жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ " Жібектің жайын сұрасаң..." 7-сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көне Күндерден жеткен жәдігерлер |
Мектеп: |
||||||
|
Күн: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мырзахметова Р. |
||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
«Жібектің жайын сұрасаң» |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізіле-тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау (7.А/И3). |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: шығармадағы көркемдегіш құралдарды (қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) анықтайды. Оқушылардың көбісі: шығармадағы көркемдегіш құралдарды (қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) түрін ажырата алады. Оқушылардың кейбірі: шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысына талдау жасайды. |
||||||
|
Тілдік мақсат |
Пәнге тән лексика мен терминдер:Лиро-эпостық жыр,бақытқа жету, махаббат |
||||||
|
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: менің ойымша...; салыстыра қарғанда...; өмірмен байланыстыратын болсам...; бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі... |
|||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
мәдениеттану, тарих: ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар. |
||||||
|
Бастапқы білім |
зар заман, зар заман ақындары туралы білетіндері сұралады. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы |
«Сенімділік» жаттығуыарқылы ынтымақтастық атмосферасын құру. Шарты: оқушыларға ақ парақтар таратылып, ортасынан екіге бөлу тапсырылады. Бір бөлігіне өздерінің жақсы қасиеттерін, екінші бөлігіне жағымсыз қылықтарын жазады. «Балалар, осы парақтың сіздердің жақсы азамат не азаматша болып өсуіңізге көмектесетін бөлігін жыртып, өзіңізге алып қалыңыз, екінші бөлікті (жағымсыз қылықтарды) умаждап, қоқыс жәшігіне салыңыз. Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады. |
|
|||||
|
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі |
«Қыз Жібек» жырын талдау жұмыстарына дайындықтарын еске түсіру
Бағалау критерийі Білім алушы
1-тапсырма ЖЖ. Жұптарға өлең жолдары бөлініп беріледі. Олар өлең жолдарынан көркемдегіш құралдарды (символ, синекдоха, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) тауып, төбесіне көркемдегіш құрал түрін жазып қояды. 2-тапсырма ТЖ. Оқушылар топқа бірігеді. Мәтіннен тапқан көркемдегіш құралдарды талқылап, «Фишбоун» әдісі арқылы сызбаға түсіреді. Сынып алдында қорғайды.
басы – тақырыптың мәселесі; үстіңгі сүйектері – көркемдегіш құрал түрлерін жазу; астыңғы сүйектері – көркемдегіш сөздерге мәтіннен тапқан мысалдарды жазу; құйрығы – шығарманың көркем тілі жайлы түйінді сөз. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы мүмкін. «Қол сигналдары» әдісі арқылы кері байланыс орнату |
«Қазақ әдебиеті» оқулығы |
|||||
|
Сабақтың соңы |
Үйге тапсырма: жырды қайталап оқу Рефлексия
Мүлде Сенімсізбін Аздап Сенімдімін Сенімім зор |
|
|||||
|
Саралау – оқушыларға қалай қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
|
Деңгейлі сарамандық тапсырмалар беру; |
«Қол сигналдары» әдісі арқылы |
«Сенімділік» жаттығуыарқылы ынтымақтастық атмосферасын құру. |
|||||
|
Сабақ бойынша рефлексия. Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушылардың барлығы ОМ-ға қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
|
||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген