Ашық сабақ " Фонетика әлеміне саяхат" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ " Фонетика әлеміне саяхат" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тіл мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылып отыр. Фонетикадан өткенді қайталап, оұушылардың білімін тиянақтау үшін құрылған сабақ.Топпен жұмыс жасау, сайыс түрінде құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі












Shape1


5 сынып













Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:Бисембекова С.











Бесқауға ауылы 2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Фонетика әлеміне саяхат»

Мақсаты:

Білімділік: фонетика саласы негізінде алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, тиянақтау, кеңейту; өз білімдеріне қорытынды жасай білу;

Дамытушылық: әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, фонетикалық талдауларды жүргізе отырып, сауаттылығын, тіл байлықтарын жетілдіру.

Тәрбиелік: ана тілінің қасиетін түсініп, оны құрметтей білуге, инабаттылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, шығармашылық қайталау сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, сөз әдісі, логикалық ізденіс, өздігінен меңгеру, интербелсенді

Сабақтың формасы: топпен, жекелей


Қолданылатын көрнекіліктер: интербелсенді тақта, қима қағаздар, топ аттары, суреттер, бағалау қағаздары.


Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезең: Амандасу.

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып сәлемдесейік.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау салтымыз.

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз.

  • Балалар, сабақты жаңашыл педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.

  • Әрбір адам? – туыс, дос, жұрағат

  • Әрбір сабақ? – үйрену, ұғу, ұлағат

  • Әрбір ісің? – тірлік, тірек, адамдық

  • Әрбір сөзің? – шындық, бірлік, адалдық

Жақсы. Сондықтан біздің өміріміз, әр ісіміз бен сөзіміз, сабағымыз осы айтылған қағидаларға негізделуі керек.

Біз сендермен 5-сыныпта тіл білімінің қандай салаларымен таныс болдық? Лексика нені зерттейді? Фонетика нені зерттейді? Фонетикада қандай тақырыптармен таныс болдыңдар? Жақсы, бүгін сендермен өткен тақырыптар бойынша қайталау сабағын өткіземіз. Бүгінгі сабағымыздың бір ерекшелігі – сайыс сабақ.

Сайысымыз «Таңғажайыптар әлемі» деп аталады. Алдарыңда сайыс бөлімдері берілген.

Сайыс бөлімдері:

Shape2



1-кезең. Таныстыру.

Әр топ өздерін таныстырады:

  1. Дәстүр

  2. Тапқырлар

  3. Ертіс

  4. Қыран

2-кезең. Сұрақтар әлемі

Әр топтан 1 оқушыдан шығады.

  1. Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбыстың айырмашылығы.

  2. Тасымал дегеніміз не?

  3. Тіліміздегі төл әріптер саны нешеу?

  4. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрі қалай аталады?

  5. Әріп пен дыбыстың айырмашылығы?

  6. Дауыс қатысына қарай дауыссыздар қалай бөлінеді?

  7. Қос ерін дауыссыздарын ата

  8. Әліпби дегеніміз не, қалай пайда болған сөз?

3-кезең. Дыбыстар әлемі.

Қима қағаздар беріледі, соның ішінен екі топ сөз таңдап алады. Тақтада орындайды. 2 топ жеребе суыру арқылы

  • Өзен

  • Әріп

  • Қоян

  • Дәрі

Қалған екі топ олар дыбыстық талдау жасағанша дыбыстарға мінездеме береді (Ғ, С, Б, Й, А, Ү).



Сергіту сәті:

Т дегенде тұрайық,

Қолды алға созайық.

Х әріпі сияқты

Айқастырып қояйық.

Ф әріпі секілді

Қолды белге қояйық.

Оңға-солға иіліп,

Ү әріпін жазайық.

Ерінменен атыңды

Ауаға жазып қояйық.

4-кезең. «Сіз білесіз бе?» ғылыми ізденіс.

Әр топ фонетика саласы бойынша мағлұмат дайындайды(үй тапсырмасы).

5-кезең. Кім жылдам.

Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жазыңдар.

Мысалы, ана, қазақ...

6-кезең. Жаңылдырсаң да жаңылмаймын

  1. Қай буында дыбыс көп болады?

Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме? (бітеу)

  1. Бота мен қозы ұқсас екен дейді.

Олар қалай ұқсас бола алады? (О әрпі)

  1. Шалға қарағанда балада не көп? (буын)

  2. Езуде езулік нешеу? (7)

  3. Алфавиттегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты? (Аю)

  4. Алфавиттегі бесінші әріптен басталатын өзендердің аты? (Ертіс...)

7-кезең. Сөздер әлемі. Шардағы берілген әріптерден сөздер құрау. Ең көп құраған оқушы - жеңімпаз.

Shape3

8-кезең. Үйге оралу.

  • Бірдей дыбыстан басталатын 5 сөйлем құра.

  • «Дыбыстар әлемі» - шағын ертегі не шығарма жазу.

Бағалау. А) сайыс қорытындысын шығару. Ә) оқушылар білімін бағалау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2703
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі