Тақырып бойынша 18 материал табылды

Ашық сабақ. 7-сынып Ауа. Ауаның құрамы. №6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып химия пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2В Ауа.Жану реакциясы.

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, «№74 мектеп-гимназия» ШЖҚ МККК Бекітілді:

Күні: 05.12.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова Гулназа Халдарханқызы

Сынып: 7 В

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ауа. Ауаның құрамы. №6 зертханалық тәжірибе «Балауыз шамның жануы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.1 - ауа құрамын білу;

7.3.1.2 - заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу;

7.3.1.3 - атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • -Ауа құрамын біледі;

  • -Заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсінеді;

Кейбір оқушылар:

  • -атмосфералық ауаның ластанудан қорғау жөнінде қорытынды жасай алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну,қолдану

Бағалау критерийі

1.Ауа құрамын біледі;

2.Заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын біледі;

3.Атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсінеді;

Тілдік мақсаттар

А. Лавуазье, Азот, оттек,тұрақты газдар, тұрақсыз газдар , инертті газдар. Ауаның ластануы,озон тесігі, ауа атмосферасы.

Құндылықтарға баулу

Жауапкершілікті сезіну, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу. Экологиялық білім беру.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, физика , биология, география

Алдыңғы оқу


7.1.1.3 физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату;

7.4.1.5 қоспалардың түрлері


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы


3 минут










6 минут



Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Жағымды психологиялық ахуал тудыру.

Оқушыларды топқа біріктіру: химиялық құрал-жабдықтардың суретін таңдап, сол ыдыс орналасқан партаға 4 топ болып бірігеді.

Қызығушылықты ояту. «Көрінбейтін сиқыршы» Жер бетінде көзге көрінбейтін сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғала жүргенін көресің. Оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бар ма жоқ па оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

Саяхат сабағы: оқушылар « Ауа және оның құрамы» атты ЕЛСІЗ АРАЛДА тап болады. Сол аралдан шығу үшін бірнеше кедергілерден өту керек болады. Аралдан шыққан соң кетуге арналған кеме тек 8 оқушыны ғана көтереді. Қай топ кедергілерді жеңіп кемеге бірінші жетеді, сол топ Елсіз аралдан өз үйлеріне кетеді.





Үлестірме карточкалар














Карта





Сабақтың ортасы

5 минут













6 минут














10 минут















5 минут

1-кедергі. Үй тапсырмасын сұрау: оқушылар таңдап алған химиялық ыдыстардың екінші бетінде жазылған сұрақтарға жазбаша түрде жауап табады.

Бағалау критерийі: 8 ұпай жинаған топ 1-кедергіні жеңеді

  1. Атом грекше қандай мағынаны білдіреді?

  2. Атомның құрамы қандай бөлшектерден тұрады?

  3. Протонның заряды қандай?

  4. Нейтронның заряды қандай?

  5. Электронның заряды қандай?

  6. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын бөлшек қалай аталады?

  7. Химиялық элементтер реттілікпен қайда орналасқан?

  8. Табиғатта сутегінің қанша изотопы бар?


2-кедергі: «Құпия сурет» әдісі. Алдымен мәтінмен жұмыс жүргізіледі.

Суретте бейнеленген бөлікті мәтіндегі мәліметтер бойынша толтырады.

Бағалау критерийі: 20 ұпай

-Ауаның құрамын кім анықтағанын табады.

-Ауаның құрамындағы газдарды көлемдік үлесі бойынша сәйкес шарларға орналастырады.

3-кедергі: «Суреттер сыр шертеді»

Суретке қарап табиғи және жасанды ластануды анықтаңыз. Атмосфера тазалығын сақтау үшін біздің елімізде қандай шаралар іске асырылып жатқанын мысалдар келтіре отырып айтып беріңдер.

Бағалау критерийі: 3 ұпай және одан көп

-Табиғи және жасанды ластануды ажыра алды.

-Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау шараларына мысал келтіреді.

-мысалдардың көптілігі.

-нақтылығы.

4-кедергі: Зертханалық жұмыс. 2 ұпай

Жанып тұрған майшамды суға толтырылған ыдысқа саламыз. Май шамды стақанмен төңкеріп жабамыз. Бір уақыттан кейін май шам сөнеді, сол кезде судың деңгейі 1/5 бөлікке көтеріледі.

Тапсырма:

  • Май шам неге сөнді?

  • Майшам сөнген кезде, астындағы су деңгейінің көтерілу себебін түсіндіріңіз.

Бағалау критерийі: май шамның сөніп қалу себебін және су деңгейінің көтерілу себебін анықтайды.




Үлестірме карточкалар









Оқулық, үлестірме материалдар












Суреттер
















Химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтер


Қалыпастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Сабақтың соңы

Рефлексия: оқушылар үлестірме карточкаға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бір сөзбен жазады

Үйге тапсырма: Атмосфераны ластанудан сақтау үшін өз ұсыныстарын жоба түрінде дайындап келу




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.10.2020
1285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі