Материалдар / ашық сабақ : "Х-ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үрдістер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ : "Х-ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үрдістер"

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні үстаздары үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2018
5370
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Нуртазин Фархат Муктарканович, «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ, тарих пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі




Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Х ғ – ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан

Мектеп

«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ

Күні


Мұғалімнің аты­­­­-жөні

Нуртазин Фархат Муктарканович

Сынып

7 Б

Қатысқандар


Қатыспағандар


Сабақтың тақырыбы

Х-ХІІІ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы саяси үрдістер

Зерттеу сұрағы

Х-ХІІІ ғ . басында саяси карта қаншалықты өзгерді?

Оқу мақсаты

6.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауына негізгі және жанама себептерін анықтау

сабақ мақсаты

Барлығы: мемлекеттердің құлау себептерін түсіндіріп, саяси картадағы өзгерістерді анықтайды,

Көпшілігі: ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауына негізгі және жанама себептерін анықтайды

Кейбіреуі: мемлекеттер дамуындағы заңдылықтарды анықтайды.

Бағалау критерийі

Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауына негізгі және жанама себептерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Х-ХІІІ ғасырларда құрылған мемлекеттер туралы әңгімелейді(айтылым).

Х-ХІІІ ғасырлардағы саяси өзгерістерді талдайды(жазылым).

Мемлекеттердің құлау себептерін мәтіннен оқып, негізгі ойды анықтайды(оқылым).

Х-ХІІІ ғасырлардағы саяси картаға түсңһіріп, қаншалықты өзгергенін анықтайды(тыңдалым).

Пәнге қатысты лексика мен терминология.

өзара қырқысу соғыстары, қаған, гурхан, «найман»

Талқылауға арналған тармақтар:

Неліктен саяси картада өзгерістер болды?

Х-ХІІІ ғасырларда құрылған мемлекеттердің құлауының басты себебі неде болды?

Жазылым/ диалогке қатысты тіркестер

Саяси өзгерістер негізінде картада да өзгеріс болды, себебі ....

Құндылықтарға баулу:

Оқушыларды ойлау жұмысына қатыстыра отырып, «Мәңгілің ел» идеясының үшінші құндылығы рухында тәрбиелеу. Қазақ халқы өзінің тарихи ұлттық құндылықтарын өзі де танып, өзгеге де танытып, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам бола алады.

Пәнаралық байланыс:

География, дүние жүзі тарихы

Тақырып бойынша алдыңғы білім:

Мемлекеттің ішкі саясаты туралы түсінік қалыптасқан, сол білімдерін қолдана алады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

2 мин




6- минут


Топпен жұмыс




Білу. Түсіну.


2 мин



  • Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларымен сәлемдесу, түгендеу. Топтарға бөлу(үш белсенді оқушы ортаға шақырылады, олар кезекпен өз топтарына оқушыларды атап бөліп алады).

Тапсырма 1. « Өрмекші торы» әдісі арқылы үй тапсырмасынан оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын береді

Мысалы:

1.Х-ХІІІ ғасырларда қандай мемлекеттер құрылды?

2. Қарахандар мемлекетінің орналасқан территориясын атап бер.

3. Мемлекеттік құрылымының ерекшеліктерін айтып бер.

4. Х-ХІІІ ғасырларда құрылған мемлекеттердің қандай ортақ белгілері болды?

ҚБ Жақсы» сұрақ деп нені айтады? ( 2 аспект) Мұғалім оқушылармен бірге сәтті сұрақтарды тауып, айта кетіп, басқаларын тағы қалай жетілдіруге болатынын бірлесе табады?








Оқушылардың дайындап келген сұрақтары


Сабақтың ортасы

29 минут


1 мин


Жеке жұмыс






10 мин

Топтық жұмыс

Жеке және топтық жұмыс



Білу. Түсіну. Талдау.




2 мин



1 мин


13 мин


Түсіну. Қолдану. Талдау. Жинақтау.










2 мин


1 мин

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау.

Тапсырма 2 . «Бұрыштар» тәсілі.

Х-ХІІІ ғасырларда құрылған мемлекеттердің құлауының басты себебі неде болды?

1. Табиғаттың апатты құбылыстарына байланысты.

2. Басқа халықтармен араласып кетті.

3. Жаулап алынды және жаулап алушылар күшті болды.

4. Бірлік, татулық болмады, өзара қырқыс соғыстары мемлекетті әлсіретті, осыны жаулап алушылар қолданып кетті.

Білім алушылар өз жауаптарын таңдап, тиісті бұрышқа орналасады. Мұғалім жауаптың дұрыстығын тек сабақ соңында бірлесе табылатынын айтады.

Тапсырма 3.

«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі.

Мәтінді бүкіл білім алушылар оқып шығады (4 минут). Берілген сұрақтар бойынша әрбір оқушы өздігінен жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытады (2 минут), жұп болып пікірлерімен бөліседі (2минут); бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады (2минут)

1.Қарахандар мемлекетінің құлау себептері?

2. Наймандар, керейіттер, жалайырлар мемлекеттері қашан жойылып кетті? ?Неліктен?

3.Қыпшақтар мемлекетіндегі өзара алауыздық соғыстар оларға қалай әсер етті?

ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ( 2 аспект) 1-бөлік бойынша не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек?

Сергіту сәті. Бірге қозғалыс жаттығуларын жасайық!

Тапсырма 4. «IDEAL» тәсілі бойынша мәтінмен жұмыс жасайды (6 минут)

I – мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау

D – проблеманы сипаттау

E – проблеманы шешу жолданын анықтау

A – проблеманы шешу үшін әрекет жасау (мәселені шешу жолын көрсету)

L – қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау

1-топ: ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауына негізгі себептерін анықтау

2-топ: ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауына жанама себептерін анықтау

3-топ: Моңғол шапқыншылығы саяси картаға қандай өзгерістер енгізді?

Жұмыстарын жариялайды ( әр топ 2 минуттан= 6минут)

ҚБ: «+ ;- ;керемет» әдісі бойынша топ жұмыстары бағаланады. Тапсырма Мәңгілік Ел( 7 басымдылық):

Қазырғы Қазақстан мен Х-ХІІІ ғасырлардағы мемлекеттер арасында қандай ортақ қауіптер бар?






Интерактив-ті тақта









Оқулық,

таратпа, материал-дар

маркер,

қағаз





интерактивті тақта

интерактивті тақта

оқулық, қосымша материалдар

А-3 беттер















Интерактив

ті тақта

Сабақтың соңы

6 минут


2 мин





2 мин









2 мин

Тапсырма 5. «Бұрыштар» тәсілі арқылы

Х-ХІІІ ғасырларда құрылған мемлекеттердің құлауының басты себебі неде болды? - деген сұрақтың төрт жауабын оқып, қайта оралып, дұрыс жауаптың қасына топтасады. Жауаптарын негіздейді.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:

Тапсырма 6. Семантикалық карта:

Себептер мен өзгерістерді тиісінше орнын тауып белгіле:

реті

Себептер мен

өзгерістер

Негізгі себеп

Жанама себеп

Саяси картадағы өзгеріс

Сабаққа қатыссыз мәлімет

1

Моңғол шапқыншылығы





2

Өзара қырқыс соғыстары





3

Билеушілердің әлсіздігі





4

Табиғи себептер





5

Наймандар, керейіттер, жалайырлар мемлекеті құрылды





6

Қыпшақ мемлекеті құлады





7

Хорезм шахы жаулап алды





8

Қарахандар мемлекеті құрылды





9

Қытай шапқыншылығы болды





Дескрипторлар:

-барлық негізгі себептер мен жанама себептерді айқындады, саяси картадағы өзгерістерді толық біледі.

- 1 негізгі және 2-3 жанама себептерді айқындай алмайды, саяси картадағы өзгерістердің басым бөлігін біледі.

- негізгі және жанама себептерді анықтауда қателеседі, саяси картадағы өзгерістерді толық білмейді.

Үй тапсырмасын беру.

А: Қарахан мемлекетінің билеушісі Сатұқ Боғра хан туралы мәлімет әкелу.

В: тақырыпты оқу, 2, 3 сұрақтарға жауап беру.

С: тақырыпты оқу, кескін картамен жұмыс.


Интерактив

ті тақта,


рефлексия-лық нысана















Интерактив-ті тақтада

Жазылады

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тарсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Әртүрлі тапсырмалар мен сұрақтар арқылы өз ойларын жеткізуде саралау қолданылады.

«Ойлан,жұптас,талқыла», «Жақсы сұрақ», «Мадақтау сендвичі», «+, -, керемет», «Бұрыштар» тәсілі арқылы жаңа сабақты қаншалықты меңгергендігін бағалаймын. Сонымен бірге бағалау критерийі, дескрипторлармен бағалау жүргізіледі

Топ мүшелері әр топтағы бір-бірімен вебралды қарым-қатынас жасайды, қимыл – қозғалысқа түседі. Сергіту сәті бірге өтеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол

жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!