Пәні:Физика Сыныбы: 9
Нигиметова Бибинұр Толеугалиевна
Сабақтың тақырыбы: Импульс. Импульстің сақталу заңы.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік
мақсаты: Дене импульсімен
импульстің сақталу заңымен таныстырып солар жайлы түсінік
қалыптастыру.
-
Дамытушылық
мақсаты: Оқушылардың білім
деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі
іскерліктерін қалыптастыру;
-
Тәрбиелік
мақсаты: оқушыларды жан-жақты
ізденуге және топтық жұмысқа, ынтымақтыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:жаңа білім
қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
баяндау, сұрақ-жауап әдісі,СТО
технология элементтері
Сабақтың көрнекіліктері:
АКТ видеопроектор,экран,
суреттер топтамасы, слаидтар,электрондық оқулық,тапсырмалар
жинақтары
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі:
1.
Сәлемдесу
3. Психологиялық ахуал
қалыптастыру: оқушыларды
түгендеу,жақсы
оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру және жақсы көңіл күй
сыйлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қызығушылықты
ояту
а) теориялық білімдері сұрақ –жауап әдісі түрінде тексеріледі:
1. Жасанды серіктердің қозғалысы қай күштің әрекетінен
болады?
2. Жасанды серік неліктен жерге
құламайды?
3. 2-ші ғарыштық жылдамдық қай траекторияға сәйкес
келеді?
4. Асқын салмақ дегеніміз не?
5.Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйін
кешеді?
6. Р=m*(g+a) нені есептейтін
формула?
Дескриптор: -нақты жауап береді;
ҚБ: оқушылар “Басбармақ әдісі” арқылы бағалайды.
Экрандағы тапсырмаға назар аудару:ұшып келе жатқан теннис
добы адамға қатты тисе,оны адам ауырсынбайды,ал қатты тебілген
футбол добынан адам тиіп кетпесін деп
қорғанады.
Бұл мысалды кім қалай
түсінеді?Неліктен деп ойлайсыңдар?Жауап нәтижесінде бүгінгі
сабақтың тақырыбын шығару.
2 жағдайда да маңыздысы соққы,яғни бұл импульс ұғымының
аудармасы.
ІІІ.
Жаңа материалды меңгерту “ Мағынаны
тану’’
1) Bilim land.kz сайтынан
бейнематериал көрсетіледі. (Аудиодиск
тыңдалады)
Мәтінмен жұмыстанады.
Дайындалуға уақыт беріледі.Берілген сұрақ бағытында оқушылар
түсініктерін 1-1-мен бөліседі,толықтырулар
жасайды.
- Сақталу қасиеті бар физикалық
шамалар.
Дене импульсі, оны формула
арқылы өрнектеу, физикалық мағынасы , өлшем
бірлігі.
- Күш импульсі, оны формула
арқылы өрнектеу, физикалық мағынасы, өлшем
бірлігі.
- Күш импульсі мен дене импульсінің арасындағы
байланыс
- Ньютонның екінші заңын импульстік түсінік тұрғысынан
өрнектеу.
- Тұйық жүйе туралы түсінік.
- Импульстің сақталу заңы.
2)Импульс түрлеріне байланысты тәжірибе көрсетілімдер
көрсетілді:
-Стакан,қатырма қағаз алыңдар.Стаканды қатырма қағаздың
үстіне қойыңдар.Алдымен қатырма қағазды ақырындап тартып, ал 2-ші
жолы қатырма қағазды лезде тартып алыңдар? Не
байқадыңдар?
- Сапалы сұрақ:төбешіктен сырғанап келе жатқан арбашаны
адам қолымен тоқтата алады,ал өте баяу келе жатқан машинаны тоқтату
қиынға соғатыны неліктен?
Оқушылардың жауаптарынан соң
мұғалім қосымша мәліметтермен толықтырулар жасады. Соқтығысуға
дейінгі және соқтығысудан кейінгі импульс көрсетілімін көріп
танысады,тыңдайды. Тақтаға импульстің сақталу заңының формуласы
жазылады: ( BILIM Land .kz.сайты )
m1*
+m1*ϑ 2=m1*ϑ 1+m1 *ϑ2
формула құрамындағы шамаларға жеке-жеке түсіндірмелер
жүргізіледі.
Тақырыпты тереңірек түсіну үшін түрлі бағытта тапсырмалар
беріледі.
3) Білімді жан-жақты
тексеру:
1)--------- -дененің массасы мен оның қозғалыс
жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын
шама.
2) СИ жүйесіндегі күш импульсінің бірлігі---- . 3)Тұйық
жүйе деп-------- әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер
1-1-мен -------- арқылы ғана әрекеттесетін жүйені
айтады.4)Шарлардың өзара ------- дейінгі импульстері теңдіктің сол
жағына,өзара--------- кейінгі импульстері оң жағына
жазылады.
Қажетті сөздер: әрекеттескенге, әрекеттескеннен;н*сек;дене
импульсі;сыртқы күштер,ішкі күштер.
4)Сыныпта есеп шығарылады:
№1) 6 км/сағ.жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг.
адамның импульсі қандай?
№2) 5 м/с жылдамдықпен қозғалып
келе жатқан массасы 20 т темір жол вагоны массасы 10 т қозғалмай
тұрған вагонға тіркеледі. Вагондардың тіркелгеннен кейінгі
жылдамдығы қандай?
№3) Массасы 50 кг. Бала 5 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе
жатып,2 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 100 кг арбаның үстіне
қарғып мінді.Осыдан кейін арба қандай жылдамдықпен
қозғалады?
Дескриптор: -нақты мәлімет
алады;
-жүйелі түрде формуланы қолдана
алады.
Оқушылар өз деңгейлеріне сай
геометриялық фигураларды таңдайды.
5) Сабақты бекіту: “Ой
жинақтау”
Бүгінгі тақырыпқа берілген топтама
арқылы КГ*м/с
о
қушыларға сұрақ-жауап
жүргізіліп,қорытындыланды.
Соққы Р= F*
t

Дене импульсі
импульс

Күш импульсі
Н*С
VIІI.Қорытындылау: Мұғалім берілген жауаптары бойынша оқушыларды
бағалайды.
Үй тапсырмасын беру:
§19,20, 17-жаттығу
(3,4)