Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс(1837-1847)
Сабақтың мақсаттары.Білім беру: Ресей империясының отарлау саясатына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың ерекшеліктері, алғы шарттары, сипаты , қозғаушы күштері, жеңілу себептері, тарихи маңызына талдау жасау,білім беру.
Тәрбие беру: Қазақ тарихындағы осы оқиға жайында айта отырып баба рухын құрметтеуге , Отан сүйгіштік, ұлтжандылық сезімдерге ,саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тарихи фактілерді талдау, шешім қабылдау, салыстыру, тапқырлық қабілетін жетілдіру, танымдық ғылыми деңгейін дамыту. Өз бетінше ізденуге түрлі дерек көздерімен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: ізденіс, зерттеу сабағы
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақтың оқыту әдістері: АКТ. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. интерактивті оқыту. Студент ізденісі, мұғалімнің толықтыруы, талдау,топтау,жинақтау,жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,карта. Тірек-сызбалар,суреттер, слайдтар. «Кенесары» бейнематериалы.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті,география.
Мамандықпен байланыстырылуы: Байланыстырылады. Исатайдың хатшысы Шөрек туралы, Кенесарының ,Наурызбайдың хатшылары жайында мәлімет айтылады.
Сабақтың барысы мен мазмұны.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Сабақтың мақсаттары мен жоспарын хабарлау.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІV.Жаңа сабақты түсіндіру.
V.Жаңа сабақты бекіту.
VІ Қорытынды бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма.
ІІІ.Студенттер алдын ала 3 топқа бөлініп іздену,зерттеу жұмыстарының тақырыптары берілген. (Топтық жұмыс студенттердің бір-бірінің ойын жалғастыру арқылы жүргізіледі.Оқытушы студенттің жауабын кез-келген жерден бөліп келесі студентке ары қарай жалғастыруын өтінеді.)
Бөлінген топтар:
1. Тарихшылар тобы: тақырыптың мән - жайын
түсіндіреді.
2. Зерттеушілер тобы: картадан көтеріліс
болған аумақты көрсетіп, шартты белгімен
белгілейді.
3. Әдебиетшілер тобы:Махамбеттің өлеңдерін
оқиды,күйлерін зерттейді.
Жеке ізденіс жұмысы үздік оқитын студентке берілген: «Жәңгір ханның тарихымызда алатын орнын зерттеу»
Қосымша зерттеушілер тобына : кесте толтыру.
|
Көтерілістің туындау себептері |
|
|
Көтерілістің мақсаты |
|
|
Қозғаушы күші |
|
|
Көтеріліс қамтыған аймақтары |
|
Әдебиетшілер тобына : кесте толтыру.
|
Көтеріліс болған уақыт |
Болған оқиға |
Тарихи маңызы |
Жалпы қойылатын сұрақтар:
-
Махамбет Өтемісұлының 1824 - 28 ж. Қызметі ?( Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды).
-
Жәңгір хан Махамбетті өз жағына тарту мақсатында оған қандай лауазымын ұсынды.? (старшын)
-
Махамбеттің Орынборда оқыған баласы кім? (Нұрсұлтан)
-
1838жылы Исатай дүниеден өткен жер.(Көшентоған деген жерде дүниеден өтті.)
-
Исатайдың ханға, Орынбор мен Орал
ұлықтарына жолдаған хаттарын кімдер жазған?(Махамбет пен баласы Жақия жазып беріп отырған) -
Исатайдың хатшылары кімдер? (Төлек пен Шөрек деген екі хатшы ертіп жүрген. Шөректің әкесі - Шолақ. Ол Исатайдың жорықтас досы .Ығылман Шөрековтің «Исатай -Махамбет» дастанын атышулы көтеріліс жайындағы қазақ арасында сақталып қалған бірден-бір жазбаша нақты дерек)
-
Исатай батыр Жәңгір ханның Жасқұстағы Ордасын неге шаппады?
Исатайдың ашық күреспен орданы алу ниеті болған емес. Оны қолдайтын старшындардың көпшілігі Жәңгір ханды жоюды көздеген жоқ.
Исатайдың әкесі Тайман батыр Бөкей ханмен сыйластықта болып, оның хандығының іргесін нығайтуға, Еділ - Жайық аралығын қазақтың тұрақты мекеніне айналдыру саясатына қажырлы қолдау жасағанын, бұл арақатынасты жоғары бағалаған Бөкей хан өз тілегімен ұрпақтарының болашақта Тайман батыр ұрпақтарымен достықта болуына батырмен баталасқанын, бұған Исатай мен Жәңгір куә болғанын, келе - келе аралары суып, алшақтай бастағанын, жеме - жемге келіп, мәселе ханды шабуға тірелгенде қазақи ата дәстүрді қатты сыйлайтын, сертке берік Исатай әкесі Тайманның батасын аттап, аруақты қорлауға Жәңгірді өлтіріп, оның қанын көтеруден тайсалып қалуы да мүмкін.
Жаңа сабақ.
Жоспар:
1.Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
2.Көтерілістің барысы
3.Кенесарының хандық билігі
4.Көтерілістің маңызы мен жеңілу себептері.
Қозғалыстың алғышарттары
XIX ғасырдың 20-жылдарында бұрынғы Бөкей хан мен Уәли ханның иеліктерін біріктіріп, Қарқаралы округін құру едәуір саяси-әкімшілік жаңалықтар енгізді. Мұның өзі патша өкіметіне Орта және Ұлы жүз арасындағы жерлерді тездетіп отарлауға, оның қазақ даласындағы иеліктерін нығайта түсуге мүмкіндік берді. Патша өкіметінің бұл шаралары қазақ халқының мүддесіне қайшы келетінін, бара-бара қазақ мемлекеттілігінің жойылатынын қазақ халқының көреген қайраткерлері болжай білді.
Уәли хан өлгеннен кейін ханның жесірі, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың әжесі ақылды, көреген, өз заманына лайықты сауаты бар Айғаным патша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің Сібір комитетімен және Азия департаментінің шенеуніктерімен жиі хат хабар алысып тұрды. Бірақ Айғаным қанша қабілетті болғанымен, халықтың патша өкіметіне деген қарулы наразылығына басшылық ете алмайтын еді. Осындай күрделі де қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кішісі Қасым сұлтанға жүктелді. Оның бел балалары — Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопай, Құшақ және Кенесары бәйбішеден, ал Наурызбай тоқалдан туған еді. Бұлар патша өкіметінің Қазақстанды отарлауына қарсы жиырма жыл бойы жүргізілген ауыр да қиын күрестің белсенді қатысушылары, ал Саржан, Есенгелді, Кенесары сол күрестің ұйымдастырушысы әрі басшылары ретінде тарихта қалды. Осы ұлт-азаттық қозғалыстар патша өкіметінің режіміне аса зор моральдық-саяси апат әкелді.

Патша өкіметінің округтік тірек пункттер құру туралы шешіміне ашық қарсы шығып, Көкшетау өлкесіне беделімен белгілі болған Қасым сұлтан еді. Ол өзінің 1825 жылы 14 маусымда Орынбор генерал-губернаторына және басқа да жоғары биліктегі шенеуніктеріне жазған хаттарында патша өкіметінің, оның Омбыда отырған облыстық бастығының қазақ жерінде қазақтарды отарлау үшін салдырып жатқан тірек пункттерін жоюды талап етті. Орталық және Солтүстік Қазақстанды қамтыған көтерілістің кең етек алуына сұлтандар Ғұбайдолла мен Саржан себепкер болды. Саржан жасақтарының арасында жас сұлтан Кенесары да бар еді. Ол сол кездің өзінде-ақ бостандық туралы ойларымен көзге түсті, кейін Орталық Азиядағы түркі халықтарының «тәуелсіздік жолындағы күрескері» болды.
Саржан сұлтан бөлек-бөлек әрекет етіп жүрген жасақтарды біріктіріп, патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы белсене күресті. Жазалаушы отрядтың қысымынан ығысып, әрі Қоқан бектерінің Ресей отарлаушыларына қарсы бірігіп күресеміз дегеніне сеніп, ол өзін қолдаушылармен бірге Қоқан хандығының иелігіне барып қоныстанады. Алайда Қоқан бектері бұрын берген уәделерінен тайып, әрі патша өкіметіне жақсы көріну үшін, 1836 жылы Саржан сұлтан мен оның қасындағыларын жауыздықпен өлтіреді. 1840 жылы сол Қоқан билеушілерінің арандатуынан Қасым сұлтан мен оның жақындары қаза табады. Алайда Қасым сұлтан мен оның балаларының отаршылдыққа қарсы бытыраңқы сипатта жүргізген күресі тоқтап қалмады. Қайта оны әлдеқайда ұйымдасқан сипатта әрі кең көлемде Кенесары (1802—1847 жж.) сұлтан жалғастырды.
|
Көтерілістің негізгі мақсаты |
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. |
|
Көтерілістің басты себептері |
Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі. |
|
Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты |
Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды. |
|
Көтерілістің қозғауыш күштері |
Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін |
Кенесары Қасымұлы —ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы болып енді. Патша өкіметінің отарлау саясатында 1822—1824 жылдардағы Сібір, Орынбор қазақтары туралы Жарғылар қабылданғаннан кейін, Қазақстанның қалған аудандарына қауіп төнген болатын. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалысын басқаруға талап қылған Кенесары сұлтан қазақтың қалған жерін отарлаудан сақтап қалуға әрекет жасады. Бірақ ол бұл әрекетін әуелі бейбіт жолмен шешуді көздеді.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктаржәне басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді.
Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерінүйретті.
Үкімет әскерінің өздерінің ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасағанына қарамастан, Кенесары патша үкіметінің Қазақстаңдағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
«Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
Орынбор генерал-губернаторына жазған хаттарында:
«Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын»
«Біз достық пен ынтымақта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді»
десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады
Кенесары Қасымұлы патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патшаның өкімет орындарына жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды он бес рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан-таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол себепті де мен — Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», — дейді.

Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы
Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қоғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.
Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды.
«Кенесары» бейнематериал көру.
Жаңа сабақты бекіту.
1. 1837–1847 жж. болған көтеріліске кім басшылық еткен?
Кенесары Қасымұлы
2. Кенесарының сенімді серігі болған кім?
Наурызбай
3. Кенесары Қасымұлы басшылығымен болған көтеріліс қашан болды?
1837–1847 жж.
4. Кенесары қашан хан сайланды?
1841 жылы
5. Кенесары көтерілісінің негізгі мақсаты неде?
Тәуелсіз қазақ хандығын құру
6. Кенесары қозғалысының негізгі қозғаушы күштері кімдер?
шаруалар
7. Кенесары қазақ хандығын жеке мемлекет ретінде құра алды ма?
хандықты қайта құрды
8. Хан маңындағы кеңесші орган:
Хан кеңесі
9. Орта жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы бас көтерулері неден басталды?
1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы жарғыдан»
10. Егіншілер қандай салық төледі?
Ұшыр
11. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр,Амангелдінің атасы?
Иман батыр.
12 Көтерілістің тарихи маңызы?
Ғаламтордан дерек іздеу. (Студенттер жұмыс жасап жатқанда Махамбеттің күйі қойылып тұрады.)
1. Тарихшылар
тобына: 1837-1847ж.ж. көтерілістегі
Кенесарының қарындасы?
2. Зерттеушілер тобына:Кенесары ханның
әйелі,балалары туралы..
3. Әдебиетшілер тобына: Қенесары туралы
қандай оқулықтар, өлеңдер бар.
VІ. Сабақты қорытындылау: Түсінік бере отырып оқушыларды бағалау.
Жеңімпаз
топ. 
Бүгінгі
сабақтың үздік студенті 
Ең
ізденімпаз студент
![]()
Картаны
шебер меңгерген студент ![]()
Ең жылдам
жауап беретін студент ![]()
т.б. номинацияларға смайликтер сыйлау.
Үйге тапсырма. «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбына ізденіс жұмысын дайындау.
Үздік оқитын студенттерге жеке ізденіс жұмысы. «Кенесары ханның ұрпақтары »
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ " Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс(1837-1847)"

шағым қалдыра аласыз