеру)

Сендер қандай ережені қолдандыңдар?

Көбейтінділердің мəндеріне қараңдар.

Қызықты не байқадыңдар?

(Барлық жауаптар 0-мен немесе 5-пен аяқталады.)

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

5  5 көбейтіндісінен бөлуге қандай мысалдар

келтіруге болады? (25 : 5 = 5.)

Сендер қандай ережені қолдандыңдар?

(Егер көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсе,

екінші көбейткіш шығады.)

5 санына бөлу кестесін өздерің құрастырыңдар

(Тексеру.)

Дəптердегі 1, 2-тапсырмаларды орындау

ұсынылады.Тақтамен жұмыс

Бағалау критерийлері бойынша тексерумен

орындалады.

Бағалау критерийлері

5 санына көбейту кестесін жəне оған сəйкес

бөлулерді білемін.

«5 есе артық» жəне «5-ке артық» арасындағы

айырмашылықты түсінемін.

Есептеулерде үштен артық қате жібермеймін.

Жауабын ілу

Оқулық. Дəптер.


















Электронды оқулықтан көрсету

















Дәптер















Топпен жұмыс

27–37




Жаңаны қолдану.

Оқулықтағы 2-тапсырма орындалады.

Бұдан əрі есептермен жұмыс жасайды.

Оқушыларға жеке жұмыс ұсыну: «Таңда да, таста»әдісі.

Өткенді қолдану. Дəптердегі 3-5-тапсырма

сараланып орындалады.

Өз жұмысын жетістік жолағының көмегімен бағалау

ұсынылады.

Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы №3 а) Өрнек құрастыр.

6·5=30

4 теңдік, теңсіздік құрастыру.

5·1=25:5 5·9>5·4


Постер қорғау

Қабырғаға ілу


Микрофон әдісі




Тақтамен жұмыс

Кері байланыс


38-40

«Білім қоржыны»

Мен көбейту жəне бөлу өзара байланысты амалдар екенін білемін.

Мен көбейту,бөлу компоненттерінің атауларын білемін.

Мен көбейту,бөлу компоненттерінің атауларын өрнекті жазып, оқуда қолдана аламын.

Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың мақсаты не болды?

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

Кім 5 санына көбейту мен бөлу кестесін құруды

үйренді?

Кім 5 санына көбейту мен бөлу кестесін

есептеулерде қолдануды үйренді?

Кім қателерді түзете алмады?

Сендердің қателеріңнің себебі не?

Үйге: (5-ке көбейту кестесін жаттау.)







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі