Материалдар / Ашық сабақ : "Адами қарым -қатынастар әлемі " 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ : "Адами қарым -қатынастар әлемі " 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін өзі тану пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Наурыз 2021
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Shape1




Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейі

21 сабақ

Тақырып: Адами қарым-қатынастар әлемі

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: кішіпейілділік, ізеттілік,әдептілік

Мұғалiм: Кулсеитова Жазира Белгибаевна

Сынып 5 «Ә»

Оқушылар саны: 19

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым- қатынас жасау туралы түсініктерін кеңейте отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға ізгі қарым-қатынастың маңызын аша отырып, кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларды айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру: Тәртіп,талап,тазалық,тыныштық,татулық.

2.Жағымды көңіл-күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат.

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз,ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!


3.Үй тапсырмасын тексеру. № 21 сабақ «Сәлем» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау. 89 бет

Сұрақтар:

  • Әкесінің баласына ескерту жасауының себебі неде?

  • Сәлемдесу кезінде адамның бойында қандай қасиеттер көрініс береді?

  • «Сәлем – сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өзің адамдармен қалай сәлемдесіп жүрсің?

Сабақтың барысы




























4.Дәйексөз.

Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.

«Кішіпейілділік-кісінің көркі»

Халық нақылы

Сұрақтар:

  • Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  • Кішіпейілділік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өздерің қай кезде кішіпейілділік танытасыңдар?


Кішіпейілділік адамның барлық іс-әрекетінен, қимыл-қозғалысынан, өзін ұстауынан, мінез-құлқынан, тәртібінен, сөзінен, киген киімінен де аңғарылып тұрады.Кішіпейілділік өзге адамдарды сыйлаудан, олармен қарым-қатынас жасаудағы қарапайымдылықтан көрінеді. Ондай адамның сөзі ұстамды келеді. Өзінің сезімін басқаларға білдіруге асықпайды. Қарым-қатынаста тұрақтылық танытады. Кішіпейіл адам адамгершілігі мол, мейірбан болады. Кісіге қарасуға, қол ұшын беріп, жәрдемдесуге дайын тұрады. Кішіпейілділік жай нәрсе емес, ол – мінез, әлеуметтік мәртебе, көп қошемет тұтатын асыл қасиет болып табылады. Сол үшін де халық: «Кішіпейілділік-кісінің көркі»деп оның мәнін өте дұрыс айтып жеткізген.



5.Әңгiмелеу (мұғалім сыйы)

« Шегенің іздері » бейнефильм көру

Ертеде бір кісі баласы тұрмай жүріп көрген баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Бала өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына ешкім жақын жүрмеуге тырысады.

Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша шеге қақ дейді. Бірінші күні бала тақтайға 37 шеге қағады. «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады: «Енді балам, ешкіммен ұрсыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде тауысыпты. Әкесі қуанып: «Балам, мені сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне, өзіңді - өзің тәрбиеледің, жақсы адам болатын жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы, бұрынғысындай тегіс әдемі емес, беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да, олар қанша кешірдім десе де кезіңде айтылған сөздерді қалай өшірерсің? Бәрібір ол жүректің түкпірінде қалды ғой. Әрине, бұл күндерің әркіммен бір ұрсысып жүргеннен жақсы. Бірақ, бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», - дейді.

  • Өсиет әңгімеден өздеріңе қандай ой түйдіңдер?

  • Неліктен адамдарды ренжітіп, жанын жаралауға болмайды?

  • Ешкімге қиянат жасамайтын адамның бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

  • Қандай құндылықтар арқылы сабырлыққа, ұстамдылыққа, ізгілікке жетуге болады?

  • Өздерің қаншалықты ұстамды әрі сабырлы болып, ешкімге қиянат жасамауға тырысып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер?



6.Шығармашылық жұмыс.



1 топқа жұмыс.

А.П. Чеховтың інісіне жазған хатынан үзіндіні оқиды, сол мәтінді негізге ала отырып, өздерінің түсініктеріне сәйкес «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында жеке ережелерін құрастырады.

«Тәрбиелену үшін,өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін,күндіз-түні бірдей еңбектену ,өмір бойы оқу,жаттығу,қажырлы-қайратты болуым қажет.Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын құрмет тұтады,сондықтан әрқашан кешірімді,биязы,кішіпейіл келеді. Олар ақкөңіл,өтірік айтудан оттан бетер қорқады.Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді.Олар босқа көп сөзге салынбайды,үйінде қандай болса,көшеде де сондай көрінеді»

А.П.Чеховтың інісіне жазған хатынан үзінді

2 топқа жұмыс.

Суреттерге қарап, сол суреттердің мазмұнын сипаттап жазады және адам бойындағы қандай қасиеттер көрініс тапқанын айтады.

1-суретте: баланың үлкенге сәлем беріп тұрған бейнесі суреттеледі.

2-суретте: кіші жастағы баланың үлкен жастағы адамға орын беріп жатқаны суреттеледі.

3-суретте: көшеде ауыр жүк көтеріп келе жатқан қарт әжеге көмекке келу сипатталады.




3 топқа жұмыс. «Әдептілік –адамдықтың белгісі » тақырыбында сахналық қойылым көрсетеді.



7.Топпен ән айту. «Жақсы адамдар» Әні мен сөзі: А. Оралов



І.Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

ІІ.Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар.

ІІІ.Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.


8.Үйге тапсырма.

22 сабақ «Алмаш» мәтінін оқу . 93 бет


9. Сабақтың қорытынды сәтi.

Сабақты қорытындылай келе ,кішіпейілділік – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Бұл өзін – өзі мақтаудан аулақ ұстайтын, сыйластық шегінен шықпайтын, жасаған жақсылығын жария етпейтін адам. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне ие болады. Қарым-қатынас жасау барысында ойың,ниетің,іс-әрекетің,мінез-құлқың жақсылыққа толы болсын.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді тілек ағашына жазып жапсырып кетеңіздер.

Сабаққа белсенді қатысқандарыңызға көп –көп рахмет, сау болыңыздар!

Тілек ағашы.




























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!