Ашық сабақ 6-сынып Қазақ әдебиеті С.Мұратбеков "Жусан исі" повесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ 6-сынып Қазақ әдебиеті С.Мұратбеков "Жусан исі" повесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабағымды тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

3 – бөлім Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Нургазиева А

Күні:

05.02.2025

Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

С.Мұратбеков «Жусан иісі» повесінен үзінді. Идеясы. Сюжеті.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

6.1.2.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

3 минут










Сабақтың ортасы

7 минут

























7 минут























8 минут




















10 минут








5 минут



























Сабақтың соңы

5 минут


































Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Өткен тақырыпты пысықтау

«Попкорн» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жауап беру

1.Жазушы Сайын Мұратбеков туралы қандай мәлімет алдыңдар?

2. «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян ауылға кіммен, қашан көшіп келеді? 3. Аянды ауыл балалары қалай қарсы алды?

4. Балалардың арманы қандай еді?

5. Балалар Аянды қалай естеріне алушы еді?

6. Әңгімені айтып отырған балаға жусанның иісі кімді есіне түсіреді?

7. Қаралы қағаз деген не? Аянға келген қара қағаздың басқалардан айырмашылығы неде?

8. Аян қара қағазды қалай қабылдады? Қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?

9. Аян жасырынған ат қораның іші қандай? Аян кімнен, неге жасырынып жылады?

10. Аянның қандай бала екенін байқадыңдар?

11. Соғыс жылдарындағы балалар өмірі қалай бейнеленгендігі туралы айтып беріңдер.

12. «Жусан иісі» әңгімесінде ауыл тіршілігі қалай суреттелген?


7-тапсырма (оқулықтан) 73-бет

Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. Бос орынға қойған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.

Шыдай алмай, жүгіріп сырғанаққа бардым – міне, қызық, шана теуіп жүрген ... екен. Ай жарығында анық көрінді: жүзі ... қағып, екі иінінен алқына дем алады. Тонының екі етегі далпылдап, шананы көшенің басына қарай сүйрете жүгірді. Мені көріп бұрылды да: – Жүр, ойнайсың ба? – деп дауыстай сөйледі. – Қойшы, түн жарымында есі дұрыс адам ойнай ма? – Ойнағанда қандай! Түу, сен өзі мынадай айлы, ... ... шанамен сырғанаудың қандай керемет екенін білмейді екенсің ғой. Айлы түнде шанаға ... ... бітеді... – деді де, Аян жүгіре жөнелді.


Жеке жұмыс

Шығарманың идеясы мен көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені анықтап, өз көзқарасыңды жаз. Кестені толтырыңдар.

Шығарма

ның идеясы

Әлеуметтік-қоғамдық мәселе

Өз ойың

Тағдыр талқысына түскен,жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала Аян бейнесі

Соғыстан кейінгі ауыл балаларының тағдыры


Жұптық жұмыс

9-тапсырма.

Автор С.Мұратбеков нешінші жақтан сөйлейді? Өз ойы мен пікірін қалай білдіреді? Автордың Аянға деген көзқарасын білдіретін сөздерді тауып, дәптерге жазыңдар.


Қорытындылау

Мәселеге қатысты өз ойыңды ПОПС формуласы бойынша қорытындыла.

1. Менің ойымша...

2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін...

3. Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...

4. Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім...


















Рефлексия


Рисунок 28






Рисунок 38 Рисунок 45 Үйге тапсырма:

73-бет. 5 –тапсырма

Кейіпкерлерге мінездеме жазып келу

Психологиялық ахуал

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар: - Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; - Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; - Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар; - Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».


Өткен тақырыпты қайталау сұрақтарына жауап береді.



















Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қояды. Бос орынға қойған сөздердің мағынасын түсіндіреді.







Шығарманың идеясы мен көтерілген әлеуметтік- қоғамдық мәселені анықтап, өз көзқарасыңды жазады. Кестені толтырады.





9-тапсырма

Шығарма бірінші жақтан (автор-баяндаушының атынан) баяндалады.

Автор өз ойы мен пікірін кейіпкерлердің әрекеттері, сөздері және табиғат көріністері арқылы жанама түрде жеткізеді. Ол кейіпкерлердің сезімдерін нәзік суреттеп, олардың ішкі жан дүниесін ашуға тырысады. Сонымен қатар, Аянның тағдыры арқылы соғыс кезіндегі қиындықтардың адам өміріне әсерін көрсетеді.

Автордың Аянға деген көзқарасын білдіретін сөздер:

1.«Анадай жерде: шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен».

Бұл сөздерден автордың Аянның кіршіксіз тазалығына сүйсінгенін байқаймыз.

2. «Ол өте ақ көңіл, ақылды бала екен. Адамды іш тартып тұратын жайдары жүзі, не десең де тез көне кететін жұмсақ мінезі бізді бірден үйіріп әкетті».

Бұл жерде Аянның бойындағы жағымды мінез-құлықтары, жақсы қасиеттері айқын суреттеледі.

3.« Бұл дүние – ертегі-қиял дүниесіне, сиқырлы дүниеге айналып, біз өзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық».

Аянның ертегіні айтудағы шеберлігіне автордың сүйсінуі байқалады.

4. «Аян екеуіміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді.

Мұнда Аянның зеректігіне, білімге деген құштарлығына автордың қызығушылығы мен құрметі көрініс табады.

Автор шығарма бойында Аянды ерекше жылы сезіммен бейнелейді.

Сабақта алған жағымды әсерлерін алдарындағы асық стикерлеріне жазып, тақтадағы білім қоржынына жабыстырады.




Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!




Дескриптор

Білім алушы

-сұрақтарға жауап береді – 1 балл,

-өз ойын еркін жеткізеді – 1 балл.









Дескриптор

Білім алушы

-бос орынға тиісті сөздерді тауып қояды – 1 балл,

-сөздердің мағынасын түсіндіреді – 1 балл.




Дескриптор

Білім алушы

-шығарманың идеясын ашады – 1 балл;

- әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды – 2 балл;

- өзіндік көзқарасын білдіреді – 1 балл.



Дескриптор

Білім алушы

-мәселеге қатысты қорытынды пікір айтады – 1 балл,

-өз ойын формулаға салып жазады – 1 балл





«Асық» әдісі арқылы бағалау













Оқулық

Қазақ әдебиеті

«Атамұра» баспасы

2018 ж






Қалыптас

тырушы бағалауға арналған тапсырма

лар жинағы Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)

6-сынып





























































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2025
289
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі