Материалдар / ашық сабақ. 8-наурыз.Аналарды аялайық.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ. 8-наурыз.Аналарды аялайық.

Материал туралы қысқаша түсінік
аналарды аялау құндылығы туралы, сыйлық жасаудың қарапайым әдісі көрсетіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2024
75
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ.сабақ тақырыбы: Аналарды аялайық

Сабақ мақсаты:Ананы сыйлау, балалық сезімн білдіру, адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу.

Сабақ міндеті.Әйел –анаға деген махаббат, аялау, сыйлау,құрметтеуді білдіру.

Сыныпты безендіру:

Ана туралы өлеңдер, жырлар, құттықтаулар плакатқа, стикерге, ақ қағазға жазылып тақтаға ,қабырғаларға ілінеді.

Сыныпқа аналарына арналған ән орындалаып тұрады.

Сыныпта колонка, музыкалық аппараттар,домбыра ,баян аспаптары қойылады.

Көрініс көрсетіледі: хабарлаушы.сыныптың жүргізіушісі.

1.Сыйлық. Әке,ана,әжес, әпкесі, інісі(Рауан)

Рауан таңертеңгілік папасы мен әжесінің күбір-күбір әңгімесін естіп қалды. Ұққаны: бүгін мамасының туған күні екен. Айтпақшы, әпкесі Меруерт пен ағасы Еркін соңғы кездері жұмысбасты болып кеткен еді. Әпкесі сабақтан келісімен кесте тігуге отырады, ал ағасы әлдеқандай ракетаның нобайын жасап әуре. Енді түсінді. Олар да мамасына сыйлық дайындап жүр екен ғой.


Осыдан кейін-ақ Рауанның мазасы кетті. Әжесі күйбеңдеп ас үйде жүр. Бұған назар да аудармайды. Әпкесі сияқты кесте тігу де, ағасы тәрізді ракета құрастыру да қолынан келмейді. Бірінші сыныпқа барғаны жақында, оны қайдан білсін? Бірақ мамасының туған күніне сыйлық ұсынбайтыны жанына қатты батып тұр.


«Жаз күндері болса ғой, — деп ойлады Рауан, — онда үйлерінің түбіндегі жасыл баудан бір буда гүл теріп әкеліп, сүйікті мамасына сыйлар еді». Рауан шарасыздана күрсініп, ақ қырау өрнек салған терезеден далаға көз тастады.


Кенет шарбақтың жоғары бөлігіндегі белдеуден төмен қарай сорғалап тұрған мұз сүңгісіне көзі түсті. Мөп-мөлдір, әйнекше жылтырлайды. Алақай, табылды! Мамасына мүз сүңгісінің бірнешеуін неге тарту етпеске. Ақ науаттай қытырлақ дәмі қандай шіркіннің!


Рауан әжесіне білдірмей далаға шықты. Бой жететін жерде емес, мұз едәуір биікте. Сүп-сүйір өткір ұшынан мөлдір моншақ тамшы сорғалайды.


Аппақ ұлпа қардан жентектеп алды да жіберіп қалды. Мұндай сәттілік бола бермес. Нысанаға дәл тиген қар жерге екі-үш сүңгіні ұшырып түсірді.


Кешкісін қонақтар мерекелік дастарқанға жиналды. Көзілдірікті ағай сөз сөйледі. Сонан соң мамасына қонақтар және папасы сыйлықтар ұсынды. Ал әпкесі мен ағасының тартуына мамасы ғана емес, қонақ кісілер де риза болды.


Папа, мамама менің де әзірлеген сыйлығым бар.


Мұны қонақтар да естіп қойыпты.


Оһо, жігіт болды деген осы!


Жарайсың, Рауан!


Кәне, көрсетші сыйлығыңды.


Олар жер-көкке сыйғызбай мақтасып жатыр. Рауан бөлмесіне жүгіре жөнелді. Мәссаған! Тарелкаға салып, терезенің алдына қойған күміс сүңгіден түк те қалмапты. Сыйлығының еріп кеткенін енді ғана білген ол өкініштен жылап жібере жаздады. Ұлының кешіккеніне мазасызданып, бөлмеге енген папасы мән-жайды түсініп, еріксіз қарқылдап күліп жіберді. Сыйлық туралы әңгімені естіген қонақ апайлар мен ағайлар да мәз-мейрам. Әсіресе ағасы ішін басып көрші бөлмеде домалап жатыр. Рауанның жанарына жас моншақтары іркілді.


Айналайын, балапанынан! — Мамасы Рауанды қапсыра құшақтап, кеудесіне қысты. — Кәне, бетімнен сүйші.


Бұл анасының бетінен шөп өткізіп сүйіп алды.


Міне, маған осыдан артық сыйлықтың керегі де жоқ, — деді мамасы.


Рауанның жүзі қуаныштан бал-бұл жанып, ағасына қоқилана қарады.

(Сыни ой айтылады)

2.Аналарға арналған ән.

Сынып оқушылары хормен айтады.Ана туралы жыр.Оқушылар аналарын биге шақырады.

3.Ана туралы викториналық сұрақтар ойналады

4.Аналар мен сұхбат жүргізіледі.

5.Сыйлықтары беріледі.(анаға арнаған өлеңдерін, қолдан жасаған сыйларын тарту етеді)

Қосымша Төлеген Айбергенов – «Ана»

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,
Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.
Мен өзінді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем,
Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен,
Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.
Сендік қуат болар, бәлкім, басын иді көк маған,
Әр кез сенен туғанымды есіме алсам, тоқтаман.
Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,
Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,
Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,
Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан,
Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,
О, аналар, кей пасықты жаратасың неге сен!
Тасбауырлар дүниеге келсін де, тез кетсін де,
Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенсін дейсің бе?

Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен,
Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген.
Анаң саған керек болса, балаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
II
Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге,
Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе?
Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен,
Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен.
Құлағымда ол үн менің көрген емес толастап,
Өйткені сен жылауыма қарсы болдың о баста-ақ..
Бүкіл әлем шуларына жіберді де сүңгітіп,
Өзің қаққан қоңыраудан кетті маған тіл бітіп…
Қоңыраулардың үні мені жетектеді қиянға.
Қоңыраулардың үні мені шомдырды сан қиялға.
Тұтқасынан ұстамақ боп дария – білім есіктің,
Мектеп бардым, онан да мен қоңырау үнін есіттім.
Ұстаз болдым. Сөз сөйлетті болашақтың мінбері,
Көз алдымда қызыл ала қызғалдақтар гүлдеді.
Дәл бүгін де нұрлы ертеңнің қоңырауы етіп тұр мені,
Өміріме өзің қаққан қоныраудың үндері.
Өзің қаққан қоңырауда өмір жыры бар екен,
Оның үні тарқамайтын болды менің мерекем.
Сол үнменен тыным таппай бақытымды күреймін,
Өйткені мен мерекемнің тарқамауын тілеймін.

Мұқағали Мақатаев – «Шеше, сен бақыттысың»  

Шеше,
Сен бақыттысың!
Жыламағын.
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның,
Сондықтан жыламағын, жыламағын!
Бармын ғой,
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын!
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын!
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа,
Өзім кепіл тот басып тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап,
«Шеше» деп жаздым ылғи сөз басына.
(Тәңірім кеше көрсін кесірімді.)
Аспанға жазам сенің есіміңді!!!
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдаи иілген бесігімді…

Қадыр Мырза Әлі – «Ана»

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді

Тұманбай Молдағалиев – «Ана»

Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін, мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

Мағжан Жұмабаев – “Ана”

Үйдің іші ұйқыда,
Түн ортасы шамасы.
Көзін алмай бесіктен,
Бөбек жатыр албырап.
Бесікте бөбек ауру,
Тербетіп отыр анасы.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн,
Жел азынап тұр есіктен.
Шөкиіп ана отыр,
Жүрегіне біреу біз
Сұғып алып кеткендей.
Үнсіз, меңіреу ұзын түн
Шөккен қара бір нардай.
Сарғайып, ана сарылып,
Демігіп, қызып, қысылып,
Ауық-ауық, селк етед,
Әлденеден шошьшып.
Селк етсе бөбек, ананың
Өзіне ажал жеткендей.
Шөкиіп отыр дем алмай…
Таң алдында қара бұлт
Күңіреніп көкті жабады.
Бөбегінің бетіне
Ананың жасы тамады.

оқушыларға мына өлеңдерді бөліп беруге болады.












Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!