Пәні: Физика
Пән мұғалімі: Арынова А
Сыныбы: 7 «ә»
Күні: 20.11.23ж
Тексерілді: ДОІЖО Е.Жақсыбаев
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ 7-сынып, физика, Заттың тығыздығы
Ашық сабақ 7-сынып, физика, Заттың тығыздығы
Пәні: Физика
Пән мұғалімі: Арынова А
Сыныбы: 7 «ә»
Күні: 20.11.23ж
-
Сабақтың тақырыбы:
§24. Заттың тығыздығы
Зерттеу сұрағы
Денелердің өзара әрекеттесуі бөлімінде оқушылардың бақылау қабілетін дамыту және құбылыстарды талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
7.2.2.13 – тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.2.14 – сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: Тығыздықтың мәнін түсінеді, анықтамасын айта алады және формуласын жаза алады.
Көптеген оқушылар істей алады: Қатты заттар мен сұйықтардың тығыздығын тәжірибе жүзінде анықтап, есебін шығара алады.
Кейбір оқушылар істей алады: Бірнеше түрлі сұйықтықтар мен қатты денелер қоспасының тығыздығын тауып, есептей алады.
Күтілетін нәтиже:
Заттың массасы мен көлемдерін өлшеу арқылы тығыздығын практикада есептеп шығара алады, зат құрылымына байланысты зат күйлеріндегі тығыздықтарды салыстырады.
Модульдер:
АКТ, СТО., басқару және көшбасшы, ТжДБО, ОжОЖТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ОЖЕСО.
Әдіс-тәсілдер:
«Солай ма?»“Мәуелі ағаш”, “Фишбоун”,
Дереккөздер:
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру
2 мин
Сәлемдесу
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Амансыз ба, ағайлар,
Амансыз ба апайлар.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
1,2,3,
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз
Сәлемдеседі
Оқушылар ортада шеңбер құрады
І топ: Куб
ІІ топ: Шеңбер
ІІІ топ: Пирамида
Топтастыру
Психологиялық тренинг бойынша геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлемін
Психологиялық дайындық кезінде сәйкес келген сандар бойынша, сәйкес топтарға отырады
ІІ. Өткен тақырыпты тексеру
5 мин
АКТ
Жұппен жұмыс
5 мин
Өткен сабақ бойынша кестені толтыртамын
Физикалық шамалар мен формулалар
кг
M3
=


м/с
м
с
кг/м3
Жылдамдық формуласы
Денелердің өзара әрекеттесу формуласы
m
V
s

t
Кестені 3 мин толтырады, жұппен алмасып бір бірінің жұмысын тексереді.
“Мәуелі ағаш” жасыл және түсті алмалар таратамын.
Жасыл: сұрақтар
-
инерция дегеніміз не?
-
Масса дегеніміз не?
-
Масса шартты түрде қалай белгіленеді?
-
Массаны өлшейтін құрал қалай аталады?
-
Массаның ХБЖ-де өлшем бірлігі қандай?
-
Инерция құбылысын зерттеген кім?
-
Уақыт . . . . байланысты

-
Кеңістіктің негізгі қасиеттері
-
Не себепті жоғарыдан төменге секіріп түскенде тіземіз сәл бүгіледі
-
Уақыттың негігі өлшем бірлігі
-
Не себепті желдеткіш ток көзінен ажыратылған соң, біразға дейін айналып тұрады?
-
Денеге еш нәрсе әсер етпесе, ол қандай күйде болады?
-
Көлік оңға немесе солға бұрылғанда ондағы жолаушы қалай қарай қисаяды
-
Аяқты қағып, бәтеңкедегі қарды немесе батпақты түсіре алатынымыз неліктен?
Сұрақтарға жауап береді
Қызыл: жауаптар
-
Денеген басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдықтың сақталу құбылысы
-
Масса денелердің инерттілігінің өлшемі.
-
m – масса
-
Таразы.
-
Кг
-
Г.Галилей
-
Материямен, қозғалыспен, кеңістікпен
-
Шексіз, үш өлшемді, шынайы
-
Жерге табанымыз тиіп жылдамдық нолге ұмтылады
-
Секунд
-
Инерция әсерінен
-
Инерция құбылысы
І
ІІ.
Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты
игеруТүсіну.
10 мин
Оқытуды басқару және көшбасшылық – «Өкіл» әдісі. . Топпен жұмыс.
СТО.
“Миға шабуыл”
Балалар, қалай ойлайсыңдар осы біз отырған сынып немен толтырылған.
Ауаның қандай негізгі қасиеттері бар? Ауа массасын қалай анықтауға болады екен? Міне осы сұраққа шешім іздеп сабақтың соңында жауап берейік.
Келесі сабақтың кезеңі эксперименттік тапсырма. Қазір сендер 3 топқа бөлініп отырсыңдар. Әрбір топта 1 оқушы сендердің жұмыстарынды бағалайды – бақылаушы. Тағы бір оқушы тайм-спикер, яғни ол уақытты қадағалайды. Сондай ақ топта елші болады. Ол топта түсіндірілген тақырыпшаны келесі топқа барып түсіндіріп береді.
Сендердің алдарында керекті құралдар және тапсырма берілген. Осы тапсырманы орындауға сендерге 7 минут уақыт береледі.
Тапсырма №2
1кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
Осы кесте мен логикалық тапсырмаға қарап қандай қорытынды жасауға болады?
Денелердің көлемдері бірдей болса да, бірақ массалары әртүрлі.
Денелердің көлемдері әртүрлі болса да, бірақ массалары бірдей.
Енді мынадай мысал келтірейік. Дененің 200 см3 көлеміндегі массасы 150 г тең болсын. Сонда осы заттың бірлік көлеміндегі массаны табу үшін не істеу керек?
200 см3 = 150 г
1 см3 = х г
Енді сіздердің жағдайларындағы дененің бірлік көлеміндегі массасын анықтап кестені толықтырайық.
Физикада заттың бірлік көлеміндегі массасына тең физикалық шама тығыздық деп аталады.
Дәптерлеріміздік ашып сабақтың тақырыбын және бүгінгі күнді алайық.
Сонымен тығыздық анықтамасын жазып алайық.
Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады.
Тығыздық = масса / көлем енді осы шамалардың шартты белгілері арқылы жазайық.
ρ = m/V
[ m ] = 1кг [ V ] = 1м3 [ ] = 1 кг/м3 неиесе г/см3
Бұл – көлем 1 м3, ал массасы 1 кг тең біртекті заттың тығыздығы. Кітаптың 232 беттегі 6,7,8- кестелерінде кейбір газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің тығыздықтары берілген.
Мысалы, судың тығыздығы 1000 кг/м3, ал 1 г/ см3 . Неше есе көп?
Сонда кг/м3 - г/ см3 айналдыру үшін біз 1000 бөлу керек, керісінше 1 г/ см3 - кг/м3 айналдыру үшін біз 1000 көбейту керекпіз.
Яғни, 1 кг/м3 = 10-3 г/см3
1 г/см3= 103 кг/м3
232 беттегі 6,7,8 кестелер бойынша жұмыс. Әрбір топқа бір кестеден берілсін. Кестедегі тығыздығы көп және аз затты анықтап, оның мәнін түсіндіру.
Қалай ойлайсыңдар неліктен осы қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың тығыздықтары бөлек көрсетілген. Бұл неге байланысты?
Үш күйдегі заттардың құрылысын еске түсірейік. Ол үшін қазір сендердің алдарында шаршы суреті бар қағаз жатыр. Осы шаршыға І топ – қатты дененің, ІІ топ -сұйықтар, ІІІ топ – газ молекулаларының орналасуын көрсетіп түсіндіру керек. осы тапсырмаға 3 минут уақыт беріледі.
Тапсырма №1.
-
Сызғыш арқылы дененің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеп кестеге толтырыңыздар.
-
V=a*b*c формула бойынша көлемді анықтаңыздар.
-
Таразы арқылы дененің массасын анықтаңыздар.
Ұзындық
а, см
Ені
b, см
Биіктік
с, см
Көлем
V, cм3
Дененің массасы
m,г
Ал енді жұмыстың нәтижесін шығарайық. Ол үшін тақтадағы кестені толтырайық.
Әрбір топтан 1 оқушы шығып, өз нәтижелерін жазады.
№
Көлем
V, cм3
Дененің массасы
m, г
1
2
3
Жауаптарын тақырыппен байланыстырып түсіндіреді.
Қатты денелерде молекулалар белгілі бір ретпен, тығыз орналасады. Олардың арасындағы арақашықтығы олардың өлшемдерімен салыстырса кем. Әрбір молекуланың массасы бар. Сонда бірлік көлемінде молекулалар саны көп, яғни тығыздығы да көп.
Сұйықтарда молекулалар бір-бірінен алшақтау орналасқан. Олардың арасындағы арақашықтық өз өлшеміндей. Молекулалар саны бірлік көлемінде қатты денелермен салыстарғандағы аз, сондықтан тығыздықтары да аз.
Газдарда молекулалар ретсіз және шапшаң қозғалады, бір-бірінен алыс орналасқан. Олардың арасындағы арақашықтығы өз өлшемдерінен бірнеше есе артық. Бірлік көлеміндегі газ молекулалар саны аз болғандықтан, тығыздығы басқа күйлермен салыстырғанда аз болады.
Осыдан қандай қорытынды жасауға болады? Заттың тығыздығы зат молекулаларының орналасуына тәуелді.
Қолдану
6 мин
«Солай ма?» әдісі
Оқытуды бақару және көшбасшы
Қорытынды:
дененің массасы көп болса, тығыздық та көп болады.
Көлем көп болса, тығыздық аз болады.
Ал енді дененің массасы мен тығыздықты біле отыра дененің көлемін анықтауға болмайды
Ал көлем мен тығыздықты біле отыра – дененің массасын табуға болады.
Тығыздықтың формуласын пайдаланып және үшбұрыштың сиқырлы әдісін қолдана отыра дененің массасы мен көлемін анықтайтын формулаларын жазайық.
m = -------- m
V V
m = . V – массаны табу үшін дененің тығыздығын көлемге бөлу керек
m
V = ------ - көлемді табу үшін, массаны тығыздыққа
қосу керек.
Сабақтың басында қойған сұраққа оралайық. Яғни осы сыныптың қабырға өлшемдерін біле отыра және кестеден ауаның тығыздығын алып ауа массасын табайық. Бір оқушы осы есепті тақтаға шығарады.
Глоссарий
ІІІ топқа ұялы телефондағы интернет желісі арқылы сөздікпен жұмыс жасауға рұқсат беремін
Оқушылар берілген тұжырымның дұрыс не қате екенін айтуы тиіс
Бөлмені толтырып тұрған ауаның тығыздығын есептеп шығарады
үш тілге аудару
Көлем –объём -volume
Масса- масса- Weight
Тығыздық- плотность- Density
Талдау
12 мин
АКТ.
Топпен жұмыс
ТжДБО
СТО
Есептер шығару. Берілген тапсырманы орындау.
І топтың тапсырмасы. Тығыздығы 0,4 г/см3 ағаш білеуіш және таразы берілген. Қандай шаманы анықтауға болады? Осы тапсырманың нәтижесін берілген қағазға жазып көрсету.( Оқулықтан 9ж №2)
ІІ топтың тапсырмасы. Тығыздығы 1,6 г/см3 қант және сызғыш берілген. Қандай шаманы анықтауға болады? Осы тапсырманың нәтижесін берілген қағазға жазып көрсету. (Оқулықтан 9ж №5)
ІІІ топтың тапсырмасы. Сызғыш және таразы арқылы өшіргіштің тығыздығын анықтау керек. Осы тапсырманың нәтижесін берілген қағазға жазып көрсету. (Оқулықтан 9ж №7)
Әрбір топтан 2 оқушы шығып есепті түсіндіреді.
Оқулықтан берілген есептерді 1оқушы тақтаға орындайды
ІV. Рефлексия
Сабақты қорытындылау
Жинақтау
4 мин
СТО
“Блоб” ағашы

Ой толғаныс

Әр оқушы өзіңіздің бүгінгі сабақ бойынша түсінгенін қаншалықты бағалайтыны “блоб” ағашынан өзін таңдап, белгілейді.
Бағалау
3 мин
оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Үй тапсырмасы
Оқушылардың жинаған балдары бойынша бағалау
3.2-жаттығудың 4-5 есептерін шешу, №2 эксперименттік тапсырма.
Оқушылар өзін-өзі бағалайды, жұпты, топты бағалайды.
Не сәтті өтті?:
Не сәтсіз өтті?:
Нені өзгертесіз?:
Нені дамытасыз?:
-
Тексерілді: ДОІЖО Е.Жақсыбаев
шағым қалдыра аласыз













