Материалдар / Ашық сабақ 8 -сынып Қазақстан тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ 8 -сынып Қазақстан тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абылай хан – тарихи тұлға.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
457
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№47 М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі: Ешимбетова Шолпан Сайлаубаевна



Сабақтың тақырыбы: §29. Абылай хан –  тарихи тұлға. Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың Абылай хан туралы алған білімдерін қайталап,бекіту.
    Оның жүргізген саясатының елімізде бүгін жүргізіп отырған
    саясатпен  сабақтастығы мен үндестігін ашу.

Сабақтыңтың материалды – техникалық  жабдықтары: Карта, Абылай хан портреті, тірек конспектісі, кестелер, интерактивті тақта, Венн  диаграммасы. Пәнаралық байланыс:Құқық, Әдебиет, География
Сабақтың түрі:Қайталау, қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі:Пікірталас, сұрақ – жауап, топтық жұмыс, жеке
жұмыс, ойын. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Абылай ханның билігіне отыруы.

      2. Абылай ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Кіріспе сөз. Мұғалім.
«Абылай  — тарихи тұлға» тақырыбындағы қайталау сабағын өткізгенде, қазақ тарихындағы ең ауыр жылдар Жоңғар шапқыншылығы кезеңі туралы өткен тақырыпты еске түсіріп, Абылай хан туралы алған білімдерін бекітіп,қазақ-жоңғар соғысын қорытындылауды басты мақсат еттім. Сонымен қатар Абылай ханның 18 ғ. жүргізген саясаты мен бүгінгі билік басындағылар жүргізіп отырған саясаттың сабақтастығын,үндестігін ашуға тырыстым. Абылай хан өмір сүрген уақыт – қазақ қоғамының саяси құрылымы мен ата –бабамыздан келе жатқан этноқауымдық бірлестігінің тағдыры еріксіз дағдарысқа ұшыраған кезең. Бұл саяси ахуал Жоңғария тарапынан болған шапқыншылықтарды былай қойғанда,Ресей мен Цин империяларының қазақ еліне қарсы жүргізген сыртқы саясаттарының нәтижесі еді.
Абылай ханның билік құрған жылдары – 1771–1781. Абылайдың азан шақырып қойған есімі – Әбілмансұр. Абылайдың мирасқоры – Уали. Абылай хан тұсында хан билігіне енгізілген өзгерістер – хан билігі шексіз болды. Абылай хан дамытуды қолға алған шаруашылықтың түрі – егіншілік саласы. Абылай хан 1711 жылы дүниеге келді. Абылай хан 1781 қайтыс болды. Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір – Ертіс бойы. Абылай хан жерленген қала – Түркістан. Абылай хан билер кеңесінің құқығын шектеді. Абылай ханнан кейін орта жүздің ханы Уали болды. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты – Сабалақ болды. Абылай ханға жақын болған оны жырға қосқан жыраулар Тәттіқара мен Үмбетей. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына үлкен әсер еткен дарынды адам – Бұқар жұрау. Абылайдың атасы «қанішер» Абылай билік құрған қала Түркістан. Абылайдың кеңесшісі болған атақты ақын – Бұқар жырау. Абылайдың қолдауына ие болып Орта жүзді паналап, жоңғар тағына үміткер – Әмірсана. Абылайдың халық алдында беделінің өсуіне ықпал еткен – жоңғарлар мен күресте басшылық жасауы. Абылай Қытай билігін мойындаған жыл –1757. Абылай жоңғарларға қарсы күресте белсене ат салысты 15 жасында. Жекпе – жек ұрыста Абылайдың қолынан қаза болған жоңғардың атақты батыры – Шарыш. Абылай хан 1741 жылы жоңғарларға тұтқынға түсті. Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, орта жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIII ғасырдың II жартысындағы танымал ақын –Тәттіқара. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан – Абылай хан. Олай болса балалар, бүгін сынып 3 топқа бөлініп отыр.
Абылай – реформатор
Абылай – көреген саясаткер
Абылай- дарынды қолбасшы деген топтар өз бағыттарын қорғағысы келіп отыр.

Келесі кезекті осы топтарға берейік.(әр топ 5 адамнан жұмыс істейді).
1.Әр топ Абылай бірінші кезекте реформатор ма, жоқ, көреген саясаткер, әлде дарынды қолбасшы болды ма деген сұраққа жауап береді,әр команда өз көзқарасын қорғайды.(проблемалық сұрақ қойылады).
Қалған екі топ сұрақ қоюға дайындалады. Өз көзқарастарын тарихи деректермен, қосымша мағлұматтарды пайдалану арқылы қорғайды, пікір таластырады.
2.Кім жылдам  тест сұрақтары қойылады (әр топқа 6 сұрақтан, сұраққа жауап берген топқа жұлдызшалар беріледі).
3. Абылай хан туралы аңыз әңгімелер дайындап келу.(әр топ 1 аңыз әңгіме).

Қорытындылау.
Оқушылар ізденіс және зерттеу жұмыстары арқылы Абылай ханға жан-жақты сипаттама беріледі. Абылайдың қоғамдағы,тарихтағы алатын орнын анықтап, «Абылай – ұлы тарихи тұлға» деген қорытындыға келді. Сонымен қатар, Абылайдың жүргізген саясаты,елімізде бүгін жүргізіліп отырған саясатпен үндестігі қарастырылады.
Оқушылардың пікір таластыру барысында бірбіріне қайшы келген тұстары көп болады. Осы арқылы олардың барлығы Абылайды тек қана саясаткер,немесе тек қана дарынды қолбасшы деп бөле алмайтынына көздерін жеткізеді.
Абылайдың жүргізген саясаты мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың қызметін салыстыруға сұрақтар беру:
А) Ішкі саясаты
Ә) Мемлекет қауіпсіздігі
Б) Сыртқы саясаты
Абылай ханның жүргізген саясатының бүгінгі күндегі үндестігі мен сабақтастығына оқушылардың назарын аудару.
Венн диаграммасын құру. Сабақты қорытындылау;    
А) қай топ жеңімпаз болғанын атап айту
Ә) ынталы жауап берген, жақсы жұмыс істеген оқушыларды атап айту,бағалау.
Б) Оқытушы топқа деген ризашылығын білдіру.
Үй тапсырмасы: 
1.Өткен тақырып бойынша 15 сұрақтан тұратын, 5 жауабы бар тест құрастырып келу.
2.Өткен сабақты қайталау.
Бағалау:Оқушылардың жалпы жұмысын бағалау      









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!