жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ " А. Байтұрсынұлы-ұлт ұстазы"
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: «Кирилловка орта мектебі» КММ |
|||
|
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар тағылымы |
Мұғалімнің аты-жөні: Қалықова К.Г |
|||
|
Сынып:8 |
Қатысқан оқушылар саны:6 |
|||
|
Күні: 13-14.01 |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
3-4 – сабақтар. А.Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.3.1-оқу-еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну 8.2.4.1-идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісін бақылай отырып, мазмұнның дамуын салыстырып, талдау 8.4.3.1-жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсінеді. Көбі мәтіндегі оқиғалар бойынша мазмұнның даму желісін салыстырады, талдайды. Кейбірі жазба жұмыстарында символ мен кейіптеуді қолданады. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Алаштың көсемі, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі, шығармалары туралы ақпарат бере алады, күрделі сөздерді түсінеді, мәтін мазұнын талдайды. |
|||
|
Тілді мақсат |
Пәнге тән лексика мен терминология: беделді, айдал, тарихи, ақсүйек, саясат, ағартушы, патша. |
|||
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: қазақ зиялылары, «Алаш» партиясы. |
||||
|
Бастапқы білім |
«Алашорда» көсемдері жайлы ақпарат береді. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады. |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін «шаттық шеңберін» құрады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады. . Қызығушылық ояту. Мұғалім «Алдын ала берілген атаулар» тәсілін пайдаланып, тақтаға тақырып аясында меңгерген екі-үш жаңа сөзді жазып қояды. Оқушылардан берілген сөздердің өзара байланысы, мағынасы мен мазмұны жайлы ойлануларын сұрайды. Мысалы, Алаш көсемдері, ұлт ұстазы, т.б. Ой шақыру сұрақтарын қояды: Ахмет Байтұрсынұлын білесің бе? Ахмет Байтұрсынұлы қай салада еңбек еткен? Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына барып көрдің бе? Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тағы қандай нысандарды білесің? Оқушылар жұмысты жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша талдайды, сұрақтарға жауап береді (1-тапсырма). Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. Жазылымға қатысты тапсырмаларды орындатады. Оқулықта берілген суреттің негізінде символдар мен кейіптеулі қолданып, сипаттамалық мәтін жазады, сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөйлем құрайды. Дескриптор:
«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады. Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады. |
Тренинг жазылған парақшалар, оқулық, ұлт ұстазының портреті, суреттер, ғаламтор ресурстары |
||
|
Сабақтың ортасы |
Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұны мен тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады. Оқушылар мәтінді оқиды, оқиды, стилін анықтайды, сөздіктің көмегімен сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтайды, ұлт ұстазының түйіндемесін жазады, демеулік шылауларды пайдаланып, диалог құрады. Дескриптор:
Кері байланыс. Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды? Мәтінсоңы жұмыс. Тыңдалым мен айтылымға қатысты берілген тапсырманы орындатады. Оқушылар мәтінді тыңдайды, А. Байтұрсынұлы мұражайына қатысты ақпаратты айтады (8-тапсырма). Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау. Оқушылар бір-бірінің жұмысын түрлі түсті желімқағаздар арқылы бағалайды. Кері байланыс. «Аяқталмаған ой» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жұпта туындаған жағдаятты тізбектейді. Алдымен, біз «...» деп ойладық. Кейін мынадай мәселе пайда болды: ... . Мәселені шешу үшін ... жасадық. Бұдан біз ... көрдік. Демек, бұл ... екенін білдіреді. Сонымен, біз «...» деген қорытындыға келдік. Ойсергек. «А.Байтұрсынұлы атындағы нысандар» тақырыбында постер құратады. Оқушылар әртүрлі қайнаркөздердегі ақпаратты пайдаланып, постер жасайды, сәлемдесуге, танысуға, өтініш айтуға байланысты этикеттік сөздерді қолданып, сыныпта таныстырады (10-тапсырма). |
Оқулық А4 парағы, плакат, маркерлер |
||
|
Сабақтың соңы |
(8-тапсырма). «Ұлт ұстазы» тақырыбында эссе жазады. Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау. «Жетістік баспалдағы» әдісі арқылы бағаланады. Сабақтың соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілеп, түсіндіреді:
Рефлексия. Ойтаразы. Шығу парағын пайдаланып, сұрақтарға жауап жазғызады (11-тапсырма). Үйге тапсырма. Үйде алаш көсемдерінің қанатты сөздерін талдайды. Тапсырманың шарты, қалай орындау қажет екені түсіндіріледі. |
|
||
|
Қосымша ақпарат |
||||
|
Рефлексия Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін оқушылар не біліп, не үйренді? Сыныптағы психологиялық ахуал қандай болды? Жоспардан ауытқу болды ма? Себебі неде? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Уақыт дұрыс пайдаланылды ма? Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім. Не себепті? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз (Сабақ жүйелі жоспарлағандықтан, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалады. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді, сөздікпен жұмыс істейді. Сабақ жоғары деңгейде өтеді, өйткені оқу мақсаттары дұрыс таңдалды, уақыт тиімді пайдаланылып, саралау жұмыстары да орындалады). |
|||
|
Қорытынды бағалау: Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) табысты болды ма? Сабақтың өзіне ұнаған 2 тұсын анықтап жазыңыз. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Қандай екі нәрсе (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) сабақтың тиімділігін арттырады? 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Сабақ барысында өзіңіздің көңіліңіз толмаған 2 әрекетті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) атаңыз. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ Сабақ барысында келесі сабағымда сыны не жекелеген оқушының сапалы білім алуы үшін нені жетілдіруге болатынын білдім. 1: __________________________________________________________________________________ 2: __________________________________________________________________________________ |
||||
|
Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті |
Мектеп: «Кирилловка орта мектебі» КММ |
|||
|
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:Тарихи тұлғалар тағылымы |
Мұғалімнің аты-жөні: Қалықова К.Г |
|||
|
Сынып:8 |
Қатысқан оқушылар саны: |
|||
|
Күні:15-18.01 |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
5-6–сабақтар. Махамбет Өтемісұлы |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.1.1.1-мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау 8.4.2.1-эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлығы мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжайды. Көбі мәтін мазмұны бойынша жоспар құрайды. Кейбірі эссе жазады. |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді толық меңгереді, ақын туралы ақпарат береді, шағын мәтін құрайды, көтерілетін мәселені болжайды, эссе жазады. |
|||
|
Тілді мақсат |
Пәнге тән лексика мен терминология: қолбасшы, рухани көсемі, көтеріліс. |
|||
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: қолбасшы, жебе, ұлт-азаттық қозғалыс. |
||||
|
Бастапқы білім |
А.Байтұрсынұлы туралы ақпарат береді. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушының бастапқы білімін анықтай алады. |
|||
|
Сабақтың барысы |
||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді. Оқушылар бір-бірімен қол алып, амандасады. Бір-біріне жақсы тілек айтады. Қызығушылықты ояту. «Болжау» әдісі бойынша оқулықта берілген суреттерді ретіне қарай тақырыпқа сәйкес мазмұнын болжап айтады, сұрақтарға жауап береді: Сенің ойыңша, халық қандай жағдайда көтеріліске шығады? Көтеріліске шыққандар үшін жазаның қандай түрлері бар? Сабақтың тақырыбы қандай ой салады? (1, 2-тапсырмалар). Мәтіналды жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады. Дескриптор:
«Бас бармақ» тәсілі арқылы бағаланады. Кері байланыс. «Сұрақ ілмегі» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қойып, білімін толықтырады. |
Тренинг жазылған парақшалар, оқулық, суреттер, ғаламтор ресурстары, интерактивті тақта, слайдтар |
||
|
Сабақтың ортасы |
Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін оқулықтағы мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды орындатады. Оқушылар мәтінді оқиды, стилін анықтайды, сөздіктің көмегімен сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтайды, мазмұны бойынша жоспар құрады, сұрақ қояды. Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Кері байланыс. «Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады. Жазылымға қатысты тапсырмаларды орындатады. Оқушылар өлең мазмұнына сүйеніп, Махамбет Өтемісұлына мінездеме, тірек сөздерді қолданып, эссе жазады (8, 9-тапсырмалар). Дескриптор:
Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады. Мәтінсоңы жұмыс. «Болжау» әдісі бойынша оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы орындатады (10-тапсырма). Дескриптор:
Қалыптастырушы
бағалау. | |||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген