Кіріспе әңгіме
Еліне арналатын тілегі
шын,
Ей, ұлым – Отанымның
түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп
тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,- деп ақын
жырлағандай бүгінгі біздің « Ата Заң- аппақ үміт, асқақ мақсат »
деген тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!
Сабағымыздың мақсаты : Қазақстан
Республикасының Конституциясы туралы терең білім
алу
Олай болса ең алдымен сабағымызды Мемлекеттік
гимнен бастайық .
Мұғалім:
-Балалар,қалай
ойлайсындар адамзатқа заңдар не үшін
қажет?
(оқушылар жауап
береді)
-Дұрыс айтасындар.Заңсыз тәртіп
орнамайды.Егерде заңдар болмаса әр адам өз білгенін істер еді.Бұл
жағдай үлкен дағдарысқа әкеліп ұшыратады.Олай болса,сендерге заңдар
не үшін қажет екенің түсінікті болу үшін аңыз айтып
берейін.
Баяғы заманда бәрі де болады және ешнарсе
болмайды 2 мемлекетер болған екен.Бұл мемлекеттер әртүрлі заңдар
бойынша өмір сүрді.Бәрі де болады мемлекетінде адамдарға
ұрлықжасауға,қылмыс жасауға,зәбір көрсетуге рұқсат еткен.Ал ешнарсе
болмайды мемлекетінде керісінше қылмыс жасауға,тонауга,салық
төлемеуге,сөз қайтаруға болмайды екен.Екі мемлекет арасында
өшпенділік асқынып кететі де шайқас болатындай күнде жетті.Бұл
шайқасты жеңіп алған бәрі де болады мемлекеті жеңіп алды,яғни
ешнарсе болмайды мемлекетінің жартысын жаулап алды.Осыдан бұрынғы
ешнарсе болмайды мемлекетінің қалалары мен ауылдарында адамдар
жазасыз бір бірін өлтіріп,тоңап,қарақшылар бас көтере бастады.
Бәріде болады мемлекеті құлдырауға ұшырап,әбден әлсіреді.Амалы
таусылған бәріде болады мемлекеті ешнарсе болмайды мемлекетінен
көмек сұрауға мәжбүр болды.Екі мемлекет ұзақ ойланып,ақыры соңында
Заң мемлекетін құруды жөн көрді. Жоспарлары іске асып,Заң мемлекеті
құрылған соң қоғамда тәртіп орнап,барлық тұрғындары бақытты өмір
сүре бастады.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар неліктен
заңмемлекетінің тұрғындары бақытты өмір сүре
бастады?
Мыңдаған жылдар бұрын Жер планетасында
адамдар пайда болды және оларда мынадай сұрақтар
туындады:
-
Адамның қолынан не келеді және
келмейді?
-
Олар нені істеуге міндетті және міндетті
емес?
-
Олардың неге құқығы бар және
жоқ?
Жүздеген жылдар бойы әлемде құлиеленушілік
болды.Әлсіз адамдардың ешқандай құқықтары болмады.Құлдарды басқарып
отырған адамдар құлдармен өздерінің арасында ешқандай теңсіздік жоқ
депесептеген. Яғни олар өздерін жоғары санады.Тіпті құлдардың құны
затпен жануарлармен тең болды.
-Бұл жағдай дұрыс
па?
-Ия,сол себептен адамдар ойлана келе маңызды
сұрақтарды шешуге тырысты.Олар көп ізденді. Түрлі ұлттар,түрлі дін
басылары өзара қарым қатынасқа түсіп шешімін табуға тырысты.Тек 20
ғасырда ғана адамдар тепе тенсіздіктің дұрыс емес екенің
түсініп,әділдікке қол жеткізуге тырысты. М/ы,әдебиетті алатын
болсақ ақын жазушылар байларды емес,қарапайым халықты
жақтаған.Соның бірі ұлы ақынымыз А.Құнанбаев өз
өлендерінде,шығармаларында халықтың мұн-зарын жырлап халықты
жақтауға тырысты.
Нақтырақ айтсақ жер бетінде көптеген
әділетсіз жағ-р,зорлық-зомбылық қылмыс тіпті құлдықорын алған.Сол
себептен адамдар әр қылмыс бойынша ж/е адамдардың қоғамдағы өз
өмірін қорғауға құжаттар яғни заңдар керек деп шешті.Адамдар іздене
келе, заман дами келе адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
дүниеге келді.(декларация сөзіне анықтама
береді.)
Егер біреу халық үшін соғыс ең қайғылы
қасірет шығар десе мен мақтанышпен білмеймін,мен Егеменді
Қазақстанда өмір сүремін деп айта аламын.Қазақстандық болу бізге
тағдыр сыйлаған ұлы бақыт,бірақ осындай соғыссыз ашық аспан астында
өмір сүрер алдында қазақ халқы,ата-бабаларымыз басынан қаншама
қайғылы оқиғалар өтті.
Мұғалім :-
Қазақ халқы басынан қандай қайғылы оқиғалар
өткізді?
(оқушылар жауап береді) Қазақстан тарихы
туралы не білесіңдер?(Нұршат)бейне сюжет
Желтоқасн оқиғасы туралы не білеміз?(Алихан)
айтады Қандай өлендерді білесіңдер?
Жанағы өздерін атап өткен Қ.Рысқұлбеков
Лаззат асанова секілді ержүрек жас батырға айналған
құрбандарымыздың арқасында қазақ елі 1991 ж тәу-н алды. (бейне
сюжет)
-Тәуелсіздік нышаны ретінде біздің
рәміздеріміз пайда болды.Қандай р-ді білесіңдер?(
өлеңдер)
Қазақ елі 1991 жылы тәуелсіздігін алды.
(бейне сюжет көрсетіледі)
Мұғалім :
-Тәуелсіздіктің нышаны ретінде біздің
рәміздеріміз пайда болды.Қандай рәміздерді білесіңдер?Рәміздер
туралы қандай өлеңдер білесіңдер? (оқушылар рәміздер туралы өлеңдер
айтып береді)
Мұғалім :-
Конституция, Ата Заң ( латынның лат.
constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі
заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие
заң немесе заңдар тобы.( бейне сюжет
көрсетіледі)
Конституциядағы балаларға арналған баптармен
таныстыру:
7 - бап
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тiлi.
9 - бап
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы
және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі
конституциялық заңмен белгiленедi.
14 - бап
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15 – бап Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
27 - бап
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында
болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың
етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата
- анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
29 - бап
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы
бар.
30 - бап
1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта бiлiм алуына
кепiлдiк берiледi. Орта бiлiм алу мiндеттi
34 - бап
1. Әркiм Республиканың мемлекеттiк рәміздерін құрметтеуге
мiндеттi.
Мұғалім :
-Ал енді осы біз айтқан Конституциядағы
заңдарға ертегілер елінен мысал кетірейік.
-
«Жын» ертегісі /жеке бас
бостандығына/.
-
«Тазша бала» ертегісі /сөз
бостандығына/.
-
«Ұр, тоқпақ» ертегісі
/дүниемүлкіне/.
-
«Кір, қоймас» ертегісі
/денсаулыққа/.
-
«Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы,
бірақ оны түлкі жеп қояды/.
-
«Буратино» ертегісі /қуыршақтарды заңсыз
қамауда ұстап, құлдық ретінде пайдаланған/
-
«Мыстан кемпір» ертегісі/өзінің ыспырғысымен
еркін, ешқандай жол ережесіне қарамай ұшып
жүреді/
-
Мұғалім :
-Сендердің басты міндеттерін қандай? (жақсы
оқу)
-Ал құқықтарын? (тегін
оқу)
Дұрыс айтасыңдар,олай болса кезекті көңілді
биге берейік. («Саржайлау» биі)
Қорытынды бөлім :
«Ақ көгершін » әнін айту арқылы тәрбие
сағатын аяқтау.
Мұхтар Әуезов атындағы
мектеп-гимназиясы
Ашық тәрбие
сағаты
« Ата Заң– аппақ үміт,асқақ
мақсат»
Өткізген: Турсунбаева
Мухаббат Салижанқызы
7 сынып
жетекшісі
2017-2018оқу
жылы