Тақырыбы:«Желтоқсан – тәуелсіздіктің
бастауы»
Мақсаты:
Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен
бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы
танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын
ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін
күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан
құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын
жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам
өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік
сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге
және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді
үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету,
достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын
ояту.
Көрнекілігі:
1.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының
суреті. Жалаушалар.
2.
Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
3. видео
Барысы: Әнұран
орындалады.
1 -
жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер!
Тимофеев орта мектебінің МАД
тобының оқушылары дайындаған «Желтоқсан – тәуелсіздіктің
бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл
еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік
алғанымызға 24
жыл толып отыр.
2 - жүргізуші:
- Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі
мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген
ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
1 - жүргізуші:
- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан
оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта
қоймас.
2 -
жүргізуші:
- Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді
өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін-
еркін сөйлеуің деп түсінемін.
1
- жүргізуші:
-Бүгін Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған Қазақстан қалалары
арасындағы телекөпір бағдарламасын көруге шақырамыз.Телекөпірді
Қостанай облысы Тимофеев орта мектебінде
өткіземіз.
2 -
жүргізуші:
- Ең алдымен бас қаламыз Астана
қаласындағы қонақтарға сөз берейік, өйткені Астана- ел ордасы,
біздің астанамыз ғой.
Астаналық
қонақтар:
-Сәлеметсіздер ме! Біз Астана
қаласынан сөйлеп тұрмыз. Астана- Қазақстан Республикасының
астанасы, әсем, жас қала. Астанада елбасы- Н. Ә. Назарбаев тұрады
және жұмыс істейді.
- Біз тәуелсіз елдің түлегі
болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Отан –
далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.
- Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені,
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді
бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. 16-Желтоқсан- Қазақстан
тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын
әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық
мереке.
1 -
жүргізуші:
- Осы орайда бізге телефон
шалғандар бар. Олар сіздерге телефон шалып
жатыр:
-Елбасының қызметі ауыр
ма?
Жауабы:
-Елбасы Қазақстан халқына
жақсылық болсын, әрқашан да бейбітшілік болсын
дейді.
2 -
жүргізуші:
-Рахмет. Ендігі сөз кезегін
Алматыдағы қонақтарға берейік. Солармен байланыс
жасайық.
Алматылық
қонақтар:
--Сәлеметсіздер ме! Біз Алматы
қаласынан сөйлеп тұрмыз.
Алматы оңтүстік астана болып
есептеледі. Бізде әйгілі Медеу мұз айдыны бар. Онда барлығы келіп
коньки тебеді, дем алады.
- Ежелден – ақ жақсылықты
Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол
пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл
бұйырған. Ол қиырдан бұл қиырға, дейін жайылған маңғаз елдің кең
байтақ жеріне жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Өз тілін,
мәдениетін дамытамын деген қазақ халқына мүмкіндік
бермеді.
1 -
жүргізуші:
- Осы орайда бізге телефон
шалғандар бар. Олар сіздерге телефон шалып
жатыр:
-Желтоқсан оқиғасы Алматыда
болғанын бәріміз білеміз. Оған кімдер
қатысты?
-Осы қазақ халқының жері
болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың
ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы,
Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың
аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп
тұр.
2 -
жүргізуші:
-Рахмет. Осы мерекеге 2
қаланың дайындаған іс-шарасын көрейік.
-
Астана қаласына сөз
береміз.
1-оқушы:
Тәуелсіздік – менің
байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
2-оқушы:
Тәуелсіздік – сәбилердің
шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
3-оқушы:
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
4-оқушы:
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
Би: «Қамажай»- қыздар
биі.
Ән: «Ойыншықтар»
-Алматы қаласына сөз
береміз.
1-оқушы:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
2-оқушы:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
3-оқушы:
Тәуелсіздік мәңгілік
сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
4-оқушы:
Тату – тәтті бірлік болып
қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Би: «Қамшы»- ұлдар
шығады.
Ән: «Қошақаным»
1 -
жүргізуші:
-Рахмет. Енді сөз кезегін
Қостанай қаласына берейік. Қостанай өңірінде де мерекелік
іс-шаралар өтіп жатыр. Қостанай облысы Тимофеев орта мектебінің МАД
тобы көрме дайындаған (көрмеге шолу жасау) және олардың дайындаған
көрінісін көрейік.
Көрініс: «Егемендік деген
не?»
(Әжесі мен немересі .
Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде
жүгіріп немересі келеді.)
Немересі: - Әже,
не ойлап отырсыз?
Әжесі: -
Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын,
еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы
ойлаймын.
Немересі: - Әже,
өткен өмір деген не?
Әжесі: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау
ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы,
тарихы емес пе?
Немересі: -
Ал, ол қандай болған?
Әжесі: - Ендеше, тыңда балам, әжең
бір сөйлесін.
Болмаса да оқыған тарихшы атам,
Жинады ескілерден тарих
хатын.
Мақсатым, кейінгі ұрпақ
ұмытпаса,
Айтылған аталардың
аманатын.
Сондықтан балам, сен де өз
тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз
Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады
бұл тарих.
Әжесі: - Бұған да тәубә. Егемендік
алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: - Әже,
«Егемендік» деген не?
Әжесі: - Егемендік – «иесә мен» деген
сөз,
Егемендік ел болудың
белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең
күні,
Егеменді деген сөзден
естілер,
Ата жұрттың арғысы мен
бергісі
– Міне «Егемендік» деген осы.
Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз,
жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің
келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр.
Ұмытпаңдар, айналайын ұрпақтарым!
Оқушы:
Әр қазақтың есінде
сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған сарбаздарым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
-Осымен тәуелсіздік күніне арналған МАД
тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет.
Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман
болсын.
Қорытынды:
Біздің президентіміз –
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да,
мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең
бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын
біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының
бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті,
ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол
жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар
болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек
етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Ән: «Жаса Қазақстан».