Ашық сабақ. 7 санын қосу және азайту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. 7 санын қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Санға 7-ні қосу және азайту амалдарын түсіндіру,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. 2.Халықтық педагогика ұғымдарын пайдалана отырып,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. 3.Оқушыларды адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

Сабақтың мақсаты :

1. Санға 7-ні қосу және азайту амалдарын түсіндіру,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

2.Халықтық педагогика ұғымдарын пайдалана отырып,есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

3.Оқушыларды адамгершілікке,еңбексүйгіштікке,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап ,түсіндіру

Көрнекілігі:оқулық,дидактикалық материалдар,интерактивті тақта

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру(Сандар құрамын қайталау)

Сауалнама жүргізу,« Қазына »сөзін шығарып алу.


Сұрақтары

Жауаптары


Қ


1


2+5 өрнегінің мәні

А) 5

Ә) 7

Б) 6


А


2


Дұрыс белгіні көрсет 6см * 7см

А) =

Ә) <

Б) >


З


3


10 санының құрамын көрсет

А) 6+3

Ә) 7+3

Б) 5+3


Ы


4


Белгісіз азайғышты тап ? – 7 = 2

А) 10

Ә) 8

Б) 9


Н


5


Тура теңдікті көрсет

А)5= 6

Ә)7=7

Б)3 =2


А


6

Белгісіз қосылғышты тап ? +6 = 9


А) 4

Ә) 3

Б) 2



  • Қазына дегеніміз-мол байлық.

  • Қазына сөзін математикада 7 санымен байланыстыра аламыз.

ІІІ.Ой шақыру сәті

-Балалар, біздер қандай сандарды киелі сандар дейміз.

-3 ,5 ,7 сандарын.

-Жарайсыңдар, бұл сандар туралы не білесіңдер?

Үш қуат Үш жақын Үш қуаныш

1.Ақыл қуат 1.Жар жақын 1.Алғыс алу

2.Жүрек қуат 2.Мал жақын 2.Өзіңді көптің іздеуі

3.Тіл қуат 3.Жан жақын 3.Ісіңнің өшпеуі

Бес асыл Бес дұшпан Бес жаратылыс

1.Талап 1.Өсек 1.Күн

2.Еңбек 2.Өтірік 2.Ай

3.Терең ой 3.Мақтаншақ 3.Жұлдыз

4.Қанағат 4.Еріншек 4.Күндіз

5.Рақым 5.Мал шашпақ 5.Түн

Жеті ата Жеті күн Жеті қазына

1.Әке 1.Бүгін 1.Ер жігіт

2.Бала 2.Ертең 2.Сұлу әйел

3.Немере 3.Бірсүгүні 3.Ақыл-білім

4.Шөбере 4.Арғы күн 4.Жүйрік ат

5.Шөпшек 5.Ауыр күн 5.Қыран бүркіт

6.Немене 6.Соңғы күн 6.Жүйрік тазы

7.Туажат 7. Азына 7.Берен мылтық

- Дұрыс айтасыңдар .Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады.7 қазына,7 күн,7 ата ,7 шелпек.Ендеше біз бүгін 7 санын қосу және азайту тәсілдерін меңгереміз.

ІV. 1-қазына – «Жүйрік ат»

«Ер- қанаты ат » деген қанатты сөз бар.Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған.Жылқының етін,қазы-қартасын жеп,қымызын ішкен,терісін пайдаланған.Жау шапса,бір-бір атқа мініп,дұшпанына тойтарыс берген.

1 -тапсырма

7+0=7 7+2=9

7+1=8 7+3=10



V. 2- қазына- «Алғыр тазы»

Тазы - иттің бір тұқымы.Тазы итпен ата-бабаларымыз аң аулаған.Тазы-артық қырым еті жоқ ит.Онымен қасқыр,түлкі,қарсақ ұстаған.Ит адамға қолқанат болып,мал күзеткен

2 -тапсырма





7-7=0 7-5=2 7-3=4 7-1=6

7-6=1 7-4=3 7-2=5 7-0=7


VІ. 3-қазына- «Берен мылтық»

Ертеде аталарымыздың үйінде найза,айбалта,қылыш,мылтық болған.Батырларымыз жауға осы қару-жарақпен шыққан. Рисунок 17

3-есеп

9см

7см

9 см – 7 см =2см

7см

3 см

7 см+ 3см = 10 см

2 см < 10 cм



VІІ.4-қазына –«Ер жігіт»

«Ер- ел қорғаны» дейді дана халқымыз.Кең байтақ жерімізді ,өзен,көл,орманымызды, көгілдір тауларымызды жаудан қорғап,кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырған ер бабаларымыз өте көп болған,Соның ішінде Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай ,Қанжығалы Бөгенбай ,Райымбек батырларды айтуға болады.

4-есеп.Есеп құрастыр және шығар:

Үлкен қасық-10 ? артық

Кіші қасық -7

Шешуі:10-7=3

Жауабы: 3-еуі артық

VІІІ. 5- қазына –« Сұлу әйел »

Логикалық есеп.

1)Мен екі таңбалы сан ойладым.Одан жетіні азайттым.Нәтижесінде қандай сан шықты? 10- 7 = 3

2)Бір үйдің 7 ұл баласы бар .Олардың әрқайсысының бір-бірден қарындасы бар.Осы үйдің барлығы неше баласы бар ?

ІХ. 6- қазына «Қыран бүркіт»

Қыран бүркітті ата-бабаларымыз балапан кезінен баулып,аң аулауға үйреткен.Қанаты қатайғанда қасқыр,түлкіге салған.Аңшылар қасқыр,түлкінің терісінен,тымақ,ішік,тон жасап киген.

Сергіту сәті.

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам

Х. 7 – қазына –«Ілім-білім»

Адам баласы пайда болғалы ілім-білімге ұмтылып келеді.Осының арқасында машина,радио,теледидар,ұшақтар,компьютер дүниеге келді.Өзінің бұрынғы әке,ағалары жасаған ғылымды кейінгі ұрпақтың одан әрі дамытуының арқасында қазір осындай биікке көтерілдік.Сондықтан ілім-білім,ғылымды игерсең еш қор болмайсыңдар.

Ойын. «Орныңды тап»

Оқушыларға сандар таратылып беріледі.Сандарды ретімен қойғанда мақал шығады:

«О қ у-б і л і м б ұ ла ғ ы»

Оқу-білімге байланысты мақал-мәтелдердер айту

ХІ.Қорытындылау

1)Жеті атасын білмеген жетесіз

2)Жеті атасын білген ер

Жеті жұрттың қамын жер - дейді ата-бабаларымыз сендер жеті аталарыңды білесіңдер ме ?

ХІІ.Оқушыларды бағалау

ХІІІ.Үйге тапсырма № 5 есеп,түсіндіріліп беріледі.















Қаракөл орта мектебі







Математика







Ашық сабақ







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
564
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі